Биссимилла еді сөз басы, Әлемнен асып озбашы. Қайғылы болған сұм басым Іштегі шерді қозғашы. Әуеден ұшқан сұңқарым, Жылқыда жүйрік тұлпарым. Еркінім сенен айрылып, Түгемей кетер мұң-зарым. Тізем бір отыр бүгіліп, Қабырға-қолым сөгіліп. Арманда кетіп жас есіл, Көзімнің жасы төгіліп. Қолымда тұрған асылым, Артықша туған нәсілің. Жалындап туған қас жүрек, Су сепкендей жасуын.....
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ. Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту бүгінгі күннің басты міндеті. Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа бәсеке қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. «Тұрмыс – ақшаға» тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де шешілуі табылғандай.Еліміздің басын жүйесінің әлемдік стандарттарға сай дамуы экономиканың салалрына көптеген ақша-қаражаттарының келуін қамтамасыз етуде. Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші «халықтың жинақ ақшасы» деп өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі танның өзінде де өз күшін орнамағанына еріксіз мойын. Екінші деңгейлердегі банктарда шығарылған халықтың жинақ ақшасын экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың қатынастарға көшуіне байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасын тұрақтандыру қажет болды. Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезең басталды. Жабылған кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы қажет. ....
Кіріспе Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек.....
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражатын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айрылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіріеді. Несиелік жүйе «ертегідей күшкең ие болып отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы ң мүмкін. Карл Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуінең назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың түйіні екені ескеріледі. Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады. ....
Банктік қызметтің қазіргі таңдағы экономикамыздағы алатын орны ерекше. Банктік қызметті мемелекеттік реттеуді жетілдіру жолында 2003 жылы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы негізінде банктік қызметті мемлекеттік реттеу жаңа жүйеге негізделіп, іс жүзінде асырылуда. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А. Г. Сайденовтың пайымдауынша «Бүгінде Қазақстан қаржы жүйесінің қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып банктік сектор табылады...»1. Халықтың және заңды тұлғалардың қаражатын тарту, онымен түрлі қаржылық операцияларды жүзеге асыратын институтттар ретіндегі банктердің ерекшеліктерін ескере отырып, банктің банкроттығы –– бұл оның салымшылары мен клиенттерінің тойтарылмайтын банкроттығы екендігін аңғару қиын емес. Банкроттық қатері төніп тұрған немесе банкроттыққа ұшыраған банк өз салымшыларының қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақыны айтпағанда, ол бойынша негізгі қарызды өтеуге мүмкіндігі болмайды. Осыдан банк салымшылары мен клиенттерінің мүдделерін қорғау механизмін құру мәселесі туындайды. Мұнда қоғамның мүддесі жөніндегі мәселені шешуде мемлекет ерекше рөлге ие болады. Аталмыш мәселе қазіргі таңда өзектілікке ие болып отыр, өйткені республикамызда банктік қызметтің дамуымен қатар жеке тұлғалардың салымдары мен заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі де өсу үстінде. Сонымен қатар, банктер мемлекеттегі төлем айналымының дамуына өз септігін тигізеді. Бүгінде, Қазақстандағы банктік қызмет аясындағы мемлекеттік басқару процестері өтпелі нарықтық кезеңдегі аса күрделі реформалар мен ұзаққа созылатын әр қилы түрлендірулер ауқымында жүзеге асырылуда. Егемен елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан нарықтық түрлендірулерге орай нарықтық экономиканың аясындағы банктік қызметті басқару реттеуге айтарлықтай назар аударылып, тиісті заңдар шығару ауқымын кеңейту шаралары көзделіп отыр. Сонымен бірге банктік қызмет аясын мемлекеттік басқару мемлекеттік қаржы, валюта, ақша-кредит саясатын, оның ішінде монетарлық саясатын, оның ішінде монетарлық саясатты жүргізудің тиімді құралы ретінде танылғандықтан және түбегейлі реформаларға байланысты өзекті проблемалары мен мәселелері көп мемлекеттік қызмет болғандықтан, сондай-ақ мемлекет пен қоғам мүдделері тұрғысынан алғанда қажеттілігіне байланысты қазіргі кезде алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан Республикасының елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан –– 2030» –– барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөнінде Қазақстан халқына жолдауында: «экономиканы ілгерілеті мақсатында таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтаруға, фискальді және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз ....
КІРІСПЕ Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттр мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтармен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.....
Негізі мен қарапайым студенттің бірімін. Және басымнан өткен жағдайда соншалықты да ерекше емес, бірақ мен өзімді кінәлі сезінемін. ОЛ жігіт маған 3-4 ай бойы өзінің жақсы көретінін айтатын, білдіретін. Өзі жақсы жігіт, сүйкімді.Жәнеде екеуміз бір оқу орнында оқимыз,оны күнде көремін. Бірақ жүрекке әмір жүреме? Мен оған қаншама рет өзімнің оны сүйметінімді айтқан болатынмын. ОЛ болса оны менің жүрегім түсінбейді деп айтатын.
Ол журекке қалай түсіндірерімді білмеймін,қалай жеткізем деп жүргенде онымен ашық түрде сөйлестік. Екеумізде бұл жағдайға кім кінәлі деген сұрақпен ой үстінде тұрдық. Үнсіздіктің арты сөзбен бәрінде түсіндіремін, жігіт жүрегін жараламаймын д еген қыздың, яғни менің барынша оған тусіндіргім келетін сөздеріме ұласты... Ол бірақ тағыда өзінің не болсада сен сүйемін, және бұлай ешкімге ешқашан ғашық болмағанын айтты. Менің тіпті оған айтар сөздерімде таусылды. ОЛ менен өзін не себептен ұнатпайтынын сұрады. Оның себебі бір жанға байланысты еді... яғни басқа жігітті ұнататынымды айттым. Иә ол сонымен бақытты бол деген сөзімен қоштасып кеткендей болды. Ал мен болсам оған бір жағдай болып қалама деп қорықтым. Иншаллах олай болмады......
Кіріспе Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады. Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады. Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам. Ал, Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал. Бұл екі ұғым осы курстық жұмыстың ұғымдарының субъектілері болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Сондықтан да кәсіпорындар үшін де инвестиция негізгі қажеттілік болып табылады. Алайда инвестиция қажеттілік ретінде қолайлы стратегия мен тактиканы талап етеді.....
Мөлдір — мектеп жасындағы жасөспірім қыз. Әкесі ол бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде ауылдағы жалғыз ауруханаға практикаға келген бір бойжеткенге ғашық болып, үш баласы мен келіншегін тастап, сол сүйген адамының соңынан қалаға кеткен. Содан бері ауылға ат ізін салған жан емес. Жалғыз шешесі бастапқы кезде тосын қайғыдан есін жия алмай, елге қарауға беті болмай, қатты намыстанып, туыс-туғанмен қатыспай, той-томалаққа да бармай, томаға-тұйық жүрді.Кейін келе өзі сияқты күйеуі басқа әйелге кетіп қалған жалғызбасты әйелдермен жиі-жиі бас қосып, арақ-шарап ішіп, таң атқанша барқырай ән салып, балаларының бар-жоғын ұмытып кететін болды. Үйге қарауды мүлде қойды. Есіктен төрге дейін шашылған төсек-орынның кірден түсі көрінбейді. Бағатын адам болмаған соң, мал құтая ма, сауып отырған жалғыз сиыр да, оншақты қой-қозы да бір жылға жетпей, жоқ болды. Өлгені өлді, өлмегенін ұры әкетті. Әйел түгілі еркек жеңе алмаған арақ бірте-бірте Мөлдірдің анасын да біржола өзіне тәуелді етті. Бас жазатын арақ алуға ақша таппаса, бар ыза-кегін үш баласынан алатын, қыз-ау, кішкентай-ау деп аямай, қолына не түссе сонымен ұрып-соғатын. Ал қарғап-сілегенін естіген адамның төбе шашы тік тұрады. Оған “Қарағым, қой, балаларыңды ойла” деп, ақыл айта келген туыс-туғанның көңілі қалғаны соншама, олар бұлардың босағасынан аттамайтын болғалы қашан! Киімі алба-жұлба, үйінің іші-сырты қоқыс, балалары аш-жалаңаш әйелдің бар ойы – арзан шарап болса да, бірдеңе тауып ішу. Адам сияқты ойланудан қалған әйелдің құлқынын тесіп бара жатқан жалғыз нәрсе – ол тек ішу, мас болу ғана. Қақаған қыста отынсыз үйде дірдек қағып шыққан ашқарын балаларын анасы аямағанда, кім аясын? Көршілері де олардан баяғыда теріс айналған. Балалардың ішінде бас көтерері – Мөлдір......