Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.
Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.
Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды. .....
Алдымыздағы шілденің 10-ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.
«Еңбекшіл қазақтың» 154-санында емле туралы. 178, 179- ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.
Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. Сонымен әркім .....
Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінің 1998 жылғы 31 шілдедегі № 31,32 сандары “Дархан даланың данышпан ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 140 жаста” деген айдармен жарық көрді. Газеттің сол сандарында белгілі журналист Амангелді Қаңтарбайұлының “Ескелді естеліктері” басылды. “Күтпеген қонақтар”, “Өртке оранған өңір”, “Қой қырғыны” атты үш әңгімеден тұратын естеліктер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ерекше қасиетін айшықтауға арналған құнды дүниелер. Автор өзінің балалық шағында үйлерінің Мәшекеңнің зират үйімен көрші қоныстанғанын баяндайды. “Әлі есімде өте кедей едік, тістеуік жирен биеміз, екі лағы бар қара қасқа ешкіміз болды. Неге екенін кім білсін, біздің үйде ыдыс- аяқ та жетімсіз болатын.
Балта да жоқтын. Оның бәрі есімде қалғаны жолаушылап біреу- міреу келе қалса, шешем мені Мәшекеңдікіне жұмсайтын .” Осы жолдарды оқығанда еріксіз ойға қаласың. “Апырай, Мәшекеңдікіне жұмсайтын”- деуіне қарағанда, айнала төңірегін мекендеген тірі адамдар Мәшекең аруағын қастерлеумен одан тура мағынасында қолқайыр да көрген екен- ау. Мәшекеңнің бейіт үйінен ағаш жаруға балта, үйге келген қонаққа ыдыс- аяқ алулары соның айғағы емес пе?! .....
КІРІСПЕ Тап осы дипломдық жұмыстың тақырыбы – Түркістандық археология әуесқойлары және Қазақстан аумағындағы оның қызметі (ТАӘҮ). ТАӘҮ 1895 жылы Ташкентте білімін жетілдірді және 1895 жылы жергілікті әуесқойлармен –өлке зерттеушілерімен және қоғамдық ғылыми өлкетанулық ұйым Түркістандағы археологиялық ескерткіштерді зерттеумен шұғылданды. Бұл үйірме Қазақстан халқына және Орта Азияда мәдениетті зерттеу ісінде маңызды мұра қалдырды және келесі жылы көптеген тарихшылар мен археологтар ТАӘҮ-де сақталған материалдарына назар аударған. Қазақстан аумағында ғылыми жариялаулар және басқа да қызметкерлер бұл үйірмеге көңіл бөлді, бірақ көп болмады. Дәл осылай 1936 жылы Узкомстариса материалдарында М.Е.Массона мақала жариялады. Бұл мақала «Тарихтағы ерте түрік руникалық жазулардың Орта Азияда ашылуы» деп аталды. ТАӘҮ архивтік материалдарына және В.А.Каллуар жариялаған хабарлауларына сүйеніп, таластық тастардың бірінші ашушысының ерте түркі жазулары мен М.Е.Массон ескерткіштердің таластық этнографикалық ашулары көпшілікке тарих туралы мәлімдеулер берді. 1953 жылы В.А.Крачковскийдің «Орта Азия этнографикасы» деген мақаласы жарияланды. Осы жұмыста автор эпиграфикалық ескерткіштердің негізгі бағыттарымен және ТАӘҮ мүшелерінің жұмыс нәтижелерін қысқаша айтып мазмұндайды.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия Сабақ тақырыбы: Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу Сабақ мақсаттары: • Нәруыздердің құрылысын білу • Химиялық қасиеттерін анықтау • Нәруыздердің тірі ағзалардағы қызметтерін зерттеу • Нәруыздерді жіктеу ......
Күн кешке айналса-ақ, шеткі құрым үйдің қасынан күңгірлеген домбыраның қоңыр үні шығады. Домбыра қоқыр күймен ақырын ғана сарнап ызың қағады да тұрады. Оның даусы серпіліп жоғарыға шырқайды. Баяулап төмен де түспейді, бір қалыппен ырғалып, күңіренеді де тұрады.
Бұл дауыс, бұл күй, бізге көптен таныс, көптен құлағымызға сіңген күй. Оны кім тартып отырғанын біз кісіден сұрамай-ақ білеміз.
Кешке домбыра тартылып қоңыр күй шықса Ырысбай қарт екен дейміз. Домбыра тартылды дегенше-ақ, Ырсекең қасына баралық деп жүгіре жөнелеміз...
...Міне, домбыра даусы шықты. Біз жиналып алып соған қарай жүрдік. Күндегі домбыра, күндегі күнмен талас тартылатын қоңыр күй, күндегі ыңыранып ән салатын Ырысбай қарт, оның тартатын күйінде де, отырған отырысында да өзгеріс жоқ. Кірлеген ақ домбырасы қолында; теңселіп, ыңыранып отыр.
Ағытылып айтылып отырған өлең де жоқ, толықсып көкке өрлеп құйқылжыта салған ән де жоқ. Тек қана ыңыранған өлеңнің, баяуланған әннің жобасы, сарыны ғана.
Осылай отырған Ырсекеңнің қасына келіп сәлем береміз. Ол иек қағады да қояды. Келген бізді көзінің астымен бір шолады да домбырасын тарта береді.
— Беу, Ырысбай-ай, неғып күңірентіп отырсың домбыраңды,— дейді. қасына келіп, Жанақ.
— Еріккеннен тартып отыр дейсің бе, несіне сұрайсың соны,— дейді қарт. Кәрі саусақ пернеден пернеге жүгіріп, қоңыр күйді баяулатып тарта береді. Ол домбыра тартып отырғанда, ыңырсып домбыраға қосылып отырады. Анда-санда көзін жұмып бала тербетіп отырған адамдай-ақ теңселіп, ырғалып қояды.
Ырысбай қарттың қоңыр күйін, біз бала шағымызда тыңдадық қой, сондықтан оның толық мәнісіне түсінбейді екенбіз. Тек қана өзді-өзіміз ойнағанда Ырысбай болайын ба деп, ақ ағашты қолымызға ұстап еу-еу деп ыңырсу үшін, терең ойлы кәрияның қызық мінезін келемеж ету үшін ғана оның қасына жиналады екенбіз. .....
— Бұл — сол әйелдің дәл өзі. Оған менің титтей де күмәнім жоқ!
Капитан Хэйдок досының сабырлы жүзіне бұрылып бір қарады да, күрсініп қойды. Оның «тек өзімдікі дұрыс» деп қасарысатын бірбеткей мінезін іштей ұнатпайтын. Теңізде өткізген көп жылдар кісі ісіне қол сұқпауды жақсы үйреткен еді. Ал қылмысты істерді тергейтін бөлімнің бұрынғы инспекторы, бұл күнде марқұм болып кеткен Эванстың өмірге деген көзқарасы мүлде басқаша болатын.
— «Істі қолға түскен деректерге сүйене отырып, тергеу керек» дейтін қағида — Эванстың жас кезінен бергі ұраны-тын. Келе-келе ол ондай деректерді өзі іздеп табатын дәрежеге де жетті.
Қылмысты істерді тергеу мекемесінің инспекторы Эванс ақылды, көзі ашық офицер болатын. Лауазымы да таза еңбегінің арқасында көтерілген. Тіпті бертінде, инспекторлық қызметтен біржола қол үзіп, ұзақ жылдар бойы армандаған саяжайға қоныс аударғаннан кейін де, сезімталдығы мен кәсіби түйсігі сақталған еді.
Бір көрген адамды жазбай танимын дегенді мақтанышпен, бірнеше дүркін қайталап:
— Иә, бұл сол Энтони ханымның дәл өзі. Сіз Мероудии ханым дегенде-ақ мен оны бірден тани кеттім,— деді.
Капитан Хэйдоктың мазасы кете бастады. Себебі, Мероудиндер оның ең жақын көршілері болатын. Ертеректе болған аты шулы оқиғаның бас кейіпкері мен Мероудин ханымның бір адам болып шығуы оны шынымен қатты толғандырған-ды.
— Ол оқиғадан бері талай жыл өтіп кетпеді ме?— деді бәсең үнмен.
— Тоғыз жыл болды,— деп, іле жауап қатты Эванс.— Тоғыз жыл, үш ай. Оқиға есіңізде ме?
"Тисса" зиратының кәрі директоры бәрі дайын болды ма, жоқ па, көрейін деп, ақырын аяңдап үйден шықты.
Ол өзінің қарауындағы осынау қаралы жердің қойнына талай мәйітті шығарып салған, олардың көпшілігін танымайтын да; бірақ танысын-танымасын, алдынан өткен кімге де болса бас иіп, тағзым етіп тұратын әдетінен бір жаңылған емес. Директор үшін өлім жөнелту күнделікті, үйреншікті жағдай еді, солай бола тұра әрбір жерлеу рәсімі оған мына жалғанның тұрақсыз да тұрлаусыздығын еске салып, неге екені белгісіз, қатты толқытатыны бар.
Оның ең жақын досы дәрігер Септимус Годвиннің дүние салғанына жиырма жылдай уақыт өткен, ол өзі тірлігінде арсыздау, сонымен қатар арманшыл, желөкпелеу адам болатын, оның ақылы нақылға айналғаны, адамды бірден баурап әкететін ерекше қасиеті туралы да әңгіме көп-тұғын. Енді міне, оның баласын жерлегелі жатыр.
Дәрігер Годвин өлгеннен бері директор оның жесірін бірде-бір рет көрмеген, өйткені ол әйел бұл қаладан бірден кетіп қалған, бірақ қою қара шашты, ұшқын атып тұратын қоңыр көзді, ұзын бойлы сол әйел бұның есінде жақсы қалып еді. .....