Әңгіме: Ширек ғасырлық шарықтау


2015 жыл еліміздегі маңызды оқиғалардың жылына айналғаны белгілі. Өткен қой жылы Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Жеңістің 70, классик ақынымыз Абайдың 170 жылдығы мерекелері кеңінен аталып өтіліп, ұлттық рухымызды жаңғырта түсті.

Осындай мерекелер шеруі 2016 жылы да жалғасын таппақ. 1991 жылғы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік күні еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған еді. Міне сол атаулы мерекеге биыл 25 жыл толмақ.

Бұл мерзім тарихи тұрғыдан алғанда ұзақ та емес. Бірақ осы ширек ғасыр аясында еліміздің қол жеткізген табыстары таң тамаша қалдырады. Елімізде осындай ұлы өзгерістердің жасалуына аса құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз.

1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін «Қазақстан сыртқы күштерге сүйенбей жеке мемлекет ретінде өмір сүре алмайды» деген сәуегейсымақтар шықты. Мұндай даңғаза мақалалар көршілес Ресейдің газет-журналдарында жиі жарияланып, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болатынына күмән келтірілді. Империялық мақсатты көздеген Ресейдің белгілі бір саяси топтарының елімізге бұлайша саяси қысым көрсетуі тегін емес-ті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жолда

Таласа-тармаса ішке енген ол билетінде көрсетілген орында жақ жүні үрпиген шүйкедей шал отырғанын көрген сәтте: «Ата, андағы орын менікі»,- деді билетін көрсетіп. Шал болса мұны оқты көзімен өңмеңінен ата қолындағы зерлі таяғын селтең еткізіп: «Құры, су мұрын неме!» –деді зілдене ақырып. Сейіт амалсыздан кері шегінді. Ал бұл кезде іші адамға сықай толған кішкене Пазик ырғала қозғалып, қала көшелерін артқа тастап, тас жолға ілікті. Автобус орындығына жайғасқандардан тік тұрғандардың саны көп болмаса аз емес еді. Сейіт те солардың қатарында. Бұл Сейіттің Павлодар сияқты ірі қалаға алғаш келуі. Алғашқысында он үш жасында: «Ақыры қаланы да көрдім-ау!» – деп масаттанған. Қаланың аты қала ғой. Біздің айнала тау қоршаған құлаққа ұрған танадай бар болғаны бір-екі үш үйлі Қарақуыс емес бұл. Үйлері қандай биік! Сәнді киінген адамдар, әсіресе балалар... Қайда барам десең құстай ұшып алып баратын такси, қаздай тізілген автобустар...Тек сол сәт күн өтпей жатып өзінің осы ойынан айнып шыға келетінін білген жоқ еді. Жоқ...Жоқ... Ол тіптен де тұрақсыз бала емес. Тек әр нәрсеге сын көзімен қарайтыны болмаса. Алғашқы ой ағыны іркілген тұста қалада да қайнап жатқан қызық жоқ екенін, тек жалғыз үйлі ауылдағыдан мұнда ерсілі-қарсылы ағылған әртүрлі маркалы машиналар, ауыл адамдары жиі міне бермейтін таксилері мен автобустар болмаса. Ал бір-бірімен құшақтаса қол алысып, емен-жарқын әңгімелесіп келе жатқан адамдардың жоқтың қасы екен. Ал мұнда жөн сұрап, жол табамын деу ағаттық екен. Мұның: «Ағатай, кітап дүкенін көрсетіп жібермес пе екенсіз?» – деген сауалына көбі йықтарын қиқаң еткізген. Тек бір әйел: «Жүр, айналайын, мен де сонда бара жатыр едім», –деп ертіп апарды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекеттік қызмет | Қаржы құқығының негізгі ұғымдары

Кіріспе
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық бүкіл заңдар жұйесі түбегейлі жанаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрпішіні, қызметтері өзгерді. Президенттік басқару енгізіліп, мемлекеттің әлеуметтік, демократиялык, құқықтық зайырлы, экологиялық сипаттары күшейді. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңдылық құқықтық тәртіпті, құқықтың, занның қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін нығайтуға нақты жағдайлар туды. Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық ұлтаралық діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.

Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.
(1790-1866)

Дистервегтің педагогикалық қызметі мен
ғұмырнамалық деректері.

Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды.
Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді.
Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды.
Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады.
1827 жылы Дистервег "Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады.
1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда "Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама

Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7 ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды. Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды/1/.
Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің (1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады/1/. Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып, толық сипаттамасын берді/2/. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Салқын ұрған жапырақтар

Ботаға...

Сүттей ақ телефон шылдыр ете түскен. Сол-ақ екен күпті көңілі нілдей бұзылып, не істерін білмей дағдарған. Ақ телефон тағы шырыл қақты. Жәй күнде жанына жағып, құлағына жұғымды естілетін шылдыр абайсызда құйрығын есік қысып қалған мысықтай шар ете түсіп, тарғылдана қалды.

Дәті шыдамаған қол көтерген бойда:

— Әлеу-әлеу, Мәуліқан! — деген әйелдің жіңішке, таныс дауысы анық естілді.

Жігіт жағы қарысқандай үнсіз. Сол қабағы оқыс тартып, демде бұлттай түйілген.

— ... — (!)

— Неге үндемейсің? — Әйел үнінен дегбірсізденгендік білінген.— Мәуліқан, саған не болған? Не қылып хабарласпай кеттің?.. (Жігіттен жауап күткен сыңаймен телефон құлағы бір сәт тына қалды. Жас әйелдің мамықтай жұмсақ, ыстық демін телефон құлағынан-ақ ет жүрекпен сезіп тұрды. Көмейіне қысылтаң түйін байланып, бойын белгісіз бір толқын шарпып өтті...) Бірдеме деші, Мәуліқан? Мені қорқытпашы! Не боп қалды? Қойшы енді, жаным!. Қой, қоя ғой! Қинамашы, қимасым!.. Болды енді, өзің аманбысың!?.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Қияннан құйылып кеп

«Қара таудың басынан көш келеді»,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара күнді жамылып, қара қазақ,

Қара түнді басынан кешкен еді.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!

Поэмасы міне осылай басталады.

Өлеңнің алғашқы тармағын оқыған сәтте тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» атауы мен белгілі ел басына күн туған ала-сапыран заман ойға оралады.

«Қара жорға шайқалып бос келеді» осы тармақ көп жайды аңғартатындай. Қара күн, қара қазақ, қара түн. Тәңірім-ау, ел басына туған қолдану арқылы ақын қалай ғана дәл бейнелеген десеңізші.

Қара жауы қанатын кескен еді,

Шұлғау болып қыздардың кестелері.

Талай қара шаңырақ өшкен еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж. желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабыядаған "Банктер және банк қызметі туралы, Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесін құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі деңгейдегі банк коммерциялық банктер жүйесі. Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет атқаратын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналатын болды. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одактық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақшанесие қатынастарын рет-теуге, мемлекеттік бюджетгің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы - оның басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық лизинг инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны

80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикакаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсы-нады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | А Чо

Маржан өседі, пальма өнеді, адам өледі.

Таити елінің мақалы.

А Чо французша білмеуші еді. Адам толы сот залында әкімдердің алма-кезек баспалата сөйлеген сөзіне, судырлаған «р»-ға мүкі түсініксіз француз тіліне құлағын салып, зерігіп, басы қатып, мең-зең болып отыр. Ачоның ұғымында осының бәрі мағынасыз мылжың сөз. Чун Ганы өлтірген кісіні табамыз деп қаншама әбігерленіп, ұшығына шыға алмай-ақ қойған осынау есалаң француздардың ісіне ол қайран қалды. Оны А Сань өлтіргені плантацияда істеп жүрген бес жүз кулидің бәріне мәлім, ал бұлар болса А Саньді қамаған да жоқ. Бір-біріміздің үстімізден әкімдерге астыртын сөз жеткізбейік деп кулилердің өзара уәделескені рас, бірақ француздар іске шындап кірісер болса өлтірушінің А Сань екенін оп-оңай біле алар еді ғой. Япыр-ай, мынау француздарың не деген топас халық еді!

А Чо оғаш ештеңе істеген де жоқ, қорқатын да дәнеңесі жоқ. Кісі өлтіруге араласпағаны айдан анық. Рас, дүрмектің ішінде бұл да болды, Шеммер бастық баракқа кіріп келгенде ондағы өзге төрт-бес қытаймен бірге мұны да көрген. Көрсе ше? Чун Ганың денесінде екі жерде ғана жаpa бар. Бес-алты адам жабылса екі-ақ жара салмайтыны анық қой. Тіпті өлтірушінің әр қайсысы бір-бірден пышақ сілтегенде де өлтірушілер екі кісіден артық болмауға тиіс......
Әңгімелер
Толық
0 0