Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Құқықтану кафедрасы


Бағана ғана осы кафедрадан кіріп-шығып жүрген бір оқытушыны көрген еді. Бұған түсі суықтау көрінген. Мына қағазда осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тіледі.

Кафедраның есігін қағып, кіріп барғанда әлгі оқытушының дәл қарсы алдында отырғанын көріп, дағдарыңқырап қалды. Ол бір жігітпен шахмат ойнап отыр екен. Түскі астың уақыты болған еді. Оқытушы мұны көре салып:

- Кел, кел бала! Не жұмыспен жүрсің? - деді бәйек болып.

Бұл келген жұмысын айтты. Оқытушы қағазды қолына алды. Сонан соң:

- Ой, айналайын, мына сабақтарға бір ай жүресің ғой, - деді. - Ішінде менің сабағым жоқ па екен? - деді сонан соң оқытушы. Қағазға қайта үңілді де: - Менің сабағым жоқ екен, - деді.

Әлгі бір әзірде ғана осы оқытушының сабағы болмай-ақ қойса екен деп тілеген еді. Енді болмай қалғандығына өкінді. Оқытушы енді кафедра есігінің қайырылысындағы бұрышқа көз тастады да, қыз баланың есімін айтқанда, аядай ғана кафедраның ішінде, бұл ойлағандай, екі адам емес, үшінші адамның барын енді ғана аңғарыпты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Аққасқа

(Аударма. А.П. Чеховтан)

Аш қасқыр аңға бару үшін орнынан тұрды. Үш бөлтірігі бірдей үйме-жүйме болып, бірін-бірі жылытқан күйі қатты ұйықтап жатыр. Аш қасқыр оларды бір-бір жалап алып, жүріп кетті.

Көктемгі март айы, алайда түнде, декабрьдегідей, ағаштар шытынып тұратын еді де, тілінді болар-болмас шығарсаң-ақ, қатты шымшып әкететін-ді. Қасқырдың денсаулығы нашар, әрі өзі сужүрек. Болар-болмас дыбыстан селк ете түсетін, үнемі біреу-міреу келіп, бөлтіріктерімді жәбірлемесе игі еді деп ойлайтын. Адамдар мен жылқылардың іздерінің иісінен, ағаштың түбірлерінен, үйілген отындардың, малдың қиы түсіп қарауытқан жолдан қатты қорқатын. Ағаштардың сыртында қаракөлеңкелерде адамдар тұрған сықылданатын, орманның бір шетінде иттер үріп жатқан тәрізденетін.

Қасқыр қартайыңқырап келген-ді, сондықтан сезімі нашар тартқан еді. Жас кезінде алданып, жолдан адасу деген өмірі болмайтын ғой, міне, казіргі кезде ара-тұра жолдан адасып та кетіп отырады, түлкінің ізін иттің ізі деуі де болып қояды. Денсаулығының нашарлығынан ол бұрынғыдай бұзаулар мен ірі қойларды аңдуды қойған, үйірлі жылқыны көрсе, анадай алыс жерден орағытып өтетін, содан тек өлексені ғана азық қылатын. Жас етті де сирек жейтін, жас етті тек көктемде үстінен түсіп қалып, қоянның жас көжектерін ұстап алғанда ғана, болмаса, қозылары тұрған мұжық қорасына ұрланып түскенде ғана жейтін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық қызметтің экономикалық тиімділігін бағалау

КIРIСПЕ
Кәсiпорындaрдың экономикaлық және қaржылық тұрaқтылығын және әрi қaрaй дaмуын aнықтaйтын шешушi фaкторлaрдың бiрi – бұл оның инвестициялық белсендiлiгi. Қaзaқстaн Республикaсындa нaрықтық қaтынaстaрғa көшкелi берi жүргiзiлген экономикaлық бетбұрыстaр хaлық шaруaшылығының негiзгi буыны болып сaнaлaтын кәсiпорындaрдың құқықтық, қaржылық-экономикaлық және әлеуметтiк жaғдaйын, олaрдың шaруaшылық және aзaмaттық жүйелердегi дәрежесiн aйтaрлықтaй өзгерiстерге ұшырaтты.
Жеке меншiкте, aрaлaс, aкционерлiк меншiкте құрылғaн миллиондaғaн кәсiпорындaр пaйдa болды және қaзiргi тaңдa қызмет етуде, көбею үстiнде, дaму бaрысындa. Осылaрдың бaрлығы кәсiпорындaрдың инвестициялық қызметiн ұйымдaстыру және бaсқaру мехaнизмiнiң өзгеруiне себеп болды.
Кәсiпорындaрдың инвестициялық қызметi олaрдың экономикaлық өсуiнiң, iшкi және сыртқы нaрықтaрдa бәсекелестiкке қaбiлеттi болуының aлғы шaрттaрының бiрi болып тaбылaтындығы сөзсiз.
Кәсiпорындaрдың инвестициялық сaясaты мүмкiн болғaн инвестициялық жобaлaрдың iшiнен өзiнiң стрaтегиялық мaқсaттaрынa сaй нұсқaлaрын тaңдaп aлa бiлумен сипaттaлaды. Сонымен қaтaр, инвестициялық сaясaт жобaлaрды қaржылaндырудың оңтaйлы көздерiн тaртуды, олaрды тиiмдi орнaлaстыруды, нәтжижесiнде инвестициялық тaбыс тaбуды немесе кaпитaл өсiмiн қaмтaмaсыз етуi керек. Сондықтaн дa инвестициялaрды дұрыс бaсқaру қaзiргi тaңдaғы көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Өмірбаян: Жеңіс Ысқақова Ермағанбетқызы (1966 жылы 9 мамыр)

Жеңіс Ермағанбетқызы Ысқақова (1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте туған) — эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Жеңіс Ермағанбетқызы 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзекте дүниеге келген.
1982 жылы Сырдария ауданындағы орта мектепті бітірген. Мектептің іс-шараларына ол белсенді түрде қатысып отырған. Облыстық, аудандық әншілер байқауларына қатысқан.
1984 жылы Сырдария ауданыдық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі әрі композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбль солисті болып алғашқы еңбек жолын бастаған.
1985 - 1987 жылдары (бұрынғы Алматы эстрада-цирк училишесі) қазіргі Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "эстрада" мамандығы бойынша Қазақ КСР халық артисі, мемлекеттік сыйлық иегері, профессор Лаки Константинович Кесоглудың классын бітірген.
1987 жылдан Гүлдер ансамбльінде өнер көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Орталық Ансамблінің солисті.
Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің солисті.
Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің солисті.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Көк қалпақ

Әрине, әркім өз кәсібін жақсы көреді, өз шаруасының ілгері қарай жылжуын қалайды. Мәселен, көшеде кетіп бара жатсаңыз, көгілдір үйшіктегі мұртты етікші жігіт, сөзсіз аяғыңызға қарайды. Сағат шебері қолыңызға қарайды. Ал, ақ халатты шаштараздың көзі басыңызға түседі. Мұны өзіңіз де талай рет аңғарған шығарсыз.

Біздің Қауақбайдың кәсібі анау-мынау емес, пима басатын артелдің бастығы. Өзі тіпті, қажетті-ақ, мекеме, Қаукеңнің күнделікті жұмыс жоспарының барысы жөніндегі анықтама-ақбарияттармен мен мүлде таныс емеспін. Танысуға анау айтқандай аңсарым да ауып отырған жоқ. Мен тек қана о кісінің өз басындағы ақиқат жайттардан азын-аулақ хикая шертпекпін.

Егер сіз, Қауақбайдың креслода отырған кейпін көрсеңіз, со замат өзіңізді бейне бір Шығыс елдерінің бірінде жүргендей сезінесіз. Олай дейтін себебім, Қаукең Будда құдайына ұқсайды. Көкшілденген жұқа ернінің астына жасылкөк насыбайды жымқырып жібергенде, екі беті бұлтиып шыға келеді. Біреумен сөйлесе қалса, сарғыш бет-әлпеті, сарғылт суық көздері былай тұрсын, тіпті, алпамсадай денесінің өзі мүлде қозғалмайды. Ол ол ма, көшеде жүріп бара жатқан күнде де о кісінің қолдары, кеудесі, басы әсте бір қыбыр етпейді. Жарықтықтың отырысы да, жүрісі де темірден құрастырылған автомат-адам сықылды еді... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Азаттықты аңсаған Алаш


Азаттықтың бастауында тұрған Алаш тұлғаларының идеясын ұлықтау мақсатында Достық жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген іс-шаралардың бірі «Азаттықты –аңсаған Алаш» атты тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен конференция өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Алаш қайраткерлері туралы,шығармалары, өмірі жайлы айтып түсіндіру. Оқушыларды еліне қорған, халқына қалқан болған тарих тұлғаларынан үлгі – өнеге алуға тәрбиелеу. Алаш идеясын насихаттау, өйткені ол жаңғыру идеясы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жетекші ой –жаңғыру идеясын насихаттау.

Осы іс-шара кітапханашылар «Алаш» партиясының қалыптасуы мен саяси ахуалды атқарылған жұмыстары, сонымен қатар алашордашылардың ақталуы мен қазақ интелегенцияларының еңбектері мен шығармаларының жарық көріп, қолданысқа енгендігі туралы мағлұматтар берілді және кітап көрмесіне шолу жасалынды.. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Отты Арқада


Себепсіз салдар жоқ, қоғамдағы сан қилы жағдаяттар газет сипатының өзгеруіне мүмкіндік жасады. Бұған дейін «Алға» - «Вперед» газеттерін қаржыландырып тұрған Екібастұз ауданының бюджеті нашарлай бастады. Міне, осы кезеңде Аманкелді Қаңтарбайұлы әлі ешкім ойға ала қоймаған тың қадам жасады. «Впередті» жауып тастап, «Алғаның» негізінде қала мен ауданға бірдей тарайтын қазақ газетін ашуды қолға алды. «Впередтің» жабылып қалуынан ештеңе жоғалмайтын еді, өйткені Екібастұз қаласында сол жылдары қалалық «Заветы Ильича», «Шахтастрой», «Ленинская Искра», «Угольный Экибастуз», «Огни Экибастуза» дейтін салалық орыс тілді газеттер бар. Редактордың бұл ұсынысын сол кездегі беделді, ұлтжанды азаматтар мен ақсақалдар - Адам Мұхамеджанұлы, Көбен Төлепбергенұлы, Серік Жақсыбаев, Нұржан Тишпаев, Іргебай Сатановтар құптап, қолдау жасағанмен бұл ниет басшылар тарапынан үлкен қарсылықтарға ұшырады.

Әйтсе де сол жылдардағы саяси оқиғалар, Одақта, оның ішінде Қазақстанда Компартияның таратылуы басшы қызметтерде отырғандардың бетпердесін өзгертуге душар етті. Иә, әділдік салтанат құрды, аудандық, қалалық кеңестің «қазақ газеті ашылсын» деген шешімі шықты. Өлкетанушы, белгілі қаламгер, экономика ғылымдарының кандидаты Серік Имантайұлы Жақсыбаев жаңа ашылғалы отырған газетке «Отарқа» деген тарихи маңызы бар атты ұсыныпты. Оның мәнісі былай: бірде Бұқар жырау бабамыз Абылай ханға: «Ордаңды уақытша басқа жерге көшір»,- дейді. Сарыарқаны, әсіресе Көкшетауды қимаған хан бұл сөзге немкетті қарайды. Сол кезде Қытаймен арадағы жағдай қатты ушығып тұрса керек, Бұқар содан сақтанған ғой.

Сол сақтығын ханға:

...Бұрынғыдай бай ел деп,

Отарқада қалмаңыз,

Шүршіт келсе жарамас,

Ай-түйіңе қарамас,-деген екен.

Ұлы жыраудың Сарыарқаны Отарқа атауы тегін емес. Серік Имантайұлы: «Сарыарқа аймағы тас көмірдің үстінде тұр. Тас көмір – от, екі бірдей алып электр стансасы да - оттың үстінде тұр, сондықтан газетті «Отарқа» деп атау керек» деген уәжді сөзі құпталып, ақыры 1991 жылдың желтоқсан айының аяғында Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне тіркеліп, тәуелсіз елдің алғашқы қарлығаштарының біріндей болып, Екібастұздың тұңғыш «Отарқа» атты газеті дүниеге келді.

Сая Молдайып .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Дариға Назарбаева Нұрсұлтанқызы (1963 жыл)

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (7 мамыр 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген) — қоғам және мемлекет қайраткері, саясаткер. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (2019 жылғы 20 наурыздан бастап). Тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.

Еңбек жолы және саяси мансаптары
1980—1983 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды.
1983—1985 — С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетінің студенті.
1985—1987 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағылымгер-зерттеушісі.
1987—1990 — М. В. Ломоносов атындағы ММУ аспиранты.
1992—1994 — «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.
1994—1995 — «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры.
1995—1998 — «Хабар» Агенттігі» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998—2001 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ президенті.
2001—2004 — «Хабар» Агенттігі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрайымы.
19 қыркүйек 2004 - 20 маусым 2007 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің III шақырылым депутаты («Асар» Республикалық партиясының тізімі бойынша), 2005 жылдың ақпан айынан 2007 жылдың 20 маусымына дейін — «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.
2007 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының директор
20 қаңтар 2012 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты («Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының тізімі бойынша), әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы.
3 сәуір 2014 - қыркүйек 2015 — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.
11 қыркүйек 2015 - 13 қыркүйек 2016 — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
13 қыркүйек 2016 - 20 наурыз 2019 — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитет Төрағасы.
2019 жылғы 20 наурыздан бері — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Ескек жел


Тұқым сақталатын тас қойманың алдында ала қыстай көк ВИМ селкілдейді де тұрады. Бес-алты әйел ертеден кешке дейін көктемде себілетін тұқымдық астықты тазалайды. Жұмысы ауыр да емес, жеңіл де емес. Трактор шанамен басқа қоймадан әкелінген қызылды екі әйел ВИМ-ге бір шетінен шелектеп құйып тұрады да, екінші жақтан сұрыпталып шыққан таза тұқымды қалған үшеуі қаптап ішке апарып төгеді. Әбден шегедей болып кепкен тұқымнан шикіл дәннің иісі, ал бұрқылдап ұшқан ескірген шаңнан тышқанның иісі аңқиды. Әйелдер бет-ауыздарын тұмшалап орап алған. Бірақ сонда да орамалдарын шешкенде шаңнан көздері ғана жылтырап, сөйлеп, күлгендерінде аппақ тістері ғана жарқырайды. Кірпіктерінде кіреукелеп шаң қырауы тұрады.

Осы әйелдердің ортасында еркек кіндіктен жаман Жанбай ғана жүреді. Ол — қоймашы, жасы қырықтар шамасында, қалың сырмалы күпәйке-шалбар киіп жүретін тайпақ адам. Қолында бір уыс кілті бар — колхоздағы қойма атаулының кілттері. Қалтасына сыймайды да, үнемі қолына ұстап жүреді. Осы кілттер үшін әйелдерден көрмейтін қорлығы да жоқ. Өзі де тиыш жүрмейді, осы ауылға күйеу болып келеді де, әлгі келіншектердің бәрімен жездемсіп ойнап, қылжақтап тиісіп алады. Тілімен шағып, мықындарына қол жүгіртіп түртпектеп жүргені. Жаман Жанбай атануы да сол мінезінен. Сонысына қарай әйелдердің де кейде бұған бас салып жабылып істемейтіндері жоқ. Қойманың ішіне кіргізіп, сырт киімдерін сыпырып ап, өзін байлап бидайға көміп тастайды, болмаса қолындағы кілттерін тартып aп, тамаққа барарларында мұны ішке қамап кетеді. Я, кілттерін тығып қойып зар қақсатады. Әйтеуір өздерімен-өздері, ойын-күлкілері басылмайтын топ. Тұқым да тазаланады, әзіл-оспақ та толастамайды. Таңның атуы, күннің батуы — күндегі тірліктері сол... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қателіктер мен сыннан қорықпайтын және сізге өтірік айтпайтын бала тәрбиелеудің 7 әдісі

Бала міндетті түрде өз-өзін жоғары бағалай алуы керек. Әйтпесе, ол өзіне сенімсіз, бақытсыз тұлға болып өсіп шығады. Өзін-өзі бағалау туралы түсінікті жақсы білмейтін ата-аналардың өзі осылай ойлайды. Бірақ, баланың өзі туралы жақсы баға қалыптастыруы үшін қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді орындамайды. Психолог Вита Малыгина баланың өзін-өзі бағалай білуі қандай қағидаларға негізделгені туралы айтып береді.

Тақырыпты аздап өзгертейік: баланың өзін-өзі бағалауы адекватты, шектен аспаған және жел соқса, толқып құлап қалмайтындай тұрақты болуы керек. Яғни, басқа адамдардың абайсызда немесе әдейілеп айтқан сын сөздеріне бола жүні жығылып, еңсесі түсіп кетпеуі керек.

Өзін-өзі бағалау – бұл адамның өзін, бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, осы бағалауға сүйене отырып өмір сүріп, алға жылжуы. Дұрыс бағалау қателесуге мүмкіндік береді. Бірақ, адамның өзін-өзі кінәлап, жегідей жеп қоюына жол бермейді. Ол қателіктен – тек тәжірибе жинайды. Өйткені, кемшіліктен Жаратушы ғана пәк. Адекватты өзін-өзі бағалаудың тағы бір ерекшелігі – оның шынайылығы. Біз ешқашан қателеспейтін және ешнәрседен қорықпайтын Жаратушы емеспіз. Балаларымыздың да соны біліп өскені жөн.

Бірақ барлық отбасы өзін-өзі бағалау дегенді дұрыс түсінбейді. Олар балаларын жөн-жоқсыз мақтап, басқалары сенің шаңыңа да жуымайды деп қолпаштай береді. Ал өзін басқалардан жоғары санап өскен баланың алдынан қиындықтар шыққан кезде, бірден сағы сынады. Мұның адекватты өзін-өзі бағалауға еш қатысы жоқ.

Егер ата-анасы баласының қабілетін артық бағалап, мақтай беруді шешсе, (немесе солай болып қалса) онда баланың өзі елеусіз қалады. Баланың басындағы қиындықтар, қорқыныштар, толқулар, бәрі-бәрі есепке алынбайды. Тағдыр маған өз қабілетіме лайық сиын бермеді деп, тағдырға нала айтып отыратын отыздағы балалар осылай қалыптасады. Құр мақтау олардың бойындағы адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0