Курстық жұмыс: Психология | Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негіэі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылар дың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгіендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды. Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Курстық жұмыс тақырыбы: «Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі» Курстық жұмыстың мақсаты: Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігін дамыту мен қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Тұлғаның танымдық қызығушылығын айқындау; танымдық белсенділік көріністерін белгілеп көрсету мен олардың дамуы мен қалыптасу жолдарын анықтап көрсету.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Келіншектау сағымдары

Шілденің күні шаңқай түс болғанда батыстағы Келіншектау сағымданып, үздік-создық қимылдай бастайды. Баяғы байдың ұзатылған қызының көші қайта тіріліп, уап-шуап бара жатқандай.

Байдың қызы ұзатылған ғой. Қыз әкесіне өтініш айтыпты: Менің жасауыма алтын шаңырақты, күміс уықты ақ отау дайындатыңыз. Қазан, ыдыс-аяқ, табақ бәрі де алтын жалатқан күмістен болсын. Төсегімді пілдің сүйегінен жасат. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібектен болсын, — деп тағы басқа керек-жарақтың бәрін небір асылдан әзірлеткен ғой.

Жасау мүлкі қырық түйеге артылып, қалыңдық көші шұбатылып жолға шыққанда, кенет байдың қызы көшті тоқтатып, әкесіне:

— Әкетай-ау, біз бір нәрсені ұмытып кетіппіз ғой — дейді.

— Нені, шырағым?

— Итаяқ алтыннан болмады ғой.

Әкесі аттың үстінде келе жатып, қос қолының алақанын көк аспанға қарата жайып жіберіп:

— О, Тәңірі! Бар болсаң, мына көшті тас қыла гөр! — деп, сақалын көзінің жасы жуып, құдіретті күшті Құдайға шын ниетімен жалбарынған екен дейді. Әкенің қарғысы қатты, тілегі тәтті, байғұс қыз келіншек болып келе жатып, лезде бүкіл көш ұзақтан-ұзаққа созылған қаратас болып қатып қалған ғой.

Содан бері Келіншектау аталады. Күндіз оны сағым буып тұрады. Кешке жақын, күн батарда Келіншектау алыстан ерекше ап-айқын көрініп, келбеттеніп, құдіреттеніп кетеді.

Шілденің күні шаңқай түсте ысып, ми айналдыратын тұста, тірі жан кірерге тесік таппай, бәрі де алақандай болса да көлеңке іздейді. Тал түсте көлеңке де барынша қысқарады.

Киіз үйдің көлеңкесі қураған терідей қусырылған жерде келісті ақ ешкі екі лағымен бүйірі бүлкілдеп, ыстықтап жатқан болатын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Мұрт


Мен мұрт қойғалы қашан! Е-е, несін айтасыз, мұрт мәселесі өз алдына үлкен бір проблема! Олай дейтін себебім, көресіні жұрттан емес, мұрттан көрдім. Мәдениетті, әдепті таныс кісілер «Мұртты жігіт»,— дейді. Ал, кейбір мысқылшыл дырдубайлар «Ей мұрт»,— деп тәмам жұрттың алдында айқай салып, аптарихаңды айрандай төгеді. Жеке өзің келе жатсаң мейлі ғой. Кейде қызбен дегендейін...

Мұрт дегеніміз — үстіңгі ерін мен қос танаудың аралығына біткен, не сүт қоректілер тегіне, не өсімдіктер тобына жатпайтын өз ырқына жіберсең шырмауықтай қаулап өсетін тәртіпсіз бір дүние! Сағаттың қос тіліндей тылтиған бұл көпірдің пайдасынан зияны көп-ау деймін.

Әлі есімде, автобусқа мініп, бір күні қызметке бара жатыр едім, екі көзі тұздай егделеу бір кісі маған шүйліге кетті.

— Әп, пәлем, түстін бе қолға?! Мұртыңды біртіндеп тұрып жұлайын ба, осы?!

Мен аң-таңмын. Автобус ішіндегі жұрт елең ете қалды. Әлгі үйрек тұмсық бейтаныс адам қайта төнді.

Есіңде ме, мені кроватқа арқанмен матап тастап, аузыма шүберек тығып, колхоздың қыруар алмасын машинаға тиеп, тапа-талтүсте ұрлап кеткенің? Қайда әлгі сыбайлас чечен жігітің?.. Жаңылмасам аты Махмұт болар. Сен солай деп дауыстағансың... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Қорғансыз жан


Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның реңінде қажыған, қиналған кісінің сыңайы бар еді, демін зорға алып, әрең-әрең сөйлеп отырды.

Көне салоп киген, сырт бейнесі сасық қоңызға ұқсас бір арызшы әйелге:

— Не керек еді сізге? - деді. Арызшы әйел судырай жөнелді:

— Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден -себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! "Не үшін?" деймін. "Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған", дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша ала алатын ба еді? Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырза. Мұның өзі неліктен? Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қана жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін... — деді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс алады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Шаруа күні


Бүгін және «Шаруа күні» деген мейрам еді. Жақсы өсірілген шаруа өніміне өкімет бүгін бәйге бермек.

Әркім-ақ өз шаруасының бір-бір нұсқасын алып келіп, көрмеге қойған. Көрген комиссиялар барлығын жазып- сызып, үлгілі шаруаның алдыңғы бәйгесі мен мақтау қағазын Бадыраққа тағы әкеліп берді.

Жұрт жалпағынан құттықтап жатыр.

Бұларға Бадырақ пен Жеңсік ақ шатырдың астында тұрып, бас иіп ризашылығын білдіреді. Дәл осы кезде Бадырақтың көңілі тасқындап кетіп жан-жағына қарады.

Айналаның бәрі де қалалы қазақ шаруасы. Жұрттың бәрінің өзің ажарлы, киім киісі салтанатты. Біреуден біреудің дәулет артықшылығы жоқ секілді. Баяғы «бай, жалшы» дейтін қазақ ұғымы мұнда жоқ. Бәйгеден келген екі аттың үстіндегі екі пионер немересі жұртқа көсемдік қылып тұр. Қуанышқа кенелген Жеңсігі қасында, автомобилі астында.

Осыны көріп Бадырақтың көңілі тау суындай тасып кетті. Жүрегі ойнақтап тайдай тулады. Өткен бұлдыр күннің азабынан жүректің түкпіріне бұғып қатқан шер-мұңы босанып, бусанып, тас балқып, мұз жібіткендей болды. Өмірдегі бейнет теперішінде темірленген денелерде сіңірлер сықырлап жұмсарып, кедейлікте кепкен жүйкенің жүйесі босады.

Тасқындаған жүректің әлегімен алапты шарасынан алған екі ескі көз жаутаң қағып, кірпіктен қуаныш әсерімен жылым жас жерге төгіліп-төгіліп кетті.

Бұл жас біріншіден — өмірдегі денеде қалған жан жарасының ертедегі езгіндігінің шайындысы еді.

Екіншіден — жаңа дәуірдегі дәулетке тасыған жүректің тамшысымен көпірген көңілдің көбігі еді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Толғаулар

1. Көктем

Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.

Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.

Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді.

Көктем көркіне адам еңбегінің шабыты, адам көңілінің қуанышы келіп қосылғандығы сурет — керемет сурет. Ол қуаныш арнасынан аса шалқыса, бірінен-бірі биіктеп ән де аспанда қалқыса, болаты мен шойыны мартенінде балқыса, даласында егіні толқын болып туласа, өңірінде сан түлік шұбырып - шұбап шуласа, шырқ үйіріп барлығын, адамы қарап тұрмаса! Бақыт деген осы емес пе!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Байланыс бөлімшесі

Көкесінің жеке іс парағындағы жазулардың басы - оның Ленинград майданының жауынгері болғандығы жайлы жазумен басталған. Көкесінің мектептен кейінгі үлкен өмірдегі жолы осылай басталыпты. Көкесі осының алдында ғана мектепті бітірген. Мектепті бітірген жылы мектеп әкімшілігі көкесін "Өте жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болғандығы үшін берілді" деген мақтау қағазымен марапаттапты. Көкесі соғыстан келе салып, төрт айдай колхоз басқармасының хатшысы болып істейді. Ал сонан соң сол кездегі Қазалы аудандық білім бөлімінің бастығы Нұрмановтың бұйрығымен жетіжылдық Жданов мектебіне меңгеруші әрі мұғалім болып бекиді. Көкесі бұл қызметті екі жылдан астам уақыт атқарған. Сонан соң ауылдық кеңес жанындағы оқу үйінің меңгерушісі, ауылдық кеңес хатшысы және кітапхана меңгерушісі қызметтерін атқарады. Бірақ көкесінің негізгі саналы ғұмырын арнаған қызметі - оның байланыс бөлімшесінің бастығы болып істеген қызметі еді. Көкесіне берілген әр түрлі марапаттар, мысалы, облыс байланыс басқармасы бастығының қолы қойылған Құрмет грамотасы, есімі байланыс қызметкерлерінің Құрмет тақтасына жазылғаны туралы Куәлік, сол сияқты еңбек кітапшасына әр кезеңде жазылып отырған көптеген алғыстар мен ақшалай және бағалы сыйлықтардың берілгендігі туралы жазулар - осы қызметіндегі жемістері.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Ұйқы безінің адам организміндегі қызметі

Кіріспе
Ағзадағы барлық жасушалар, ұлпалар мен мүшелер бір – бірімен байланысып , олардың қызметі және сыртқы ортамен қарым – қатынасы жүйке және гуморальді жолмен реттеулі арқылы іске асады. Нейрогуморальді реттеу жүйесі біртұтас, тығыз байланысқан механизм. Нерв және гуморальді жүйе бір- бірімен тығыз байланысын келесі мысалдар дәлелдейді:
- Биоэлектрлік процестердің табиғаты физико – химиялық, иондардың трансмембраналық жылжуы;
- Нерв жасушадан келесі нерв жасушаға , немесе атқарушы мүшеге қозу медиаторлар арқылы іске асады;
- Нерв және гуморальді жүйенің тығыз байланысы гипоталамо-гипофизарлық деңгейінде айқын байқалады.
Орталық нерв жүйесінің ішкі секреция бездерінің қызметін реттеу гипоталамус арқылы жүзеге асады. Гипоталамус афференттік жолдары арқылы орталық нерв жүйесінің басқа бөлімдерімен байланысқан, атап айтсақ , жұлын , сопақша ми, ортаңғы ми, таламус, базальдік түйіндер, ми қыртысының белгілі аймақтарымен . Сондықтан гипоталамусқа бүкіл ағзадан ақпарат келеді, содан барлық ішкі секреция бездеріне жіберіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Тыныштық сақшылары

Мешітбай Құттықов — Қазалы ауданы Бозкөл ауылының перзенті. 1951 жылы Қазалы ауданындағы Максим Горький атындағы орта мектепті (Қожабақы ауылындағы №25 орта мектебі) бітіріп шығады. Қызылорда педагогикалық институтын тіл-әдебиет мұғалімдігі мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, аудандық білім бөлімінде инспектор қызметін атқарады. Бұдан соң екі жылдық әскер қатарында болып, автомобиль әскерлерінің кіші лейтенанты дәрежесінде запасқа шыққан. Мешітбай Құттықов сол кезгі аудандық партия комитетінің жолдамасымен ішкі істер саласына қызметке жолданады. Милиция майоры М. Құттықовтың саналы өмір жолы ішкі істер саласының қызметімен байланысты. М. Құттықов өзінің еңбек жолында Қазалы және Арал аудандарының мемлекеттік автоинспекциясында басшылық қызметте болды. Ақын. 1977 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне өткен. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қаламгер, қоғам қайраткері Мешітбай Құттықов — «Құс жолы», «Ар-намыс», «Қайырлы түн», «Сапар», «Арал аспаны» атты жыр жинақтарының және «Аяқталмаған ән», «Қайдасың, Арал?» атты прозалық кітаптардың авторы. 1971 жылы Қазақ ССР-ы Ішкі істер министрлігі жариялаған республикалық конкурста «Бетпе-бет» атты поэмасы арқылы бірінші жүлдені жеңіп алып, арнайы дипломға ие болған М.Құттықовтың азаматтық үнге толы өзге де негізгі поэзиялық, прозалық және публицистикалық шығармаларымен қатар, өз саласы – ішкі істер саласы қызметкерлерінің өміріне арналып жазылған өлеңдері де аз емес. М. Құттықовтың ішкі істер саласы қызметкерлерінің өміріне арналып жазылған өлеңдері мектеп және арнаулы орта оқу орындары қабырғасындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінде жасөспірім санасында мемлекет және құқық теориясында баян етілетін құқықтық сана, құқықтық тәртіп, құқықтық мәдениет ұғымдарын қалыптастыруда да, салауатты өмір салтын орнықтыру және рухани-адамгершілік тәрбиесінде де елеулі қызмет етіп тұрады.

Ақынның өлеңдеріне сілтеме: Мешітбай Құттықов



Деректер негізінде сайтқа ұсынған:

Ғабиден Қожахмет .....
Әңгімелер
Толық
0 0