Әңгіме: Пунктуациялық ережелер

Нүкте
§ 1. Нүкте хабарлы сөйлемдерден және екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады (§1, 3, 7, 10, 13-тарды қараңыз, мұндағы жақша ішінде көрсетілген цифрлар II тараудағы “Пунктуация ережелерінің” параграфтарына сілтейді[1]).

§ 2. Нүкте әрі қарай кең түрде баяндау болатынын ескертетін сөйлемнен кейін қойылады (II тараудағы §2-ты қараңыз).

§ 3. Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс белгілерінің бірі қойылған болса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады.

Мысалы: Ендеше, егер рұқсат етсе, сонда түсейік. Бүгін ас ішетін жеріміз де жоқ. Жататын қуысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне себеп – қызын көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов).

§ 4. Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы:

Петр. Бұл немене?

Амангелді. Біле алмадым... Сақал мен мұртқа бір кезек келген сияқты (Ғ.Мүсірепов).

Кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады:

Амангелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз, мырза! (Ғ.Мүсірепов).

С ә у л е (аз уақыт үнсіз). Перизат, сен байқайсың ба?(Ә.Әбішев). .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ тіліндегі кірме сөздердің қолданылу аясы

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салар, біреу салмас.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ тілі – бай тіл. Жеріміз қандай бай болса, тіліміз де соғұрлым бай болмақ, әрине. Бабалар тарихына зер сала отырып, ата-бабаларымыздың басынан кешкен сұрапыл кезеңдер ой елегінен өтеді. Найзаның ұшы айқасқа түскен әрбір шайқас артында өшпес із қалдырғандай. Оны біз күнделікті қайталап, есімізге алып отырған сияқтымыз, дегенмен өзіміз онымызды байқамаймыз да. Өйткені тіліміз жаттығып, жанымыз үйреніп кеткен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Ұ әрпі бойынша ат қою)

ҰЛБАЛА - қыздан кейінгілері ер бала болсын деп қойылған есім.

ҰЛЖАН - ұл баласы аз немесе жоқ ата-ана қызына осылай ат беріп отырған. Синонимдері — Ұлбике, Ұлбибі, Ұлғанай, Ұлтай, Ұлдай, Ұлдыш, т. б.

ҰЛПА - қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.

ҰЛФАТ - араб тілінен — достық, махаббат.

ҰРҚИЯ - араб тілінен алынған рукя — асқан сүйкімді, әдемі, шырайлы.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Көгендеулі бала


Бұзылған еркекке шара жоқ, Өрден Айтолқынның үстіне тоқал алмақ ойын ағайын-туғанына тегіс айтып құлақтандырды. Өсек-аяңнан Айтолқын мұндайдың бәрін күндегісін күнде естіп отырса да, Өрденге бір сөз демеді, түк естімегендей болды. Шыны керек, Өрденнің тоқал аламын дегенін ағайын-туғаннан құптаған ешкім болмады. Айтолқынға қояр кінәсі жоқ. Әдетте, көбіне-ақ қазақтар тоқал алуға алғашқы әйелінің бала таппауын себеп қылады. Ал Айтолқынға ондай кінә қойылмайды, өйткені одан туған бес ұл, екі қыз бәрі де Өрденнің аузынан түсіп қалғандай, бәрі де үріп ауызға салғандай. Ең болмаса біреу-екеуі Айтолқынға да тартпапты. Сонда да құдай бұзған Өрден жұлқынып болмады. Тіпті Өрденнің бірге туған ағасы Күпшек бай да інісінің тоқал алғанын жақтырмады.

— Тілімді алсаң қой. Айтолқынның көңіліне дық салма. Осы бір ауылда одан көңілі қалған бір адам жоқ, бүкіл ауылдың үлкен-кішісінің бәрінің көңілін тауып, үлкенін үлкендей, кішісін кішідей көріп, ырыс алды ынтымақ болса, бәрін дағы соған ғана бейімдеп, ақылмен байыптап отыратын адамның үстіне қатын алмас болар,— деп еді ағасы. Бірақ Өрден ағасына жабыса кетті:

— Өзің неге екі қатын алдың? Мен алдыңғы арбаның ізімен кететін болармын,— деп Өрден безірейіп болмады.

Күпшек аты жұп-жуан болып тұрғанымен, өзіне біраз дәулет біткенмен, денесіне артық ет бітпеген, сыптығырдай, бойы да, ойы да бар кісі еді. Ол түнеріп, ойлана отырып інісіне қайта тіл қатты:

— Мен әйел алсам байлығым тасыды деп алған жоқпын. Бәйбішеден бала болмады, бұл дүниеден ернім жібімей кете ме деп қорқып едім, құдайға шүкір, құдай тілегімді берді. Тоқалдан туған екі ұл көзімнің ағыменен қарасындай. Айтсам, саған сол екі қатын дегеннің пәле екенін білгендіктен де айтамын. «Екі қатын алыпсың, бір пәлеге қалыпсың», деп бабаларымыз бекер айтпаса керек, Үйіңнен ұрыс, маңдайыңнан құрыс кетпейді. Менің өмірім өмір ғой деп ойлаймысың. Менікі өмір емес, қызыл от. Қай күні сол үйге кірмесем бе екен деп те ойлаймын. Амал нешік, бармай тұрмайсың. Тілімді алсаң қой. Алмасаң, өзің білесің, мен бұдан былай бұл әңгімені қозғамаймын. Ағасы Өрденге жеткізіп те, таусылып та айтты және шынын айтты .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіп кәсіпорындарында инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау

Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс.
Индустриалды-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы
республикамыздың индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру
жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасады. Экономика салаларының әр тараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолымен елдің тұрақты дамуына бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық даму стратегиясы» постиндустриалды экономикаға алғашқы қадам болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірісі берілген саясаттың басты бағыты.
Индустриялы-инновациялық бағытты нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық - экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын зандық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Жастық кешуі

Жастық жылдардың аумалы-төкпелі, бейжай күндері — елеусіз бір дүние. Менің көзіме жастық шақтың тек қана жылы шуақты, тамаша кезеңдері елестейді. Бейкүнә балалық, шақтың ебедейсіз, сәтсіз һәм беймаза күндерінің өзін мен дайын тұрған бақытқа ешқашанда айырбастамаған болар едім...

Мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың ауыр айлары ілбіп өтіп жатты. Соғыс жылдарының қытымыр, көңілсіз күндері өкпеге түскен құрттай тіршіліктің ажарын алған. Әншейінде будақтап тұратын ауыл оттары бұл күндері жалқау көлеңдейді, сөніп бара жатқанға ұқсайды. Арбалардың доңғалағы қиралаңдап жолдың ыстық шаңын аспанға көтереді. Оған жегілген арық аттар аяқтарын сылбыр басып, жүре ұйықтайды. Майданға кеткен ересектердің ауыр кетпені жас өспірімдердің иығына батты. Бірі тары суырып, бірі мақта баптап, әркім өз ісімен әбігер. Есік-терезесі аңғал-саңғал иесіз мектепті көлеңкелеп сиырлар тұр.

Көше бойлап жүре қалсаңыз, көңілсіз жәйттерге тап боласыз: қыр-қыр еткен қол диірменнің мылқау үні, келі-келсаптың тақ-тұқ еткен қатқыл даусы қазан басының, жомарт дастарқанның сәнін кетіріп, қалың ауыл-аймақты құлазытып жіберген. Жұрттың қорегі шай мен жүгері талқан, қара тентек, қала берді быламық...

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан | Дойл Көгілдір жақұт

Рождествоның үшінші күні мерекемен құттықтау үшін Шерлок Холмсқа барғам. Үстіне қызыл халат киіп кушеткада жатыр екен; оң жағында қорқорларына арналған үйкөк тұр, сол жағында мыж-тыжы шыққан бір құшақ таңертеңгілік газет жатыр - бұларды осы жаңа ғана қарап шықса керек. Кушетканың жанында орындық түр, арқалығына әбден ескіріп, байырғы түрін біржола жоғалтқан киіз қалпақ ілініпті. Холмс мұны барынша мұқият зерттеген секілді, өйткені осы арада, орындықтың үстінде, пинцет пен үлкейткіш шыны да жатыр.

— Қолыңыз бос емес пе? Бөгет жасаған жоқпын ба? - дедім.

— О не дегеніңіз, - деді ол - Қайсыбір ізденістерімнің нәтижесін бірлесе талқылауға болатын досымның барына сондай қуаныштымын. Бұл ауыз толтырып айтуға тұрмайтын іс, бірақ таңданарлық әрі тағылым аларлық бірқатар оқиға мынаған, - ол саусағымен қалпақты нұсқады, - тығыз байланысты боп тұр.

Мен креслоға жайғасып, сытырлап жанып жатқан каминге қолымды жылыта бастадым. Аяз күшіне мініп тұрған; терезе әйнегіне қалың мұз қатып, түрлі-түрлі өрнек салып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Үзілген үміт


Мен Дарджилинге жаңбырлы күні келген едім, Көше қыдыруға зауқым соқпады. Алайда үйде отыра беру де көңілді болмады.

Қонақ үйде тамақтанып алдым да, қалың табан бәтеңкемді, жалбағайлы плащымды киіп, не болса да көшеге шықтым.

Қала үстінде қалың бұлт төніп тұр. Жаңбыр шелектеп құйғандай. Құдай тағала әлемге топан суын қаптатып жіберген сияқты.

Мен есіз де көңілсіз Калькутта көшесімен жүріп келемін. Тұман мен бұлт патшалық құрған мына меңіреу дүниеден құтылғым келеді, шу-думаны бар жарық дүниеге шығып табан тіресем деймін.

Жақын бір жерден жылаған әйел даусы естілді. Қайғы-қасірет пен көз жасына толы бұл дүниеде жылау деген немене, дағдылы құбылыс емес пе! Мүмкін мен басқа бір ретте көңіл аудармай да өткен болар едім. Ал мына тұман мен бұлт өктемдік жасап тұрған бұлыңғыр дүниеде жылаған әйел даусы ғайып болған бүкіл әлемнің жоқтауы сияқтанып кетті. Мен өтіп кете алмадым.

Жақындай келе жол қапталындағы таста отырған, басында алтын түстес байлары бар қызыл киімді бір әйелді көрдім. Ақырын өксіп жылап отыр.

Бұл тегі көптен бері шемен болып көкірекке қатқан ескі құса болса керек. Торыққан көңіл, басқа түскен жалғыздық, мына бүгінгі күннің күңгірт аспаны — бәрі қосылып сол ескі дертті қозғап жіберіпті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Салтанат Бақаева Ермекқызы (1987 жылы 24 қыркүйек)

Салтанат Ермекқызы Бақаева (1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері (2015).

Салтанат Ермекқызы 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда дүниеге келген.
2005 -2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі, профессор Рахилям Машурованың және Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. Соңғы курста Қазақ ССРнің халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Роза Рымбаевадан дәріс алған.
2009 жылдан "Арнау" эстрадалық дуэтінің әншісі.
2010 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы (1982 жылы 22 шілде)

Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы.
Өмірбаян
Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.
Білімі
2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен.
Мансабы ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0