Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың жас шағындағы шығармалары


Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.

Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.

Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.

Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.

Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Құрметті той иесі

Туған күн иесі перзентінің тілегі

Қымбатты Әке!
Сіз қазір 80 жастық өмір асуының биігіне көтеріліп, біз үшін бұрынғыдан да асқақтай, бұрынғыдан да мәртебелі бола түскендей көріндіңіз. Сіз осынау жүріп өткен ұлағатты жолыңызда перзенттеріңіз бен жақындарыңыз үшін әрдайым да тәрбие мектебі бола алдыңыз. Біз сіздің өнегелі істеріңізден жарқын сәуле, әкелік жүрегіңізден жылы мейірім сезініп ер жеттік. Тәлімі көп істеріңізден үлгі ала отырып, Сіздің асқар таудай болмысыңызға еліктеп өстік.
Сізді перзенттік жүрекпен жақсы көрдік. Енді, міне, 80 жасқа толып отырған сәтіңізде де осынау Әке көңілден дарыған мейірім мен тәлім-тәрбиені еске түсіріп, біздің өзіміз де өз-өзімізге қайта бір есеп бергендей күй кештік. Ата-ана алдындағы парызымыз бен қарызымыз ұшан-теңіз екенін сезінгендей болдық. Ата мен ананың еңбегі үшін олардың өз перзенттері қандай құрмет көрсетсе де артық емес екен.

Әке! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Оқушыларды кітап оқуға үндеу


Қарағанды қаласы
№10 жалпы білім беретін орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тулеуова Айгуль Тулеуовна

25 сәуір – дүние жүзілік оқу күні. Осы күні еліміздің барлық аймақтарында, барша білім ордалары мен білім ошақтарында кітап оқу ұйымдастырылады. Бұл күнді арнайы атап өтуге басты себеп – жастардың кітап оқуға қызығушылықтарының төмендеп кетуі. Қазір техниканың дамыған кезі болғандықтан, оқушыларға кітапханаға барып кітап алып оқығаннан, ұялы телефондар, компъютер, планшет және т.б. электрондық құралдарды қолдану оңайға соғып тұр. Яғни ұрпағымыз техникаға бағынышты болып бара жатқан сияқты. Бұл қазіргі кезде алдын алу қажет болған үлкен індет. Осы індеттің алдын алу мақсатында еліміздің кей жерлерінде аталған ісшараны қалай ұйымдастырып, қалай өткізу туралы дәрістер беріліп, тәжірибе жүзінде орындалып көруде.

Ісшараны қалай ұйымдыстырып, қалай өткізу әр мекеменің еншісіне берілді. Әркім әр түрлі әдіспен жүргізеді, бірақ ортақ мақсат бір: жастарды кітап оқуға шақыру. Кітапты зырылдатып оқып қана қоймай, одан өзіне керекті мәліметтерді түртіп алып отырады. Берілген әңгіменің тәрбиелік жағына аса назар аударылады. Берілген шығармада балаға қажетті жақсы іс-әрекеттер болуы керек. Игі істер мен өнегелі өсиет, ұлағатты сөздері мол әңгіме алған жөн. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұстаздарын ұлықтаған әр түлегін ұмытпаған білім ордасы


(Қазалы ауданы, Қожабақы ауылындағы №25 орта мектебі жайында жазылған)

№25 мектеп өзінің тарихындағы талай-талай тамаша ұстаздарымен мақтана алады. Олардың есімдері алдыңғы толқын шәкірттердің жадында көбірек сақталып қалуы - заңдылық. Себебі олар сол ұстаздардан дәріс алды, тәлімін көрді. Толқынды толқын қуады. Алдыңғы буын ұстаздардың біршамасының үлгісін көріп, күні кеше ғана №25 мектепте аға буын мұғалімдердің қатарын құрап жүрген бір топ ұстаздардың өздері де бұл күнде ардагер ұстаздардың сапын толықтырған еді. Бұл ұстаздардың қатарынан ең алғашқы болып сол кезде аға буын ұстаздардың алдында жүрген математика пәнінің мұғалімі, бір кезде өзі де осы мектепке басшылық жасаған Амангелді Есетовтің есімі аталады. Осы буын әрі қарай мына ұстаздармен жалғасқан еді: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Көйлек мәселесі


Күздің бұлыңғырлау бір күні, таңертеңгі мезгіл. Трамвай іші халыққа толы. Жанар кондуктордың тап қасындағы орындықта терезе түбінде ештеңеге көңіл аудармай, ойға шомып отыр.

Оның ұзын қайқыш кірпіктеріне ұялаған, күн шығар алдындағы орман үстіндегі бозғыл тұман секілді бір селдір көлеңке бар. Ол түнде ұзақ қадалып отырғандықтан ұйқы қанбағандықтың табы.

Трамвай, әдеттегіше, қоңырауын шылдырлатып кеп тоқтай қалды. Жұмысқа асыққан жұрт жабырласып тез мініп жатты. Тап осы кезде есік алдынан бір әйелдің шіңкілдей шыққан ашы даусы Жанардың тұнған ойының шырқын бұзып жіберді де, жалт бұрылып қарады. Бажылдап тұрған түбіт шәлі салған, шұбалаң қызғылт пальто киген, аяғында қонышына тірі ұстаған қызыл күрең туфлиі, қолында сол тұста былғары сумкасы бар сұңғақ бойлы, шегір сары келіншек еді. Жанар оны тани кетті. «Кербез ғой мынау, әкем - ау, қайдан жүр?!

Кербез бір аяғын трамвай баспалдағына салған күйде артына жалт бұрылды, жұртты бөгеп, қып – қызыл, қаймақтай жұқа еріндері жып-жып етіп шапылдап тұр.

— Сендер маған жоя көрсетпеңдер. Мінемін мінбеймін бе, өз еркім. Немене бәрің жабылып шу – шу етесіңдер. Алдағылар арырақ өтсін.

— Ішке кіріп сөйлеңіз, азаматша.

— Мінгіңіз келмесе, өзгеге жол беріңіз.

Жүретінін білдіріп, трамвай қоңырауын тағы шылдырлатты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметтері 2-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақ тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Мидың құрылысы мен қызметтері. Жұлынның құрылысы мен қызметтері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.1.7.3 жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу
Сабақ мақсаты: - жұлын мен мидың құрылысы білу
-жұлын мен мидың қызметтерін анықтау
-жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін сәкестердіру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Толқын Забирова Қалиқызы (1970 жылы 17 қазан)

Толқын Қалиқызы Забирова (1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында туған) — қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Өнертану ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

Білімі
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1979 - 1988 жылдары А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің дирижерлік классын «Хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша бітірген.
1988 - 1993 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал-хор факультетінің "жеке ән салу" мамандығы бойынша Социолистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, педагог-профессор Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың класын үздік бітірген.
1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Сәбит Мұқанов Тіл алушылар

1

— Бұл жолғы барлауға «тіл» әкелем деп өзіне өзі сенген ғана жолдас барсын, — деп ұшқынды кішірек қара көзін айнала ойнақшыта жүгірткен командирға:

— Мен, жолдас младший лейтенант! Әкелем тілді! — деді Расулов.

Расуловтың уәдесінде қалт болмайтынына сенімі көптен бекінген лейтенант:

— Мақұл!— деді оған жымия қарап,— ал, Расуловқа серік қайсының?

— Мен, жолдас лейтенант!-— деді Бектұрғанов.

Қайда бару, не істеу туралы лейтенанттан тапсырма алған екеуі қалың орманның ішіне сүңги жөнеле бергенде:

— Шіркін, осындайда жүзіктің, көзінен өтетін жылпос, жүйрік атың болса!— деді Бектұрғанов.

— Не істер ең ол атпен мына қалың орманның арасында?

— Көрер ең не істегенімді!.. Бірақ, жоқ қой ондай ат!..

— Неге жоқ?—деді Расулов, жеңіл күрсінген Бектұрғановқа, — Даяр атты кім мінбейді? Мықты болсаң немістен тартып ап мін!

— Кездессе көрер ем, — деп кіжінді Бектұрғанов......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Бүркітші


Күздің таңы баяулап атып келеді екен. Қос аңшы құстарын ұстап қостан шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті.

Мосқал жасты, бурыл сақал қарт бүркітші Бекбол жуан торы аттың шылбырын беліне қыстырып, енді үзеңгіге аяғын сала бергенде арт жағынан ат пысқырды. Сұр тонды кеспелтек денесін шапшаң бұрып сырт айналғанда, Бекбол кезең асып келе жатқан қасқа атты жүргіншіні көрді. Мойнына мылтық асынған, мезгілсіз жүрген жолаушы асығып, жедел келеді екен.

Бекбол ерге қонбай, торы атты сулығынан тартып, сол жүргінші келе жатқан жаққа бұрды да, ауыр бүркіт ұстаған оң қолын ердің үстіне салып, таңырқап тосып қалды.

Әлі алакөлеңке айыққан жоқ, сондықтан жүргіншінің кім екенін дәлдеп тани алмап еді.

— Мынау кім өзі? — деп жас жолдасына қарады.

Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жоқ екен. Ол да бүркіт ұстаған бойымен бұрылып сырт қарады. Бұл ұзын бойлы, сом денелі жігіттің бет ажарында тау күніне күйген қою қызыл бар. Қысқа мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан өткір көзді, сұлу жүзді, қара күрең жігіт еді. Жәнібекке де ең әуелі жолаушы атының қасқасы жарқ етті. Аңшылар тобы жайлаған бұл маңай қазір де елсіз. Колхоз фермасы болса бұл жайлаудан көшіп кеткен. "Октябрь" колхозы бұл маңға жалғыз осы үш үйлі аңшылар бригадасын ғана қалдырып кеткен еді... Соңғы он шақты күн ішінде бұл бригадаға оқта-текте келетін кісі болса, ол сол өздерінің колхозынан қатынасатын кісілер еді. Бірақ колхозға қараған жылқының ішінде некен-саяқ төбел немесе ақтанау, болмаса мынадай маңғыл қасқа жылқы жоқ болатын. Алакөлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқан баран атты ең жас аңшыны да таң қалдырды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы

Мәншүк Мәметова Жеңсікәліқызы (Жиенғалиқызы) 1922 Батыс Қазақстан қазіргі Орал облысының Орда ауданында туған. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болды да, бес жасар баланы оның тәтесі Әмина Мәметова бауырына басады. Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтті.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, соңымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың авгусында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Алғашында бригада штабында қызмет етті, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды....
Рефераттар
Толық
0 0