Әңгіме: Ұстаз ұлы тұлға


Тәуелсіз еліміздің болашағы – мектеп. Ол оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа жөн сілтер киелі орын десек қателеспейміз. Елбасымыз Н.Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз" деген болатын.

Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Ал, оған дұрыс та жүйелі тәрбие беретін екінші ана - ұстаз. Ұрпақ тәрбиесі секілді ұлы міндет жүктелген мектептегі мерейлі істердің барлығы мұғалімдердің арқасы.

Ұстаз - ұлағаттылықтың көзін ашар, жылылық нәрін себер жан. Мектептің жүрегі де, тірегі де ұстаз. Күн сайын жүздеген шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нәрін себуге ұмтылатын жылы жүзді жайдары жан.

Мұғалімдік қызметті, ұстаздық ұлағатты терең қадірлеген халқымыз білім мен тәрбие мәселесіне де ерекше ден қойғаны белгілі. Өйткені қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адам баласы міндетті түрде мұғалім алдын көруі тиіс. Ал, өркениеттілікке, жарқын, зайырлы қоғамға қол жеткізу үшін ақыл-есі бүтін кез-келген жас саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Мұғалімнің қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалімнің қателесуге қақысы жоқ.

Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!

Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер дегім келеді.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ы.Алтынсарин орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жулбаева Гулайым Сағынбайқызы .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз

Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны ана бөлмедегі шылымға жұмсап көріңіз.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз қиқаңдап, тәлпіштеніп бармай жатса, онда мұндай баланы жазалау керек. Өйткені ол ертең бастықпен жұмыс істейтін жігіт болады. Ал ешқандай бастық сіздің ұлыңыздың мұндай қиқаң-сиқаң мінезін көтере бермейді. Сондықтан оған осы бастан сабақ бола берсін.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барып шылымыңызды әкеп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Ертең ол бастығы жұмсағанда да осылай дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап жүретін жақсы жігіт болып өседі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Бүркіт аңшылығының суреттері


(Басылмаған романнан)

Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел ұмыттыратын жанды қызуы — аңшының әңгімесі, құсы, тілегі мен қуанышы, томағалы батыры, қыран серігі болады. Анда-санда алмағаны қажытпайды. Өйткені алдыңғы күн қызыл түлкінің құйрығын бұлаңдатып, алдыңнан көрсетіп тұрғандай болады.

Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаң бас қыран белсеніп, кірпік қақпай қалады. Жымдай қатқан жартастың жарық-жарығына от көзімен шаншылады. Сол кезде аңшы да қиялмен еріксіз алдын ала шауып: «Қазір ана жарықтан шығады, болмаса анау алаңнан, қағушының алдынан, бұлаңдап жөнеледі», — деп, аш қыранмен бірге еріксіз жалақтайды. Ұзақ күнді сол сияқты жанды үмітпен өткізіп, үйге келгенде бел шешіп жайланғаны, ас ішіп тыныққаны, алдыңғы күнге үміт артып, өткен күнгі көргенді айтып, ақын тіліндей шешен тілмен әңгіме қылғаны — қызуы мол толық өмір екеніне дау жоқ. Онымен салыстырғанда әншейін жүрген өмір шала-жансар, оты жоқ, гүлі жоқ сұр өмір сияқтанады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Жазу мәселесі туралы соңғы сөз


Алдымыздағы шілденің 10-­ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.

«Еңбекшіл қазақтың» 154­-санында емле туралы. 178, 179- ­ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-­інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.

Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қыз баланың қайырымдылығы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Қыз баланың қайырымдылығы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау
Сабақтың мақсаттары: Шығармалардың композициялық құрылымын анықтау.
Кейіпкердің образына баға беру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Математика әлеміне саяхат Мақта қыз бен мысық ертегісі желісімен

Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен.
Сабақтың мақсаты: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Ойынның шартын сақтап ойнауға, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу. Тілін, сөздік қорын, танымын дамыту.
Көрнекілігі: сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, слайд.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, сұрақ - жауап, салыстыру, түсіндіру, дидактикалық ойындар, тапсырмалар.

Мотивациялық қозғаушы
Балалар бүгін бізде ерекше күн, қонақ апайлар келді.
Қәне бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күн! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Салбурын

Бұйырғынды бел ақбұйраттанып, Арқаның апай-топайы бітеу күртіктеп тастаған қаңтар басы еді. Күңгейдегі қалың шұбардан ығыстап шыққан көк бөрі күйлі болса да кәрі тақыс-ты, бірақ құлан шабысты. Соңынан түсер қуғынды сезген ол қары жұмсақ қараған арасынан сытылып, теріскейге қарай тартқан.

Бел-белегір жоны — жұқа сере. Қозы жонға көтеріле соңына бұрыла қараған. Бірі ат, бірі моторлы шана мінген екеу шұбардың шетіне шығып, әлдеқалай аял құрыпты. Құйрығы қар сызған аң бөрібүлкекке салып, жөней берді. Беті — қиыстағы құла орман иірімі.

Бөрі көп ұзамай, тап маңдай алды — бұлдыраған орман басын шала инеліктей ілмиген пәлекет қылт ете қалғаны. Талайды көрген тақыс тарлан тікұшақтан бірақ ыға қойған жоқ, одан қауіп те күтпеді, төтелей тарта берді. Төбесінен қыранша құлдилай келіп, жел үйіріп өте шыққан немеге ептеп қана езуін ыржитып, бұлдыраған көкжиектегі орманға қарай қиыстай түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұқағали Мақатаев | Өзгермепті

...Оқытушы барлығын да білуі керек қой, әкем-ау, барлығын да

А.П. Чехов

Аңдып жүрген адамдай, дәл осы бір жайсыз көріністің үстінен шығармын ба...

Қалыңдығы бір елі көгілдір төртбұрышты әйнекке "Учительская" деп шебер жазылған есікті қағып тұрмын.

Есіктің ар жағында әлдекімнің дөрекілеу зекірген даусы естіледі.

— Сендер кім деп жүрсіңдер мені, хайуандар! Танытайын мен сендердің әк... — дей берді де, менің тықырымды естіген болуы керек, бір секунд кідіріп, үзіліс жасаған соң, сол арынымен: — Да! — деп қалып еді, құлағым шың ете түсті.

Есіктің кіреберіс оң жағында, кітаптар тұрған шкафқа арқасын бере екі оқушы тұр. Екеуі де маған жалт қарасып, қайтадан мойындары босап, салбырап қалды.

Иә еденге, иә омырауларындағы түймелеріне қарап тұрғаны белгісіз. Ал менің іздеп келген адамым осылардың қарсы алдында тұр екен. Піріне мініп алған. Ашулы реңін сәл-пәл өзгерткен боп, жымиғансып:

— О!.. Мұқыш! Келуіңмен! — деп, қолын беріп сәлемдесті. Оқушылармен оның оңаша отырғанын көріп, шыға тұрайын деген ишарат білдірдім.

— Отыр! Отыр! Мен қазір... Мыналармен... Бір минут... — деп, табуретканы ұсынды да:

— Түсір, ей, қолыңды! Мүләйімсуін қара малғұнның! — деп барып, саусақтарын уқалап тұрған оқушының қолын қағып жіберді. Жасықтау бала екен, көзін сығымдап- сығымдап қалып еді, көз жасы ытқып-ытқып кетті.

— Сабақта тыныш отырамысың енді?

— Отырамын, — деді оқушы кепкасымен көзін сүртіп.

— Бар, есіңде болсын! Ал сен тұр осылай бедірейіп. Өй, жалмауыз! — деп, екі жағынан тозаңы шыққан қайсар баланың иығынан бір жұлқып, бұрышқа тақаңқырап қойды. Қанша уақыт өткенін аңғармай да қалыппын. Әйтеуір, Әбен (оның аты осылай еді) қайсар оқушыға шүйіле бастағанда-ақ мен үстелдің үстінде тұрған глобусты әншейін айналдыра беріппін. Әбенім әлгі оқушының мойнының ұзындығын, мұрнының кішілігін, Мереке деп қойылған атының оған лайықсыз екенін, ақыры соңында әкесінің ауқаттылығын, соған Мерекенің мастанып жүргенін айта келіп: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Маска

Қоғамдық Х - шы клубта игі мақсатпен балмаскарад немесе жергілікті бикештер айтқандай, бал - парей беріліп жатқан еді.

Түнгі сағат он екі болатын. Би білмейтін зиялылар - бес кісі - бетпердесіз, оқу үйінде үлкен үстелді жағалай жайғасып, мұрындары мен сақалдарын газетке көме түсіп, оқып, қалғып-шұлғып әрі астана газеттерінің жергілікті тілшісі, аса бір еркін ойлы мырза айтпақшы, "ойланып" отырған еді.

Көпшілік залдан "Вьюшки" кадрилінің үні келіп тұр. Есік алдынан тарс-тұрс басып, қолындағы ыдысын сылдырата жүгіре лакейлер өте шығады. Оқу үйінің дәл өзі құлаққа ұрған танадай жым-жырт.

— Осы ара, сірә, қолайлырақ сияқты! Тартыңдар бері! Бермен қарай жігіттер! - деген құдды пеш ішінен шыққан сықылды болып, бір қылғынған жуан дауыс естіле қалды.

Есік ашылып, үстіне делбешінің костюмі мен басына тауыстың қауырсынын қадаған қалпақ киген бір маскалы, жауырыны жап-жалпақ, дембелше еркек оқу үйіне кіріп келді. Оған ілесе іле-шала маска киген екі әйел мен қолына поднос алған бір лакей де кірді. Подноста ликер құйылған жуан бутыль мен үш бөтелке қызыл және бірнеше стақан бар екен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.
Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0