Әңгіме: Бейімбет Майлин | Ел ермегі


Елде кәсіп жоқ. Қар кетісімен тырбанып бір-екі жер егін салса, жазғы кәсіпті сонымен бітті деп санайды. Көлеңкеге жатып, айран-шалабын ішіп, ұзақ күнді тек жатумен кеш қылады. Өзі қарап жатқан соң, жұмыс істегенді жақтырмайтын әдеті ғой, қит етсе орыстарды ермек қылады:

— Апырмай, орыс деген жан тыныштығын білмейтін "мақұлық"-ау. Шілденің ыстық күнінде шыжып жұмыс істеп жүргені. Бүйтіп тапқан малы құрысын! — дейді.

Орыстың кәсібі өнімді. Егінді көп салған соң, күзді күні астықты көп алады. Жаздай дамыл көрмей, тырбанып шөп жияды. "Жан тыныштығын" білгіш қазақтың бір-екі жер егіні қыс ішуіне жетпей қалып, бір күні дорбасын қолтығына қысып тамырына барады.

— Ай, тамыр, менікі ұн біткен. Сен маған бидай бер, менікі саған жер береді!..

Міне, оңай сауда! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Айсәуле


Жеңгесі өзінен төрт жас кіші. Бірақ «жасым кіші» деп жүрген ол жоқ, таңертеңнен құлақ етін жеп, шегелеп тұрып айтқан. «Бүгін Зейнеппен жолықтырамын, ешқайда қашып кетпе. Кешкісін Әскердің үйі босайды. Бала-шағасымен Көлбұлаққа кетеді екен. Қызды сонда әкелеміз. Қиқаң-сиқаңды қой. Бүгін не бүк, не шік болып шық» деп салмақ сала сөйлеп, дік-дік басып шығып кеткен. Жеңгесінің аты — Әсел, осы ауылдың қызы. Мұның екінші атадан қосылатын ағасы Мінуарға тұрмысқа шыққанына он екінші жыл. Жасы отызға осы көктемде ғана толса да, Әсел ажары тозып-ақ қалған. Тозбай қайтсін, бірі етегіне, бірі жетегіне жармасқан төрт баланы бағып-асырау оңай болып па?

Мінуар ағасы Әселге үйленгенде Ғұмыр әскерден жаңа келіп еді. Өзінен төрт сынып төмен оқыған қыздың келбетін әуелде көз алдына келтіре алмай-ақ қойған. Дегенмен екеуі жеңге-қайны болып тез табысты. Ғұмыр Әселдің ашықтығын, ақкөңілділігін жақсы көреді. Ашуының зілі жоқ, дүңк еткізіп айта салады да, артынан өзінің не айтқанын ұмытып қалады. Қазір есіне түсірсе, Әсел келін болған он екі жыл ішінде ол тек Ғұмырға қалыңдық іздеумен күн өткізген сияқты.

Ғұмыр — бір үйдің жалғыз ұлы. Жасы биыл отыз төртке шықты. Әлі бойдақ. Әсел жеңгесі мұның бойдақтығын жасықтығынан, жуастығынан көреді. Ғұмыр шынында да тым жуас. Момын. Үндемес. Төрт әпкесі де күйеуге тиіп кеткен соң қарт ата-анасына қарап үйде қалған. Оқыған жоқ. Өзінің талабы да болмады. Білетіні — жазда қолына ұстайтын шалғысы, қыста — айыры......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мархабат Байғұт | Оқу залы


О баста оқу залына ғашық болдым.

Алматының Гоголь көшесінде Чехов атындағы кітапхана бар ғой. Соның оқу залын айтып отырмын.

Одан соң оқу залында Айкенжені...

Сүйіп қалдым дейін бе, демейін бе? Өзгелерге, кім білсін-ай, кім білсін, оп-оңай шығар. Ал мына маған ондай сөзді айту – азап.

Студенттік ғұмырым сұрғылт сиырымыздың желінінен іріп шығатын сүттей бүлініп сала берсе, шара нешік. Шешемнің белін бумаққа әзер жарайтын қара шылбырдың қалдығындай қайта-қайта бытырлай үзіліп кете берсе, амал қанша.

Отырар мен Оқсыздың арасына түзу сызық жүргізсеңіз, Сырдарияға таманырақта біздің ауыл бір нүкте боп көрінер. Адыраспан түйін тастай бастағанда, сол ауылдың орта мектебін тәмәмдаған төртеуміз Алматыға аттануға тиіс ек. Ол кезде оқуға түспекке талпынатындарды талапкер емес, абитуриент деп атайтын.

Сырдарияның тоғайында сиреп кеткен тораңғылға және былайырақтағы сәуір гүлі семе қоймаған жыңғылға қимай-қимай қараймыз. Әбунасыр данышпанның кіндік қаны тамған төбенің түстік бүйірі мамыр мейрамына жетпей-ақ күйіп кеткентұғын. Маусымның соңында қылтанақсыз қиялар құм суырып тұрды.

— А-ал, абитуриенттер! Жортқанда жолдарың болсын! — деді Мошқал ағай жел жұлмалаған жасыл адыраспанды сүйір таяғының ұшымен түрте тарағыштап. — Ең бастысы, осы Оқсыз маңында ұлы ойшылдың туып-өскенін ұмытпаңдар. Ең құрығанда, төртеуіңнен екеуің оқуға түспесеңдер, бүкіл республикаға машқарамыз шығады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Назерке Ибадуллаева Менің мамандығым менің өмірім

Əрбір мектеп бітіруші түлектің ойында жауабы бұлыңғыр мыңдаған сұрақ тұрады. "ҰБТ-ға қаншалықты дайынмын?", "Ата-анамның маған артқан үміті ақталар ма екен?", "Болашақта қандай мамандық иесі боламын?", "Оның еліме, өзіме тигізер пайдасы қандай болмақ?" деген сансыз сауалдың менің де ой-санамды шырмағанына аз болған жоқ. Осылай ой жетегінде жүргенде, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласың." Нар тəуекел!" деп, бір мамандықты таңдайсың. Ол ата-анаңның не достарыңның айтқаны емес, өз жүрек қалауың болмақ! Барлық жас түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайды десек, артық айтқан болармыз. Алайда менің жүрегімнің қалауы болашағымның адастырмас қазығына айналарына сенемін.

Бүлдіршін шақта көпшілігіміз ұстаз болуды армандаймыз. Бірінші сыныпқа келген балақандарға əліпби үйретіп, қолына қалам ұстатып, жазуға баулуды бақыт санайсың. Алайда жоғары сыныпқа келген шақта, неге екені белгісіз, ол ойыңнан қайтасың да, мүлдем басқа салада қызмет атқаруды жөн көре бастайсың. Ойланып жүргенде, бұл мəселеге ата-анаң да кірісіп, қолдау көрсетіп, қажет болса, нұсқау да беруге дайын екенін білдіреді. Алайда менің ата-анам мамандық таңдау мүмкіндігін өз еркіме қалдырды. Оған өзім іштей мəз боламын. Еркін болғанға не жетсін!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ауылшаруашылығы | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет көрсету
Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қызылорда облысының Құмкөл мұнай кеніші орналасқан жердің физико-геогафиялық ерекшеліктері мен климаттық жағдайы

Кіріспе
Қазіргі кезде ғылыми – техниканың қарыштап алға басуы, адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа орны толмас зор зиян тигізіп отыр.
Бүгінгі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы мұнай және газбен ластану есебінен де жүріп отыр. Жылу – энергетикалық ресурстарды тым артық пайдалану, соның бірі – мұнай, қоршаған ортаның ластануына, яғни экологиялық жағдай қаупі дәрежесінің артуына әкеліп отыр.
Мұнай кеніштерін өңдеу барысында топырақ және ландшафтарға әсер ету факторлары механикалық бұзылу және химиялық ластану болып табылады. Топырақ жамылғысының механикалық бұзылуы іздеу, ұңғыларды барлау және технологиялық объектілер құрылысы кезінде жүреді. Нәтижесінде өсімдік түрлері жойылады, топырақ горизонттарының жоғарғы бөлігі тығыздалады және бұзылады, ал ол өз кезегінде эрозия үрдісінің дамуына әкеліп, екінші ретті тұздалуының себебі болады.
Қазақстан – мұнай және табиғи газға бай елдердің бірі. Мұнай қоры бойынша әлемде 12 – ші орында, ал мұнайды өндіру бойынша 23 – орынды алып отыр. Республикамызда қазіргі кезде 208 – дей мұнай кеніштері бар, олар территориямыздың 62% – ын алып жатыр. Осы мұнй кеніші қатарына Қызылорда облысы да жатады. Болжам бойынша бұл жердегі мұнайдың қоры 350 млн тонна болса, 100 млрд м³ газ үлесі алып отыр.
Ластанудың негізгі себептері:
● Ластаушы заттармен атмосфераның, жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың ластану.
● Технологиялық құрал – жабдықтардың төменгі сапасы мен олардың
апатқа ұшырау мүмкіндігінің жоғарлылығы.
● Топыраққа түсетін ауыр техниканы пайдалану.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қырық қыз(аңыз ізімен)

Тұғырың биік туған елім! Ақ басты бұлттары алыстан қол бұлғап шақыратын қасиетті Атамекенім! Сенің көсіліп жатқан дархан далаңда өзің үшін қасық қанын қиған не бір қасқалар өтті. Қиын-қыстау өткеніңді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізбекті өзіне мұрат тұтқан нендей данышпандар ғұмыр кешіпті сенде. Бағзы замандарда, сенің мейірімді анадай нұрлы жүзіңе қылышынан қан тамған қатыгездер де ат ойнатыпты-ау. Одан бері де талай көш жүріп өткен жолдар сенің бетіңе торлай әжім боп ұялапты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Перзент парызы

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

(«Әкелерге арнау» өлеңінен)

1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Көзімнің қарасы


Зау биікте көк әлемнің көзіндей боп қара ноқат қалықтайды. Қара баршын қанатының астында Алатау шұбартады, Алматы мұнартады. Көк жүзінде алаңсыз жүзген тау қыраны отты жанарымен нөпір қалаға қарашығын сүзеді.

Ал “Ақсай” ауданындағы “Әзірет-Әлі” кафесінде кездескен үшеу әлдеқандай алаңдаулы.

— ... —

— ... —

— ... —

— Көке, — деді жасы жиырманың ішіндегі бойжеткен, — қазір өмір өзгерген... Сіз түк те түсінбейсіз?

— Қарашығым-ау! — деді еңгезердей азамат. — Түсінбейтін мына мен бе? Сен не деп отырсың? Махмұт, мына қыз не дейді? Бағанадан айтқан сөзім далаға кетіпті ғой... Қарғам-ау, не деп отырсың? Білемісің?!

— Кеще... Кеще екенбіз біз, — деді Махмұт жағын қышырлата жанып. — Менің қызым болса, ...

— Көке! — деді Самал, — Мен оны сүйемін! — дауысы салмақпен зілді шықты. — Кешіріңіз! Маған басқа ешкімнің де керегі жоқ.

— “Көке” деме, — деді Рамазан ызғарлы үнмен. — Енді сенде “көке” де жоқ... “Әке” де жоқ. Көкектің жұмыртқасы...

Үшеуі де үнсіз қалды. Әке .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Александр Пушкин | Капитан қызы

Арыңды жастан сақта
Мақал

ГВАРДИЯ СЕРЖАНТЫ

Болар еді күні ертең гвардия капитаны.
«Ол қажетсіз; армияда істесін.
Жөн айтылған сөз осы.
Қиналып көрсін түскесін».
Әкесі кім еді өзінің?
Княжнин


Менің әкем, Андрей Петрович Гринев, жасында граф Минихтың қарауында әскери қызмет істеп, 17... жылы премьер-майор боп отставкаға шыққан. Содан соң Симбирдегі өзінің туған деревнясына қайтып, сондағы бір кедейленген дворянның Авдотья Васильевна Ю. деген қызына үйленіпті. Біз тоғыз ағайынды екенбіз. Менен басқалары түгел жастай өліпті. Жақын туысымыз гвардия майоры, князь Б-ның жәрдемімен мен Семенов полкының сержанты болып жазылдым. Бірақ, оқуым біткенше мен демалыста жүрген боп саналдым. Момын мінезді, үй қызметкері Савельичтің күтуіне тапсырылдым, ол менің тәрбиешім болды. Соның қарауында жүріп, он екі жасымда орысша хат таныдым. Аңшыл иттердің қасиеттерін шешен сөйлейтін, әңгімешіл де боп алдым. Осы кезде әкем маған арнап, Москвадан Мосье Бопре деген французды тәрбиешілікке алдырып жалдады; оның өзіне бір жылға жетерлік шарап пен прован майын да қоса алдырды. Француздың келуін Савельич қатты ұнатпады.

— Аллаға шүкір, баланың бет-аузы таза, шашы мезгілімен таралып, таматын да мезгілімен ішуші еді; ақшасын қояр жер таппағандай мусьені жалдағаны несі, өз адамдары жетпеді ме екен.. - деп қоңқылдайды Савельич.

Бопре өз жұртында шаштараз екен, кейін Пруссияда солдат бопты; pous cfrc out.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0