Әңгіме: Тәуелсіздік ел тілегі қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл


Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.



Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас-қағым-ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердін тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Желбіре Жеңіс жалауы

Шығарма атам айтқан сөзден туды,
Ғаламтор,кітап,газет-журнал емес ,
Сыр бүркеніп,жас тамған көзден туды.
Балалық шақта дәурен құра алмаған,
Қайғы шегіп, қан жұтқан кезден туды.

Автор

Мамыр айы келсе, ата-әжелеріміздің мерекесі бірге келетіні бәрімізге аян.Ұлы Отан соғысының Қазақстан халықтарына салған салмағы аз болған жоқ.Өзім соғысты көрмесем де, ата-әжелеріміздің айтқан әңгімелерін тыңдап, соғыстың салған жарасын, езілген ет жүректің соққан лүпілін, қалдырған ізін, ой елегімнен өткізіп,атамды сағынып еске аламын. Атам мені дүниеге келген күнімнен бастап, аса жақсы көріп, бауырына басып өсірді. Әр жылы 9 мамырда болатын Ұлы Жеңістің мерекесіне баратын кезде біздің үйде, үлкен қуаныш болатын. Атам медаль, орденге омырауы толы костюмін киіп, жүзі жайнап мені бір иіскеп құшақтайтын еді. Ал анам болса таңның атысымен ерте тұрып мерекелік дастархан әзірлейтін еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбіш Кекілбаев | Автомобиль

Сен ылғи шалғай қиырларға, алыс сапaрларға аттанушы ең. Сондай бір айлап-жылдап жүретін ұзақ рейстен әлі оралмай қойғаның.

Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің - Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Талайларды алыс жолдарға, сәт сапарларға өзің аттандырдың. Міні әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің.. Сол сапар ақым, досқарызым өтелген жоқ, енді өтелмекші де емес...

Сенің атың Қобылан еді. О баста Қобыландыдай батыр болсын деп қойылған шығар.Сенің өн бойыңда, шынында да батырларға тән молдық, ерлік бар еді. Сол дархан молдығың мен кеңдігіңнен де бейбіт заманда бейуақ, опат болдың. Ақ түтек боранда бала кезден бауыр басқан рулін ғана басыңды сүйеді.

Өзіңді енді қайтып көрмес, құшақтаспас мәңгілік ғайыпқа қимайтын өз көңіліме жұбаныш болсын деп жазылғам өзің мен әріптес достарыңның сонау ақ желең жинақтары туралы осынау шағын хикаяны аяулы аға, дос, Қобылан, шофер Қобылан Зоранов, саған бағыштадым.

Aвтор.



Это как выпущенный бег, знающий свой путь...

Ригведа, Гимн Варуне

Мы живем впервые...

Юрий Олеша.

I

Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Шынар Жанысбекова Жеңісқызы

Жанысбекова Шынар Жеңісқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында дүниеге келді.
1990ж. Қазақ Ұлттық Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтын «Театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.
1991жылдан М.Әуезов театрының актерлік құрамында қызмет етеді.
Сахнадағы негізі рольдері:
М.Әуезовтің «Абайында» Ажар (реж. Ә.Мәмбетов), «Еңлік-Кебегінде» Еңлік (реж. Ж.Хаджиев), Б.Брехттің «Тоғышардың тойында» Әпке (реж. Б.Атабаев), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Шафақ («Күнәһар», реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Кәмила, Гаухар (реж. Б.Омаров), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Мақпал (реж. Қ.Сүгірбеков), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Қалиса (реж. Ә.Рахимов), Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағила (реж. Б.Атабаев), Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайында» Хакима (реж. Б.Атабаев), М.Мақатаевтің «Қош, махаббатында» Айша (реж. Б.Атабаев), В.Смеховтің «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» мюзиклінде Зейнаб (реж. Т.Аралбай), Шахимарденнің «Қазақтарында» Мехри ханум (реж. Т.әл-Тарази), Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Сайра (реж. О.Кенебаев), И.Сапарбаевтың «Сыған серенадасында» Изольда (реж. Е.Обаев, Т.Аралбаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Қали (реж. Е.Обаев), Иран-Ғайыптың «Мен келемінінде» Ақмұнар (реж. Қ.Қасымов), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» Келін (реж. Е.Обаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!.» комедиясында Айка (реж. М.Ахманов), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Наталья Ивановна (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), Р.Отарбаевтің «Бейбарыс сұлтанында» Фатима (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағымында» Тамара (реж. Е.Нұрсұлтан), Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» Жаналғыш ажал (реж. Й.Вайткус), И.Вовнянконың «Қаза мен жазасында» Шапиға (реж. А.Әшімов, С.Асқаров), А.Володиннің «Қоштасқым келмейдісінде» Козлова (реж. А.Маемиров), Б.Брехтің «Көкектің әнінде» Дженни-бүлдірген (реж. Е.Нұрсұлтан), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Аягөз (реж.Е.Нұрсұлтан) т. б.
Кинодағы рольдері: ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Бадырақ

I тарау

Таң анық атқан жоқ. Айдың аяққы қараңғысы. Таң алдына шейін талықсып келіп, бой жасаған өлетін адамның көзіндей ажарланып бағжиған жұлдыздар жерді албастыдай басып тұрған меңіреу қараңғылыққа әр жерден өштесіп, өжеттенгендей. Бірақ өздері еңкейіп батып бара жатқам сияқты.

Осы қараңғылықпен араласа әр ауылдың қонысында түйенің анда-санда бақ еткен дауысы естіледі. Жылқы кісінейді. Тәрізі бұл өңірдегі ауылдар көшіп жатыр. Жер салқынмен көшпесе бүгінгі кештегі қозы-лақ жете алмайтын кер баланың шеліндей бір бұйрат құм еді.

Сондықтан қатындар сүтті пісіріп, ұйытпай тұрып тұлыпқа құйып, іңірден бастап үйді жыққан. Қомның арқаны тесін қысқан түйелер бақырады.

Бір жерден қызғыш құс ұшты, ойқыр демей біреу жортып, бірнәрсе қарап келе жатқандай. Қызғыш осыдан ұшып еді. Бұл бала күреңге тоқым салып жайдақ мініп, байдікіне қонған екі қонақтың атын іздеп жүрген қойшы еді. Қойшының аты Бадырақ. Қойшы көшіп келе жатқан ауылдың жанындағы қоңыр белеске таман келіп, күреңінен топ етіп түсіп, жантайып жата кетті.

Бадырақ — байдың жалшысы. Жасы жиырманың екеуінде, орта бойлы, дембелше, жауырыны қақпақтай, жас жігіттің алыбы еді. Төбесі биіктеу, шекесі торсықтай, бүркіт қабақ есті жігіт. Арысқа түсіп алысқанда жауырыны жерге тимей жүрген, кеудесі есіктей, балтыры бесіктей бал улы, құлама жарлауыт кабак астына оты ойнай біткен қой көзі кедейліктің неше алуан езгісінен, жалшылықтың жаншуынан жасқанып, қылау құрлы көретін емес. Өзгеше бір отты қайрат қайраулы тұрғандай. Неге салсаң соны жалбыратып түсетін өткір алмас.

Бұл әке-шешесі жасында өліп жетім, панасыз қалған Қоянбай деген бала еді. Бір жұт жылы мұның шешесі болғанда қой таба алмай, қояннан қалжа жеген екен. Сондықтан мұның атын Қоянбай қоя салыпты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылау


Студент бойындағы шыншылдық, адалдық, мейірімділік, патриоттық, ұлттық, тұрақтылық сияқты рухани қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, қоғамда еркін сөйлеуін, өз ойын еркін айта алатын қабілетті ұл-қыз тәрбиелеу мақсатында пікір талас өткізу. Студенттермен тәрбие жұмыстарының бағыттарын талқылайтын мәселелер:

1. Рухани - адамгершілік тәрбие
2. Ұлттық тәрбие
3. Отбасы тәрбиесі
4. Еңбек және кәсіби тәрбие
5. Азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие
6. Экологиялық, экономикалық тәрбие
7. Эстетикалық тәрбие .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Түймебай тәуіп


(этнографиялық әңгіме)

Әбітай төсекте сұлық жатады. Бұл бір тыншыған кезі. әйтпесе ояу болса, екі жағынан екі кісі қолын басып отырады. Босанса тұра қашады. Ондай жағдайда жолында не тұрса да қаймықпайды, соғып өтеді. Бірде жанында отырған әйелдердің шамасы келмей қалып, тұра қашып, ұста дүкенінің алдында жатқан, арбаның шенін тартатын диірмен тасты сүзіп жатқанда ұстап алдық. Ол кезде кіресілі-шығасылы есі бар болатын. Есі бір кіріп кеткенде, мені құшақтап «Балбақ, мен қор болдым-ау», — деп жылап жібергенде сай-сүйегім сырқырады. He дейін, «Әлі-ақ жазылып кетесің». — деп жұбатқан болдым.

Әйелдер демекші, ұлы Отан соғысы жүріп жатқан қырық төртінші жылдың қысында оның жанына отырғызатын еркек табылмайды. Күші күн асқан сайын тебіндеп-кернеп келе жатқан он алты жасар жас жігітке әйелдердің әлі жетуі қиын. Әйелдерді отырғызғандағы амалымыздың аяғы жоғарыдағы, екі әйелді екі сілкіп, қашып кетеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Барымта

Жарық айлы түн еді, Аспан бұлтсыз ашық. Мың сан жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай таласып жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке.таман қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған. Қайтадан елдің бес-алты ауылы Кеңөзекке кешелер қонған болатын. Кеңөзек жайлаудағы шалқар қоныстың бірі еді. Бұның жері биік, кең төскей болатын. Терісаққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-жиырма ауылдай ел сыйып кететін қоныс бар еді. Қойнын ашып, төсін керген жалпақ шалғынды өзектің ортасында Кеңөзектің жіңішке суы ағатын. Бұл қоныстың өзге жайлаулардағы қоныстардың ішінде ең ерекше жері — жаздың қандай ыстық күн болса да, өзге жерден ерекше бір салқыны болатын. Солтүстіктегі биік таулардан асып келіп, үзіліп-үзіліп майысып соғып тұратын қоңыр салқын желі болушы еді. Өзектің айналасындағы төбелер ылғи жасыл шөпке оранып, мәңгі жастық түсінен айрылмайтын сияқтанушы еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жастар арасындағы Абай оқуларының маңызы неде


PS: Бүгінде интернет желісін ашып қалсаңыз болғаны, неше түрлі жаңалықтарға тап боласыз. Дүбірлі дүниенің дүркіреген даусы алдыңызда айдан анық шыға келеді. Приоритетті, толғандыратын, талқыға көп салынатын жастар мәселесі өріп жүр. Небір сұмдық, суық хабарлар жағаңды ұстатады. Мысалы, жастардың мейірімсіздігі, зұлымдық әрекеттері, суицид, т.б.

Жақында ғана Астана қаласында бірге тұрған дос құрбысын өлтіріп, денесін 26 жерден пышақтап, кілемге орап, кіреберіске шығарып тастаған жағдай Қазақстанның БАҚ беттерін «Азапты өлім» айдарымен шулатты. Күн сайын елімізде осы тақылеттес қатыгездікпен жасалып жатқан түрлі жағдайлар орын алуда.

Енді интернеттің жаңа бетін ашып, іздеу жолағына «Человек из очереди» деп теріңіз. Кореялықтардың түсірген бұл ролик-видеосы әлеуметтік парақшаларда ең көп дауыс жинаған туынды. Әлеуметтік желі тұтынушылары осы видеомен бөлісу арқылы барша әлемді мейірімді болуға, қайырымды істер жасауға, адамдардың бір-біріне адамгершілік, ізгілік, мейірбандылық, бауырмалдылық, жақсылық танытуға шақырады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0