Қыздарға кеңес

✅ Саған адал әйел ✅

Ертеректе бір көпес төрт әйелімен өмір сүрді.

4-ші әйелі: Көпес оны бәрінен қатты жақсы көретін. Әдемі көйлек пен бағалы сыйлықтардың бәрін соның үстіне жапсыратын. Соның күтімін жасап, соны аялап, алақанында ардақтаушы еді.

3-ші әйелі: Көпесі оны да қаты жақсы көрді. Оны сұлулығын мақтаныш көріп, әр жолы реті келгенде достарына көрсетіп қалуға тырысатын. Алайда, ертелі-кеш біреуге кетіп қалар ма екен деген қорқыныш кеудесінен кетпейтін.

2-ші әйелі: Екінші әйелін де жақсы көрді. Екінші келіншегі өте ұқыпты әрі сабырлы болатын. Әр жолы басы дауға қалғанда, содан барып көмек сұрайтын. Қиын уақыттардың бәрінде ол қол ұшын беретін.

Көпестің бірінші әйелі адал, жұмсақ жан еді, әр уақытта көпестің өсіп-өркендеуін тілеумен жүретін. Бірақ, оған көпес назар аудармайтын, назар аударса да, мән бермейтін. Ал ол болса өліп-өше сүйіп қала беретін.......
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Ақымақтың миы


(этнографиялық әңгіме)

Бозала таңнан қара кешке дейін үйдің жанына жапсыра жиналған бір мая шөптің күнгей жағына отырып күн шуақтайтын Томардың күндегі әдеті еді. Жасы жиырмаға келсе де қарекетсіз, бекерден қолы тимейтін байдың боркемік баласының бар бітірері шөп төсеп алып бір көзін ашып, бір кезін жұмып көктемнің өткір күнінің кезіне сығырая қарап отыру. Ол ешкіммен әңгімелеспейді де, оны ешкім керек етпейді де, бұл дүниеде оның бары-жоғы бәрі бір, оны ешкім жоқтамайды да. Күндегі әдеті осы. Сәресіні ішкен соң-ақ қыстай үстін қар басып кіріккен маядан бір құшақ шөпті уыстап-уыстап зорға суырып, жұлып алады да, оның түстік жағына төсеп, үстіндегі қоңыр тонын шешіп, етегін астына баса желбегей жамылып отырады. Күн қызуы маңдайдан өткен кезде кейде қалғып та кетеді. Екі аяғын екі жаққа талтайтып көсе тастап, бір кезек ұйықтап, әлде жараған бураша есінеп күн өткізеді. Осылай отырған Томар тамылжыған күн маужыратып енді көзі жұмылып бара жатқанда екі атты кісінің сөйлесіп тұрғанын байқады. Әлдеқалай манаурап отырған оның ұйқысы ашылып кетті. Тобыршақ торыға мінген қара жігіт шабдар жорғалыға қарап: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Жас жұбайлардың анасы


Ана ауыр науқасқа шалдыққан еді. Төсек тартып жатып қалған. Осы кезде оның жалғыз ұлы үйленді. Ана өз өмірінде бұл тойды асыға күткен еді. Онда үнемі өзін тойдың ортасында мәре-сәре боп жүгіріп жүрген қалпында елестететін. Бірақ анаға қазіргі сәтте ауыр науқасы бұған мүмкіндік бермеді. Оның орнына тойда сіңлілері жүгіріп жүрді ғой. Сонда да ана төсегінде жатып алып, ұлының үйленіп жатқандығына қуанып жатты.

Той да өтті. Адамдар тарап кетті. Тек ананың жанында кеше ғана үйленген жас жұбайлар қалды. Жастар үнемі ас ішетін мезгіл болғанда, ананы да өздерімен бірге ас ішуге шақыратын еді. Бірақ ана оған жарамайды ғой. Дегенмен үнемі: "Мені өздеріңнің ас ішкелі жатқан бөлмелеріңе апарып жатқызыңдаршы, - дейтін ана. - Мен сендердің қатар отырып ас ішіп отырғандарыңды көріп жатқым келеді".
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Анекдотшыл күйеулер


- Не анекдот?! Не анекдот?!

- Ау, айтайық та әуелі.

- Ал, айтшы арманда қалмай!

- Бір күні Брежнев Олимпиаданы ашып жатқан ғой. Содан сөзін бастап жатып "О" дейді. Жұрт ду қол шапалақтайды. Екінші рет тағы да "О" дейді. Жұрт тағы да ду қол шапалақтайды. Үшінші рет "О" дегенде, жұрт тым-тырыс. Сол кезде көмекшілерінің бірі жүгіріп келіп: "Леонид Ильич, сіздің оқитын текстіңіз төменгі жағында. Сіз Олимпиаданың эмблемасын оқып тұрсыз", - депті.

Бірақ Қалдыгүл Нағи айтқан бұл анекдотқа күлген жоқ.

- Құдай, сол мазақ қылғаның мен болсын! - деді.

- Не, сен Брежнев пе едің?

- Сол менің оқымағандығымды бетіме басып отырсың ғой. Сен оқыдың ғой, ал! Оқығанда, бірдеңе бітіріп жатсың ба?!

- Сені біреу оқымаған деп жатыр ма?

- .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Билетіңіз бар ма


(болған оқиға)

Бірде жол түсіп мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазасына ене бергенімде алдымнан жас шамасы төрт бестердегі бала жолықты. Маған:
— Əпкей, əпке тоқтаңызшы!-деп маған күлімсірей қарап тұр. Іштей неге тоқтатты екен деп таңдандым да:
— Йə балақай? Айта ғой!
— Əпке мешітке кіруге билетіңіз бар ма?- деді. Басында түсінбей қалдым. Бірақ бірден ойыма "Дəрет алдыңыз ба?" деп сұрағанын түсіндім.
— Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар.
— Онда мені де ап кетіңізші! Аспанға менде ұшайыншы!
— Жарайды, жүре ғой!
— Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен мен сиямын ба?-деді. Не деп жауап берерімді білмей:
— Ол жаққа кез келген адам ұша алады(намаз оқи алады). Мешіт бос, имамдардың қарасы да көрінбеді. Сол жерде дұға тілеп отырдым. Жаңағы балақай да жанымда отырған болатын.
Мешітке келген шаруам аяқталған соң, бала адасып қалған ба білгім кеп сұрамақ болған едім. Аяқ асты ғайып болды. Сол маңда біраз іздеп, маңайдан сұрастырдым. Көрген, білген адам табылмады. Бірақ, үйіме қуанышпен оралдым. Сол маңайдан өте қалсам балақайды ылғи іздеп тұрам. Бұл оқиғаны ешкімге айтып жеткізе алмасым анық! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сот жүйесі | Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты

Кіріспе
Сот алқалары облыстық соттар үшін аппеляциялық саты болып табылады.Олар облыстық соттағы сот алқаларының заңды күшіне енбеген үкімдерге және шешімдерге шағым мен наразылық бойынша істерді қарауға құқылы. ҚР ҚІЖК-нің 292-бабының 3,4 –тармақтарына сәйкес : «ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестірілген соттардың істері бірінші саты бойынша қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдеріне,қаулыларына аппеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялық тәртіппен қарайды.
Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінде болып жатқан маңызды реформалар мен құқық қорғау органдары құрылымына да бірқатар өзгеріс әкелгені аян. Ендеше, мемлекеттік биліктің бір тармағы-сот билігін жүзеге асыру саласында да елеулі мәні бар жаңалықтардың енгізілуін орынды құбылыс деп бағалауға болады.
Сот төрелігін жүзеге асырушы сот органдарының басты міндеті қылмыстық істі шешу, қылмыстық заңды дұрыс қолдану және әділеттілік пен заңдылықтың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл мідеттерге қол жеткізу ,қоғам өмірінде азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін со арқылы қорғау қағидасының орындалағаны деп айтуға болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Тұл


Бетон үйдің қоңырауы шолпы сылдырындай сыңғыр ете қалды. Қолына ыстық кофені ала берген Серафима дір ете түсті. Таң атпастан бейсауат жүрген “кім болды екен?” деп елеңдеп те еді, бірақ қарадан-қарап дір ете түскеніне өзі де таңырқады... Дегенмен өмір бойы әлдебіреуді елеңдей күтіп келе жатқан аңсар сезім сырғыған сынаптай соғып өтті. Ол да соқтықпалы дерт секілді ойнамалы еді.

Ауыр денесін жеңіл қозғаған әйел темір есіктің “көзінен” қарады. Қабат үйдің кіреберіс алаңқайында екі адам тұр. Оның ұзын бойлы, қара киімді қарты келесі қабатқа көтерілер баспалдақтың қашағашына сүйеніпті. Қасындағы немересі болса керек, тым жас көрінді.

Қоңырау тағы сылдыр етті.

— Бұл кім? — деді Соня.

— А...а...а... қарағым!.. — деген қарт адамның дауысы қарлығыңқырап шықты. — Мен — әкеңнің бір танысы едім...

Өткен түнде ғана әкесімен сөйлескен-ді, бірақ ештеңе демеп еді. Мұның ойының үстінен түскендей:

— Қарағым! Сен мені танымайсың. Әкеңе де көп болды, хабарласқан емеспін. Сен қам жеме! Менің өзіңе деген бір ауыз сөзім бар... Әкеңе емес. Сол үшін құлқын сәріден кеп тұрмын. Ғапу ет! — деді арғы жақтан.

Бұл еріксіз есік ашты......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сәкен Сейфуллин | Жұбату

Мамыр айы.

Таң алды...

Ауыл Нұра бойында. Аспанды түнерген қара бұлт қаптап, қара түнді өте-мөте меңіреу қылып тұр. Көшіп шаршап келіп, жаппалап қонған ауыл ұйқы тұтқынында жатыр.

Төңірек тып-тыныш.

Күншығыстан ескен майда қоңыр жел өзен бойындағы қалың талдардың, бұталардың, шөптердің бастарын теңселтіп, ақырын ызыңдап тұр. Көрінбей ақырын жүріп, жұмсақ сыпсыңдаған жүйрік жел мен түнерген талдардың жапырақтары қалтырасып, ақырын-ақырын сыбырласып, сырласқандай. Осы қараңғы түнде майда қоңыр желдің жаяулаған жұмсақ қоңыр сарынынан басқа, бұталардың ақырын ызыңдаған баяу үнді, мұңды күйінен басқа, тал жапырақтарының жат тілді сырлы сыбырларынан басқа, алдыңғы ауылдан ақырын, нәзік сыңсыған бір ызың естіледі. Сыңсыған ызың жүректің ең нәзік сезімді күйлерін қозғап, үзіліп-үзіліп, өксіп-өксіп естіледі.

Еріксіз тыңдап, құлағымды сала, ызыңға қарай жүрдім. Таяуырақ тыңдағанда, ызыңнан көкіректі қарс айырған жасырын күйініш, ащы қасірет естіледі. Мұңды, қайғылы зар естіледі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Cүлеймен Баязитов | Бұлақ


Шың басынан құлдырап,

Құлап аққан тас бұлақ.

Әлденені былдырап,

Айтатындай тұр құлақ.

Әй, балалар, балалар,

Тентекке не шара бар?

Суымды тұнық лайлап,

Мәз боп санын сабалар.

Лақтырып небір қоқысты,

Жағамды сол қоқытты.

Арнама әкеп төгеді,

Күл қоқысты, боқтықты.

Әй, балалар, тентектер,

Басып қансаң шөліңді,

Ластамаңдар төрімді!

Өтінемін сендерден!-

Деп тұрғандай көрінді.



Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қарияның жауабы

Орта жүздің аты шулы билері Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек пен қанжығалы Әлібек батыр ел аралап келе жатқанда оларға бір қария кездеседі.

Жәнібек би қарияға: «Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді?» деп сұрақ қояды.

– Ауыл ақсақалы шала болса,

Жігіттері алты ауыз ала болса.

«Ә» десе, «мә» дейтін,

Жасы үлкенін кішісі

Сыйламайтын көңілі қара болса,

Сол ауылдың берекесі кетеді, -дейді қария.

Сонда Қазыбек би тұрып: «Уа, ақсақал, үй берекесі қайтсе кетеді?» – дейді.

– Әйелі қабағын түйіп керілсе,

Шай қойып беруге ерінсе.

Келіні керіске сай болса,

Қызы сумақай болса,

Сол үйдің берекесі кетеді,– деген екен қария.

– Уа, ақсақал, не жақсы?

– Атың жақсы болса,

Тіршілікте мінген пырағың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0