Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Құрметті ұстаз

(Ұстазды шәкірттерінің мерекесімен құттықтауы)

Сіз мәнді де мағынаға толы, ұлағат пен ұжданды жанына серік қылған, ой мен ақыл және парасат пен пайымды жүрегіне жақын еткен, руханият пен білімді жас ұрпақтың тәрбиесіне қарай бағыттап отыратын Ұстаздық деп аталатын игі мамандықтың жолын қалап алған жансыз. Сіздің Ұстаздық қызметтегі әрбір жылыңыз Сізге абырой мен табыс, бақ пен береке әкелді, сонымен бірге тағы да жаңа әрі жарқын мүмкіндіктерге жол ашты.

Әрбір басталған жаңа бір оқу жылының күміс қоңырауының сиқырлы үні Сізге қуаныш сыйлады. Бұл нағыз ұстазға ғана тән сезім еді. Сол күміс қоңыраудың үнімен бірге балдырған күлкілері жараса мектепке енген қаншама бүлдіршін Сіздің алдыңыздан тәлім көрді, ұлағатыңызды тыңдады, өз мектебінен қанат қақты. Олар қазір еліміздің әр түкпірінде жүр.

Сіз үнемі ұстазға тән сергек ойдың иесі болдыңыз. Әрбір табыстарыңызға тоқмейілсу мен тоқырау сізге жат еді, керісінше жаңа ізденістерге жол ашты. Сіз өз қоғамыңыздың ұрпақтан не талап етіп отырғандығын жіті аңғара алдыңыз. Өз бойыңыздағы білім мен білік дариясын солай қарай бұрдыңыз, жас шыбықты солай қарай идіңіз. Егер Сіз осы жылдардың ішінде мақтау мен құрмет көрсеңіз, ұстаздық жолыңызда, шынында да, осыған лайықты істер атқара алған едіңіз.

Сіздің өткен құрметті жолыңыздың әрбір иірімінде шәкірт жүрегінің алғыс сезімі жатыр. Олардың әрқайсысы бір әлем еді, олардың әрқайсысы жаңадан ашылар бір дүние еді. Міне, сіз осы бір балдырған жүректердің риясыз досы, ертеңге деген үміті бола алдыңыз. Сізге осы үшін де өз шәкірттеріңіз алғыс айтады.

Сізді шәкірттеріңіз бүгінгі мерекеңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыңызға бақыт, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілейді. Ұстаздық қызметіңізде әр уақытта шәкірттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Майра Мұхамедқызы (1965 жылдың 5 қыркүйек)

Майра Мұхамедқызы - (сахнада Maira Kerey - Майра Керей есімін пайдаланады) (1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді) қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операда" Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.
Өмірбаяны
Майра Мұхамедқызы ҚХР-да өнерлі отбасында туып, өскен. Тарихи отанына 1994 жылы оралды. Әкесі Мұхамед Әбдіқадырұлы — композитор, профессор, музыка зерттеу саласы бойынша көптеген кітаптардың авторы. Анасы Камал Қуанышқызы — әнші, ҚХР Халық әртісі.
Майра Мұхамедқызы Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген. Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (профессор Н.А. Шариповтің сыныбы) стажировкадан өткен. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бала шақты болашақ шақырады

Түлекке тілек

Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әрбір білім .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жасушаның құрылысы мен қызметі

Жасуша эволюциясы. Жасуша – өмірдің элементарлық бірлігі. Жасушалық теория және оның тіршіліктану ғылымдарын дамытудағы рөлі. Клеткалық теорияның қазіргі жағдайы. Қарапайым биологиялық молекулалар. Полинуклеотидтер. Өзін - өзі реттеуші молекулалар. Полинуклеотидтерден пептидтерге ақпарат беру. Вирустар. Алғашқы жасуша. Микоплазмалар – тірі жасушалардағы қарапайымдысы. Метаболикалық процесстердің дамуы. Фотосинтез. Аэробты тотығу. Эукариоттық жасушалардың органеллалары. Митохондриялар. Хлоропласттар. Эндоплазматикалық ретикулум. Гольджи аппараты. Лизосомдар. Пероксисомдар. Цитоқаңқа. Қараппайым микроорганизмдер. Генетикалық материал жасушадан көп жасушалы ағзаға өтуі. Жоғары организмдердің жасушалары. Ішкі ортаны қорғау. Жасушааралық коммуникациялар. Қайта жасау аппараты. Омыртқалылар жасушалары....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сүйінші


— Құдағи, сүйінші!..

— Қалағаныңызды алыңыз.

— Қажет емес пұлыңыз,

Сөзіме құлақ салыңыз.

— Құлағым сізде, құда,- деп

Қасын керіп назданды.

— Содан бері жиырма қыс,

Жиырма көктем жаз қалды.

Қоңыраулы күз,

Қоңыр күз

Ұмытармыз қалай оны біз?!

Немере мен шөбере

Оңымыз бен солымыз.

— Бір Алланың бергені

Жалғасады жолымыз.

Қартайтқанмен біздерді

Ұрпағымызды түлетті.

— Айтпаңыз енді, құдағи,

Сүйсініп оқыр сіз ылғи,

Бөбектердің үні дерлік,

Сөйлейтұғын тілі дерлік,

Көретұғын күні дерлік,

Тәуелсіз ел нұры дерлік,

Тәуелсіздік жыры дерлік.

Күндей шалқып,

Айдай толған

Ана тілге, салт дәстүрге

Туған күннен болған қорған.

«Айналайын» жиырмада

Жөргегінде ана тілінің

Асыл діні, тінінің

Жоқшысы болып ер жетті.

— Осы сөзің, әй, құда,

Салды еске бұл кепті.

Ол кезде қазақ тілін мен

Жатсынып біраз «бүлінгем».

— Жүзіндегі өкініш аңғартады көп жайды,

Мұндай іске, әрине, өкінбеуге болмайды.

— Алла!- дедім бірде мен

Естіп тұрған немерем:

— Әже,- деді кенеттен,-

Алла дейсің әманда

Ескертесіз сіз өктем,

«Алла» деп айт» деп маған да.

Сол Аллаңыз жер-көкті

Неше күнде бар етті?..

Сауалы сана тербетті.

Тек, әттеген,

Мен тіптен білмейді екем бұл кепті.

— Білмеймін,- дедім,- білмеймін

Немеремнің маған күлгенін

Көрсеңіз ғой сол сәтте.

Деді соңсоң тым баяу:

— Оқыңызшы мынаны!

Ежеледім, құдай-ау!

Тұңғыш рет тұшындым,

Ана тілін түсініп.

«Айналайын» екен ол

Содан бері мен оған

Ел қатарлы создым қол.

— «Айналайыннан» айналдым,

Табыстырған ана тіліммен,-

Деді дағы құдағи

Құдасын төрге бастады.

— Қайтеміз теріп басқаны,

Құпия сырын ғаламның

Білімді ғана іледі,

Құпиясын аша біледі,-

Десіп олар:

«Айналайынға» ғұмыр тіледі.

Оқып сені ер жетсін,

Елімнің құрыш - білегі,

Тоқтамас мәңгі жүрегі.

Оқып сені қайнасын,

Намысы, қайрат - жігері.

Қабыл болсын,

«Әумин»

Үлкендердің тілегі!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр


— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?

Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:

— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.

— Қай әңгімеңізді айтасыз?

— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.

— Дұрыс, соны айтыңыз.

— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.

Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.

Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.

Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.

Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.

— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!

«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.

Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.

Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Жансая Мусина Ғалымжанқызы (1985 жылы 12 наурыз)

Жансая Ғалымжанқызы Мусина (1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған) — айтыс ақыны. Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2017).
Жансая Ғалымжанқызы Мусина 1985 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайхын селосында дүниеге келген.
2002 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатын бітірген.
2002 - 2006 жылдары Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
2013 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты.
2005 жылдан айтыс өнерінде.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі

Ақжол шабдар атым бар, Ақшамға азан айтып, аллаһу әкбар дегенде, Алматыдан шығып Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла дегенде Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір ауыз тиіп аттанып, бұлаң құйрықпен қазан қайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді. Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды, — депті.

(Алматы уезі Байжарас ұлы Рақметқалидан)

Өтірікті айтқан жақсы,

Қостаушысы табылса

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын растамақшы болыпты.

Өтірік бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары: «Жақсы-жаманнан не тіл бар?» — десе, өтірікші: «Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ, көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?» — дейді. Қостаушы: «Болса-болар, өйткені аспаннан анда-санда көрегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім», — депті. Бұл өтірік содан кейін лақап алып елге тарап кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгенді сұрағанда: «Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кеште алдыңғы уәдемен қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір қонақ келіп, жолда бір көл өртеніп жатыр деп кетті. Онан не білесің?» — дейді. Сонда қостаушы: «Жолда бір кепкен көлдің табанынан піскен балық жеп, қайран болған едім. Мынауыңыз сол жер болар», — деген екен. Бұл тапқырлыққа риза болған ел: «Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табыл-са», — деп мәтел етіп кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Кит

Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит.
Оның ұзын бойы он құлаштан он төрт құлашқа шейін, кеудесі ұзын бойына қарағанда бегірек жуан. Басы кеудесінің жартысындай, тебесі жалпақ, үстінде томпайып жабылып, ашылып тұрған екі тесік бар. Дем алғанда аузына су толса, суды әлгі тесіктерінен аспанға шырылдатып атып жібереді.

Басының екі жағында екі көзі бар, сиырдың көзінен үлкен емес. Басының зорлығына қарағанда көзі жоқ секілді көрінеді. Тісі болмайды, орнына екі езуіне мүйіздей қара нәрсе бітеді. Терісінің қалындығы екі елідей болады, оның астындағы майы сондай қалың. Бір киттен екі-үш жүз пұттай май түседі. Жемі уақ балық, шаян, көржер болады.

Ұрғашы киттің қарнының астында екі кішкене емшегі бар. Жаңа тапқан баласының ұзындығы бір құлаш шамасындай болады. Кит үлкен түпсіз терең теңіздерде жүреді. Суда жүзетін балықтікі секілді құйрығы бар. Бауырының астында қанаттары бар. Киттің еті жеуге жарамайды. Киттің майы мен тіс орнына біткен нәрсесі үшін аулаушылар көп болады. Әрбір киттің тіс орнына шыққан мүйіздей нәрсесі жүзден болып, әрбіреуінің ұзындығы үш құлаштай болады. Тілінің үлкендігі алты қанат үйдің орнынан үлкен болмаса кіші шықпас, қазақтың «жандыда балық үлкен, жансызда қамыс үлкен» деп жүргені осы кит болса керек.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай

Апасы:

– Құлыным, мынау–

«Жыл он екі-ай» балалардың журналы,

Оқиды оны балдырғандар

Қаладағы, қырдағы.

Ертегілер, әңгімелер мұндағы,

Өлеңдер мен жаңылтпаштар, жұмбағы

Бөбектерге ұнайды,

Қолдан-қолға көшіп жүред ұдайы.

Немересі:

– Суреттер де қызық екен мұндағы,

Ата, апа... бұзау, лақ тұр бәрі.

Апа, маған тез үйретші әріпті,

Журналымды оқығым кеп тұрғаны.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0