Дипломдық жұмыс: Қаржы | Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі АҚ ның қызметін талдау

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Ауылшаруашылық өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Ауылшаруашылық өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды
Сабақ мақсаттары: Ауылшаруашылығы туралы білу
Ауылшаруашылығын ұйымдастырудың түрлерін білу
Әлемдік ауылшаруашылығын және Қазақстандық ауылшаруашылықты талдай алу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Марат Қабанбаев | Құралай


Аспан айналып жерге түскендей. Шақырайған шарболат күн балқып барады. Бұйрат-бұйрат құмның іші қайнап түр. Құс ұшпайды, тышқан жүгірмейді — аптап! Тек шегірткелер жаппай жамырап, берекесіз шырылдайды. Трактор сүйреген бес шөп машинаның қайшылары жалаңдап, сыр-сыр етеді. Машинист балалар көздерін бір ашып, бір жұмып, қалғып-шұлғып отыр. Машина дөңгелегі томарға соғылса қопаң ете қалады да, дереу көтергіш тягіге жармасады. Трактор құлақ тұндырады, жанар майдың күлімсі иісі танау жарады. Көзге шыбын-шіркей тығылады, кейде орақ қиған қурай сынығы ұшып келіп, бетке сырт етіп тиетінін қайтерсің.

Балалар аздан соң бастары былғаңдап, қайтадан қалғи бастайды.

Агрегат қамысты жапыра шауып, қалың қауға кіре беріп еді, трактордың таңқиған танауының тақ астынан үш бірдей киік атып шығып, қырға қарай аңқыды. Трактор солқ етіп, қалт тоқтады. Қайсабай тракторист кабинадан бас қылтитып, саусағын шошайтып:

— Елік! Әне, елік!— деп қырылдады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бала тәрбиесінде ескерілуі қажет 16 ереже

1. Балаларыңызды ернінен сүймеңіз.

2. Қоғамдық көліктерде балаларыңызға «мына апайдың алдына отыр», «мына ағайдың жанына отыр» деу арқылы бейтаныс адамдармен байланысын күшейтпеңіз.

3. Балаңызды басқа адамдармен дәретханаға жібермеңіз, тіпті туысыңыз болса да.

4. Балаңыз өзін сүйгізгісі келмесе, оған ашуланбаңыз.

5. Балаңызға өзінің қалауынан тыс оның денесіне ешкім тисе алмайтынын үйретіңіз.

6. Бағдаршамда қызыл жанып тұрғанда, жол бос болса да, балаңызбен бірге жолдан өтпеңіз.

7. Балаңыздың көзінше коланы сіміріп ішіп «балам, кола өте зиянды» демеңіз. Өзіңізге деген сенімінен айырылмаңыз.

8. Өзіңіз кітап оқымайтын жан болсаңыз, «балам кітап оқымайды» деп оған ренжімеңіз.

9. Балаңызға «Сен істей алмайсың» деп сағын сындырмаңыз, «істеп көргің келе ме?» деп жігерлендіріңіз.

10. Балаңызбен дос болмаңыз, әке-шеше болыңыз.

11. Балаңызға тыйым сала бермеңіз, оған зиянын түсінікті тілмен түсіндіріңіз.

12. Балаңызбен сөйлескенде оның көзіне қараңыз.

13. Балаңызды көп құшақтаңыз. Өзіне қажетті махаббатты сізден ала алмаған бала оны сырттан іздейтінін естен шығармаңыз.

14. Балаңыздың намысына тимеңіз, кінәлай бермеңіз және ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз. Әр баланың өзінше ерекше екенін ұмытпаңыз.

15. Балаңызға бірнәрсе үйретерде қорқыту арқылы емес, түсіндіру арқылы үйретіңіз.

16. Балаңыздың сұраған сұрағына қысқа әрі нұсқа жауап беріңіз.



Елжас Ертайұлы
«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ілияс Есенберлин | Алыстағы арпалыс

БІРІНШІ ТАРАУ

Өзеннің екіге бөлініп ағатын сағасынан жақында ғана кен зерттеушілер титан элементі кездесетін рутил минералын тапқан. Бұл адам айтқысыз зор байлық болатын. Бірақ кеннің негізгі желісі өзеннің тармақтанып, теңізге барып құятын оң жақ саласының астында болып шықты. Енді тек осы мол қазынаның үстіндегі суды тоқтатып, қабат болып жауып жатқан әк тасынан аршып алып, бай минералға жету ғана қалған еді.

Үкімет титанның адамзаттың келешегіне, бейбітшілік ісіне зор маңызы бар екенін ескере отырып, осы Жарқын қойнауын пайдалануға асығыс түрде кіріскен-ді. Өзеннің оң жақ саласын құрғату үшін бөгет сала бастаған. Осы бөгет қасынан жаңадан рудник ашуды ұйғарған.

Рудниктің салынып жатқан жері — сұрғылт топырақты алан. Солтүстіктен күнбатысқа қарай аттың тағасындай дөңгелене келген, бірімен-бірі жалғаса біткен құлын жалды жоталар. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ыбырай Алтынсарин | Жәнібек батыр

Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей Соқырабыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен. Жәнібекті көріп:

— Сен қай ұлсың? — деді.

— Қошқар ұлымын, — деді.

— Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?—деді.

— Болармыз, — деді.

— Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? — деді.

— Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, — деді.

— А-а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген ұл екенсің, алдыңа келсе әділдігіңді аяма — аймағың кетпес алдыңнан; қол бастап жол алайын деген ұл екенсің жолдастың мыңын алма, бірін ал, мың кісіге — бір кісі олжа сала тұғын, олжаңды аямасаң — жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын, жас күнінде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол, қартайған соң өкінбе, ұлым. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяғың, қарның ашса — тамағың.

Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келді. Келсе бидің елі қош екен, қош үстінде кез болып, сәлем беріп, ат үстінен көрісті. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрады: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Ғұмыр

Бір-екі сағат бос уақытым бола қалғасын, ҚазМУ қалашығындағы Көктем өзенінің жағасына келдім. Көктем күні. Айнала тып-тыныш. Қалта телефонымдағы әдемі әуендерді тыңдап, әрі-бері өткен адамдарға қарап, бір рахат күй кешіп отырмын. Шынында да, «жұмыс-жұмыс» деп жүріп, өз атымызды ұмытып қалармыз бір күні...

Әне, өзеннің екі қапталын жағалай қыз бен жігіт жүгіріп барады. Жігіттің қимылы қызық: бір орында орғып тұрған сияқты көрінеді, жұдырықтары да түйілмеген. Қыз шаршайтын емес, жарты сағатта көз алдымнан екі-үш рет өтіп үлгерді.

Түу, мына шыбындар маза бермеді-ау... Ұсақ-ұсақ құмытылар кәстөміме қонып алып, қанаттарын сулай ма-ау, құмырсқалар балағымнан кіріп, аяғымды жыбырлата ма-ау, берекем қаша бастады. Әсіресе, жап-жасыл, кіп-кішкентай, кенеге ұқсас мына бір жәндіктің күштісі-ай! Үп етіп үрлей салғанымды елеген де жоқ. Сәл күшейте үрледім. Көзге көрінер-көрінбес аяқтарымен тұрған жеріне жабыса қалды. Енді бар күшіммен үрледім, мыңқ етер емес. Құдайдың құдіреті-ай, сонша күшті қайдан алып тұр екен?! Қолыммен қағып жібермек болғанымда, жабысып тұрған кене бөлшек-бөлшек болып шашылды да қалды. Орайсыз қимылдағаныма кәдімгідей налыдым. Тіршілік иесі тірі жүре беруі керек еді...

Сөйтсем, ондайлардың мың-миллионы жүр екен, қап-қара кәстөмімде жап-жасыл болып, анық көріне бастады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжапар Арман | Ұлттың тілі

Тіл - сарқылмас қазына. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, әр азамат өзінің ұлттық тілін, ұлттық құндылықтарын білуі тиіс. Тіл біздің болмысымыз, оның қатысуынсыз ештеңе болмайды. Жалпы қазақ халқы өзінің шешендігімен және даналығымен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдердің мағынасына үңіліп карасаң үлкен даналықты байқайсың.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың басты тірегі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен жалғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. «Ана тілін үйрену – ұлы іс, әркім өз ана тілінде сөйлеу керек. Ең жақсы тіл – ана тілі» - дейді Сәбит Мұқанов. Ана тілін жетік білу, таза сөйлеу мәдениеттіліктің белгісі. Тіл бар жерде – ел бар.

Елбасы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында»: «Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтамын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ мемлекеті» деп айтатын боламыз»-деп атап өткен болатын. Міне, бүгінде мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктей түсті. Елбасының БҰҰ мінберінде қазақша сөйлеуін ана тіліміздің халықаралық мінберге көтерілуі деп бағалаймыз. Бұл біздің көптен күткен мерейлі сәтіміз.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Ер шоқтығы


Ол жиналыстан көңілсіз қайтты. Әлгінде Көкшетаудың бас-аяғына жиналған дүйім жұрт алдына бұны жалғыз шығарып алып, кеудесіне орден қадаған қуанышын да сезіп келе жатқан жоқ. Сол арада ол қуанғаннан гөрі іштей ыңғайсызданып бітті. Самаладай шам сәулесін жан-жағынан анталатып қойды. Салтанатты сарайда иін тіресіп отырған жұрт назары бір өзіне ауып, қошеметшіл жиынның қызу соққан алақандары үйді басына көтере дүрілдетіп ала жөнелгенде, қысылшаң жігіт тіпті не істеп, не қойғанын да білмеді. Тер одан да, бұдан да кетті. Абдырап аузына сөз де түспей қойды. Құрғап қала берген тамағын жібіткісі кеп, қолын әлсін-әлсін алдында тұрған суға соза беріпті. Кейін не айттым деп қанша ойласа да, есіне ештеңе түспеді. Аузынан шыққан сөздер құдды әлденеден оқыс үркіп, дүркіреп ұшып кеткен торғайдай. Сөзінің соңында ол әйтеуір ертеден бері уысында умаждап тұрған ескі кепкадан көзін алып, тым-тырыс болып тына қалған халыққа: «Алдағы уақытта да аянбай еңбек етем», — депті.

Жұрт, әрине, Әутен Қуандықовтың аянбай жұмыс істейтінін біледі. «Жарқайың» фермасын басқарғанына, міне, жеті жылдан асып барады. Жылда егін піскен бойда мал фермасының тауқыметін балалы-шағалы әйеліне қалдырып, өзі комбайнға отырады. Өткен жылы Қостанайдың атақты комбайншысы Сартаймен жарысқа түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0