Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Сары бала

Телестудияның тілшісі Бақтыбай Айнабеков деген жігіт телефон соқты.

— Аға, Тұрар Рысқұлов туралы жарты сағаттық хабар ұйымдастырсам ба деп едім. Бұл телебасшылардың ұйғарымы. Соған сіз өзіңіз және Тұрекеңді білетін кісілер қатысса... Тұрекеңді білетін кісілерді сіз білесіз ғой. Өзіңіз айтсаңыз.

Бұл 1984 жылдың желтоқсаны еді.

Хабарға өзім қатысуын қатысармын - ау. Білгенімді айтып бағармын - ау, ал Рысқұловты көрген - білген адамды қайдан табамын? Рысқұловты көрген, киын - қыстау заманның езінде қызғыштай қорғаған бір азамат бар еді, ода дүниеден өтіп кетті. Қарт журналист Рахмалы Байжасаров еді. 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып, 1955 жылы босанып еді. 1960 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіне «Тұрар Рысқұлов» атты көлемді мақала жазып еді. Жазбақ тұрмақ, атын сыбырлап айтуға бата алмаған кез болатын. Ал Рахмалы сол соншалықты «қорқынышты» есімді қорғап, ақтап жазады. Оған бас редактор Қасым Шәріпов қол қойып, жарыққа шығарады. Сөйтіп, Тұрар Рысқұлов кайта тіріліп келгендей болады. Адамдар бір-бірінен сүйінші сұрап, қуанып қалады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Хан мен Қызыр

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Оның үш уәзірі болыпты. Күндерде бір күн хан еліне жарлық қылады: «Қызырды маған көрсеткен адамға ат басындай алтын беремін», – деп. Бірақ ешкім «мен көрсетемін» деп айта алмады. Бұл елде өзі бәңгі, өзі құмарпаз, киерге киімі жоқ, ішерге тамағы жоқ бір адам бар екен. Бұл адам ойлады: «Былайша иттен ілгері, адамнан кейін болып жүргенше, ханға барып Қызырды көрсетемін деп алтынын.....
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Компас


Қанаттың папасы бір рет ауданға барғанда оған сыйлыққа компас әкеп берді. Үлкендігі қалта сағаттай жып - жылтыр қара құтылы, әдемі компас. Тілінің қара бояулы үшін қалай айналдырып жіберсең де, қалтырай теңселіп барып, солтүстікті нұсқап тұра қалады. Дегенінен жазбайтын бірбеткей бала тәрізді.

Қанат қуанып кетті. Рас па, өтірік пе дегендей әр жерін түртпектеп, айналдыра қарап тұр. Мұндай компас бұл ауылдағы балалардың ешқайсысында да жоқ ( тек мектепте ғана бар. Ал онда мұғалім сүйтіп қолыңа беріп қоя ма?

Қанат өзін өзгелерден асып кеткендей сезінді. Жүгіріп көшеге шықты. Ойнап жүрген балаларға келді.

— Бодан, қарашы, менің компасым бар!

Балалардың назары Қанатқа ауды. Бәрі ойындарын қойып оны қоршап алды. «Кәне, бере тұршы»,— деп қай-қайсысы да ұстап көруге құштар боп, қолдарын созды.

Бірақ, Қанат оларға компасын бірден бере қоймады. «Сен кеше бәкіңді беріп пе едің, — деп Теміржанның қолын қағып жіберді де, бетін басқаларға бұрды.— Міне, қараңдаршы. Қалай айналдырып жіберсеңдер де, солтүстікті көздеп тұра қалады. Ал жай уақытта мынасын бүйтіп басып қойсаң, тоқтап қалады».

Біреудің көрсеткені өзің ұстап кергендей қайдан болсын! Балалардың ынтызары қоза түсті.

— Бере тұршы!

— Бере тұршы!

Қанат компасты әуелі өзінің тәуір деген жолдасы Боданға берді. Бодан мұндай дәрежеге ие болғанға мәртебесі өсіп, әрі компасқа сұқтана қарап тұр. Тағы екі-үш балаға көрсеткеннен кейін:

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ахмет Байтұрсыновтың | Маса жинағына талдау

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Тәуелсіздіктің нұрлы таңы

Тәуелсіздік нұрлы таңы атқанына бүгін міне, Жиырма бес жыл! 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, ашу-ыза мен қайғы араласқан, қазағымның басына үлкен қасірет әкелген қаралы күн еді.

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген ғаламат көтеріліс болды. Бұрын-соңды кездеспеген жағдай елді елең еткізді. Жалпы үрей, қорқыныш билеген жұрт сең соққандай күйде едi. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!»,- деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға түрлі жалалар жабылып, «Ұлтшыл,маскүнем» деген кінә тағылды.Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке жан-жақтан милиция қызметкерлері шақырылды. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай, адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде болған адамдардың көбісі студент жастар. Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол сынды қыршын кеткен өрімдей жастырымыз ұлт намысын ту етіп алдыңғы қатарға шықты. «Қазақ» деген қаным бар», - деп бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар», - деп аяқтаған қайсар Қайраттың даусы бүгінге дейін қазақ жүрегінде сақтаулы.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Сөніп жану

... Қоңыр күздің мезгілі, сентябрьдің бас кезі еді. Ел орынға отырған уақытта жарық айлы тыныштығы мол түнде қалың таудың ішімен үш салт атты келе жатты. Жүргіншілер келе жатқан қабат-қабат биіктің арасында жатқан жіңішке өзек кейде тарауланып көп салаға бөлініп, кейде иін тірескен биік тік жартастардың арасынан жалғыз аяқ жолдай болып жіңішкеріп, жыланша иіріледі. Қонарлық жерге кешігіп қалып, жетуге асыққан жолаушылар осы өзекті өрлеп желіп келе жатыр. Жарық айлы тынық түнде таудың ішіндегі ұлы тыныштықты бұзып тұрған дыбыс — тастақ жолмен жүріп келе жатқан аттылардың тықыры ғана. Бұдан бөтен ешбір дыбыс жоқ. Табиғат тастай қатқан жым-жырт. Жолаушылардың үшеуі де жас жігіттер. Жақсы киініп, семіз ат мінген бозбалалар еді. Бұлардың екеуі Ырғайлы болысының оқыған жігіттері — Сыздық пен Сүлеймен. Үшіншісі — ел ішінің жігіті, бұлардың жолдасы — Есімжан. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қазақ елі Мәңгілік ел


Қазақ елі - Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт арнасымен сан қилы дәуірді бастан өткерген халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Отанға деген шынайы махаббат, бүгінгі ұрпақ алдындағы ата-бабаларымыздың аңсаған еркіндігі Ұлы Жеңіске жеткізді. Қазақ елі қазақ хандығын құрудан басталған қасиетті борыш «Мәңгілік Ел» идеясына негіз болып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты жоба болды. Қазақ елінің тамыры тереңге жайылған ел тарихынан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қаншама қиын қыстауларды, ашаршылық пен соғыс (әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен 1941-1945жж Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жж арасындағы Ауған соғысы мен қатар кешегі 1986 ж 16 желтоқсанның қанды оқиғасы) елден жыраққа кетіп тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне қаймықпастан кешегі өткен батыр аға-апаларымыз болмаса бүгінгі күнгі Тәуелсіздік жолына аман-есен жетерме едік? Болашақ ұрпақ үшін жанын аямай, өз өмірін қазақ елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп бізге аңсаған еркіндікті алып берді. Міне, осының өзі - Мәңгілік елдің шаңырағы болып табылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шыңғыс Айтматов | Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет


Охот жағалауын тұтас тұтып жатқан тастан қараңғы суық түнде құрлық пен сулықтың ұзына бойына жайлаған екі зұлмат дүниенің дамылсыз мәңгі-бақи шайқасы толастамаған. Теңіз көшкінін құрлық кескестейді, ал су сұрапылы құрлыққа шабуылдаудан бір тынбайды-ақ. Теңіз түн-түнекте жартастарға арсылдай соғып, абалай алқынады. Теңіздің соққыларына тойтарыс берген сайын қалжырап, қара тастай қатты жер уһілейді.

Күндіз - күндіз болып, түн - түн болып дүние-әлем жаралғалы бері, мәңгі-бақи күндіз де, түнде де бұл ғаламат шайқас таусылмас. Күндіз де, түнде де...

Тағы бір түн ұйыған шақ. Теңізге аттанар қарсаңдағы түн. Бұл түні ол ұйықтаған жоқ. Ғұмырында тұңғыш рет ұйықтамады, ғұмырында тұңғыш рет ұйқысы қашты. Тезірек таң атып, тезірек теңізге тартар мезгілді аңсады. Нерпа терісінің үстінде ол сонда теңіз соққысынан жердің болар-болмас діріл қаққанын, қойнауда толқындардың арсылдап, сілесі қата тынымсыз жұлқынғанын сезіп жатты. Түн сырына құлақ түрген бала осылайша ұйқы көрмеді... .....
Әңгімелер
Толық
0 0