Бірде бастығы шоферіна жаны ашып өзі не ішсе оған да соны ішкізеді, өзі қандай үйде тұрса шоферіне де сондай үй салып беріп барлық жағдайын жасайды екен.Бір күндері шофері жұмысқа келмей қояды. Бастығы шофердін үйіне барыпты, сөйтсе шофері жайбарақат телевизор қарап.....
Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.
Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.
Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.
Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.
Сабақ, емтихан мен ҰБТ артта қалды, біраз демалдың, ал енді жазғы демалысты пайдаланып, біраз қаражат жасап алатын уақыт келді. Арнайы сен үшін оңай және қызықты жұмыстарды топтастырдық. Өзіңе лайықтысың таңдап, алға бас! Құнды тәжірибе мен сәнді киімдер, қыдыруға біраз ақша жинақтап ал.
1. Репетитор
Егер мектепте үздік оқысаң, немесе бастауыш сыныптың бір сабағын жақсы меңгергенмін деп ойласаң, репетитор болу мүмкіндігің жоғары! Сурет салу, ән-күй және ӨҚН деген сабақтар...
Мен жартылай еуропалық, жартылай шығыс адамымын. Шығыстың адамдары су жиегінде отырып, өзімен өзі гармонияға келіп, кармасын күтіп отырады, ал еуропалықтар бір-бірін жаншып, жоғарыға қарай өрмелейді. Менде осы қасиеттердің барлығы да бар. Бірде мен Далай Ламамен кездескенде ол маған бір ақыл айтты: «Әр адам тек бір өмір сүреді. Бірақ осы өміріңді қайта-қайта есіңе алғың келетіндей, дәл сол өмірді бірнеше рет сүргің келетіндей ету қажет». Мен де сіздің өзіңіз дәл қазір өзгеріп, өміріңіз дәл ертеңнен бастап жақсарғанын қалаймын. Сондықтан сіздерге өзім түйген кеңестерімді беремін.
Ирина Хакамада
* Бақытты болу тек ер адаммен қарым-қатынасқа байланысты деген тәуелділіктен арылыңыз. Қандай да бір күдігіңіз болса, қазбалап, миды ашытатын сұрақтар қоя беру де ер адаммен байланысыңызды нығайтпайды. Керісінше, оны сенімсіздігіңізбен мезі етесіз. Оның орнына өзіңізді қолға алып, жеке әлеміңіздің барын жадыңыздан шығармаңыз. Күйеуіңіз сізді саналы, тәуелсіз жеке тұлға ретінде сыйлауы керек. Байқасаңыз, ер адамдар мансабы мен хоббиіне көбірек уақытын......
Мен осында жазылған хикаялардың 1-2 оқыдым... көбісі бастан кешкен жауапсыз махаббаттары туралы жазады...мен де өз ойымды жазайын... ... Махаббат...8 әріп 1 сезім демекші,мен де махаббатқа жоллаққанмын...Жақсы коретін адамым да бар... ол жанға мен не сөйлей алмаймын,не қарай алмаймын........