Әңгіме: Антон Чехов | Унтер Пришибеев


— Унтер офицер Пришибеев! Сіз осы қыркүйектің үші күні урядник Жигин, болыс старшыны Аляпов, сотский Ефримов, куәлар Иванов пен Гаврилов және тағы да алты шаруаға тіл тигізіп, қол жұмсағандығыңыз үшін айыпталып отырсыз, сонымен бірге әуелгі үшеуін қызмет бабымен жүрген кездерінде жәбірлепсіз. Айыбыңызды мойындайсыз ба?

Тікірейген бет бітімі тыжырына қалған унтер Пришибеев, екі қолын санына сыптай ғып алды да, тап бір команда беріп тұрғандай, әрбір сөзін тәптіштей сөйлеп, қарлығып, қырылдаған дауыспен жауап қайырды:

— Асыл текті, бітімші судья мырзам! Олай болса, күллі заң тармағы бойынша әр жағдайды ортақтастыра отырып сыннан өткізу себебі кеп туады. Айыпты мен емес, өзгелер өңкей. Осы істің бәрі әлгі, иманды болғыр, өлі мәйіттің қырсығынан белең алып отыр. Қыркүйектің үші күні әйелім Анфисамен бірге жақсы ниетпен, жай ғана аяңдап келе жатып, қарасам - жағада қырық ру жұрт топырласып тұр екен. Бұл араға жұрттың топырлап жиналуға қандай қақысы бар деп сұрадым. Себеп? Жұрт сонша бір үйір-үйірімен жүрсін деп қай заңда айтылған екен? Тарқаңдар деп ақырдым. Үйді-үйіне тарқасын дедім де, жұртты итермелеп, желкелеп тұрып қуала деп сотскийге бұйрық бердім...

— Мұрсат етіңіз, сіз өзіңіз урядник те, староста да емессіз ғой, — олай болса, жұртты қуалау сіздің жұмысыңыз ба еді? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Дәптерге түскен сөздер

Бұл дәптер әуелде оқылған кітапқа пікір жазып отыру үшін арналған еді. Бұл - мектепті енді бітірген жылы болатын.

"Кітап оқылғаннан кейін туған ойлар" деп ат қойылып, кейін жалғаспай қалған дәптерге Рамазан Тоқтаровтың 1985 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Сусамыр" романына, ноғай жазушысы Сүйін Қапаевтың 1983 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Тазасу толғауы" повестер мен әңгімелеріне, Төлек Тілеухановтың "Жазушы" баспасынан 1975 жылы шыққан "Өзгенің бақыты үшін" повесіне, Қалмұқан Исабаевтың 1974 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Өткелде" романына, Әбіш Кекілбаевтың 1974 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Бір уыс топырақ" роман және повестеріне, Ерсін Қойбағаровтың "Жалын" баспасынан 1984 жылы шыққан "Қараша" .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Өрт


(Әңгіме)

Бұлардың жазғы демалысқа шыққандарына біршама уақыт өтті. Жаз бойы шаруашылықтың біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстарының бірі қой қырқу да аяқталды. Аман қой жықты, бұл қой қырықты. Енді бірер күннен соң, шөп шабу басталмақ. Бұлар соны күтіп жүр.

– Биыл қар кеткеннен кейін тамшы тамбай қойды емес пе? шөптің шығымы нашар көрінеді, – деді Аман, – әйтпегенде ендігі... Оның сөзін қастарына келіп тоқтай қалған жүк машинасынан әлдекімнің: «Кәне, мініңдер машинаға! Өрт жанып жатса, бұлар көшеде сандалып жүр», – деген үні бөлген. Бұлар қорапқа мінген сәтте-ақ машина жүйтки жөнелді. Көп ұзамай өрт жанып жатқан жерге де келіп жетті. Тұтаса жанған өрт бірталай адырларды, жазық алқапты, шоқ-шоқ болып өскен терек-талдарды отты тілімен жалап, жалмап жіберген екен. Енді Қопалыға қарай ырғып, ыршып беттеп барады. Ал Қопалы бір кезде «Көпшілік» атанған колхоздың қазірде бұлар тұратын бөлімшенің шабындық алқабы.Ол өртенсе... Қырдың селеуі мен қылтанағын қырудан басқа амал жоғын бұлар бала болса да жақсы біледі.

– Ал, кәне, түсіп, ана өртті сөндіріңдер! Бұлар өздеріне әмір беріп тұрған адамға аңтарыла қараған.

– Немен өшіреміз? – деп сұрады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Тұтылу


Мен Ниагара күркіреуігіне «бүйірінен ашылатын пульман вагонымен» келіп түстім, қаймана халықтың сөзімен айтсақ, жүк вагонымен келгенмін. Айта кетейінші, жүк тиейтін платформаны біздің сабаздар «гондола» дейді, оның екінші буынына жори екпін түсіріп созып айтады. Қой, іске көшейін. Сонымен товар поезымен ымырт жабыла келіп түскен бойы, тура күркіреуікке қарай тарттым. Ол бір керемет ғажап дүние екен, биік құздан күркірей құлаған көл-көсір су. Соған қарап, есімді таныппын да қалыппын. Көз ала алмай, құр бекер аңырып отырып, уақыт оздырып алсам керек. Әйтпегенде «отырықшының» (сол маңайда тұратын біреудің) «тамырын ұстап» тамағымды тауып алар едім ғой. Тіпті біреу «дастарханға отырыңыз» десе де бұрылатын дәрмен жоқ. Түн болды — тамылжыған сүттей жарық айлы түн, тек күркіреуіктен көз алмай отыра беріппін. Сағат түнгі он екі шамасында барып есім кірді. Енді маған «сұлай кететін» бір жер іздеу керек болды.

«Сұлай кету», «құлай кету», «жата қалу», «қата қалу» деген сөздердің мағынасы біз үшін біреу-ақ, ол — ұйықтау. Бұл қаланың «нашар» екенін, яғни тентіреп жүрген біз сықылды кезбелерге қолайсыз екенін сезе қойдым да, сол шаһардың өзін қойып, төңірегіне қарай бет түзедім. Қайдағы бір шарбақтан қарғып өтіп, далаға қарай «жөнеп келем». Иен далаға Заң тақсырдың құрығы жете қоймас — деп ойладым көк шөптің үстіне құлай кетсем, жас нәрестедей балбырап, әудемде тәтті ұйқыға батып кеткен екенмін. Ауаның жұпар иісі, тамылжыған түннің жылы лебі маужыратып, түні бойы бір оянсамшы. Таң ата көзімді ашып жібергенде, есіме кешегі таңғажайып күркіреуіктің түсе кеткені. Жалма-жан шарбақтан кері өтіп, тағы бір көрсінші деп суға қарай ентелеп келем. Уақыт әлі ерте екен, сағат сірә бестің кезі. Ертеңгі астан сегізсіз үміт жоқ. Демек, өзеннің арынды ағысын тамашалауға әлі толық үш сағат уақытым бар. Бірақ, амал не, маған өзенді де, күркіреуікті де көруге жазбаған екен!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Бас ақын


Тойда шамадан тыс қызып отырған ел ағаларының бірі арнау өлеңін оқып, онысын мерейтой иесіне табыстап отырған орнына қарай маң басып бара жатқан ақынды тоқтатып: «Сен қазірден бастап осы облыстың бас ақынысың!

Мен солай ұйғардым!»- деп салды.

Сол сәт ду қол шапалақтау құттықтауға ұласып, арагідік бірер өлеңі жергілікті газетке қырналып,тырналып, күзеліп, түзеліп басылып тұратын пақырыңыз бір-ақ сәтте аймақтың бас ақыны болып шыға келді.

Сол күннен бастап «аймақтың бас ақыны» деген алып- қашпа атақ әлгіге қара күйеше жабысты.

Газеттің бөлім меңгерушісі, әдебиет бетін әзірлей қалса, редакторы: «Әлгі бас ақынның өлеңдері бар ма?»- деп сұрар еді.

-Бар,- десе...

-Дұрыс!- деп бетке батасын беретін.

- Жоқ,- дей қалса...

- Сен өзі... не тантып тұрсың?

Пәленшенің тойында облыстағы екінің бірі оны бас ақын дегенін естіген жоқ па ең? - деп түлкі көрген бүркіттей түйілер еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Дұшпандар


Сағат онға қараған қыркүйектің бейуақ кешінде земстволық дәрігер Кириловтың алты жасар жалғыз ұлы Андрей жұқпалы тамақ дертінен қайтыс болды. Дәрігердің әйелі жаңа ғана көз жұмған сәбидің төсегі алдында тізе бүгіп, дәрмені құрып, талықси берген кезде ауыз үйден қоңырау шыр ете түсті. Қауіпті аурудан қорқып, барлық жалшы біткен таңертең - ақ үйден аласталды. Кирилов бешпетсіз, желеткесі желбегей, карболка күйдірген қолы мен тер сорғалаған бетін сүртпестен есікті өзі барып ашты. Ауыз үй тастай қараңғы еді, үйге кірген кісінің тек орта бойлы, ақ бөкебайлы, боп-боз, жалпақ бетті жан екенін ғана байқайсың, шүберектей бозарған адамның ішке енгені сол, ауыз үй жап-жарық боп кеткендей...

— Дәрігер үйде ме екен?.. — деді кірген кісі аптыға сөйлеп.

— Үйдемін! — деді Кирилов, — нендей шаруаңыз бар еді?

— А, бұл сіз бе? Өте қуаныштымын! - деді кірген адам қуанып, қараңғыда сипаланып, дәрігердің қолын алып, қатты қысты. — Тіпті... өте қуаныштымын! Біз бұрыннан таныспыз ғой!.. Мен — Абогинмін... Жаздыгүні Гнучевтікінде өзіңізбен бірге болып, бір жасап қалып ем. Сізді үйден тапқаным қандай жақсы болды... Құдай үшін, қазір менімен бірге жүрсеңіз деймін... Әйелім қатты сырқаттанып қалды... Көлігім де дайын...

Үйге кірген кісінің дауысынан да, жүріс-тұрысынан да әбден абыржығандық байқалады. Тап бір өрттен, әлде құтырған иттен шошынған ба дейсің, ентігіп әрең демалып, даусы дірілдеп, сөзінде пәтуа жоқ, бала құсап былдырлап кетті. Есі шығып, үрейі ұшқан адам секілді, бұл да сөзінің аяғын жұтып, бұзып-жарып сөйлейді, келген шаруасына қатысы жоқ қайдағыны айтып сандырақтап тұр. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жұмағали Саин | Тар кезеңде

1942 жыл. Июль айының бас кезі. Біздің батальон Украинаның оңтүстік-батыс майданында. Дамылсыз қақтығыстар, ұсақ шайқастар жүріп жатқан майдан үсті кенет тым-тырыс бола қалды. Күндіз ойламаған жерден оқ жаудырып, барлау жүргізетін дұшпан «тентек» мінезін өзгерте қойды, түн жортуылын да тоқтатты... Сөйтіп, майдан даласында жайма-шуақ бір мезгіл туды.

Мұндай майдан тыныштығын сіздің кергеніңіз бар ма? Егер көрген болсаңыз, есіңізге салыңызшы!

...Сен тау төбесінде, жан-жағың шың мен құз, тастай қараңғы түн ішінде жолсыз, бұрын жүріп көрмеген қиян-қияттармен келе жатқандайсың. Бойың сергек, әр қадамың сақ, алды-артыңды аңдап, жан-жағыңа күдіктене көз жібересің. Маңайың түпсіз шыңыраулар тәрізді, енді бір бассаң құздан құлап жоқ болатындай, үнемі үрей, қорқыныш... Кей кездерде майдан тыныштығы дәл осы бір көрініске қараңғы түндегі тау төбесіне ұқсайды. Осы бір «тыныштық» кездеріңде аяғыңды жаңылыс бассаң, тұңғиық түпсіз шыңыраулар сені тартып әкетердей. Немесе бір жағыңнан әлдеқандай жыртқыш бассалғалы тұрғандай...

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Сәкеңнің кітабы

Сәкеңді жұрт көп оқиды, көп ізденеді, өзінің саласының мықты маманы деп айтады. Сәкең қайбір жылдары жастық шағында үлкен бір қаладан барып білім алып келген. Сонда Сәкеңнің елдің ішінде тек қарт әке-шешесі ғана тұрса керек. Сәкең кейін оқуын бітіргенде сол қалада қызметте қалуына мол мүмкіндік туып тұрғанына да қарамастан, қарттарына алаңдаса керек, елге оралады. Сәкеңдей білімді жігіттер елдің ішіне де керек болып тұрған ғой.

Сәкең келе еңбекке кіріседі. Елдің аруына қосылады. Обалы не керек, Сәкеңнің сүйіп алған жары Сәкеңнің ата-анасына бәйек болып қызметін жасапты, күтіп-бағыпты, қас-қабағына қарапты. Кейін қарттар өмірден өтерінде келіні мен баласына алғысын жаудыра-жаудыра өткен деседі. "Ата-анаға қарасаң, Сәкеңдердей-ақ қара-ау!" деп елдің аңыз қылатыны да содан ғой. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Бабаның оралуы


Өмірі түрен тимеген сайдың қабағына соқаның өткір тісі тірелгенде жер дір-дір етіп ыңырсығандай болды. Бірақ оны ешкім естіген де, елеген де жоқ. Жасына жетпей қарны шеңбірек атып, үрлеген шардай дөңгелене шығып кеткен тапал жігіт, «К-700»-тың гүрілінен асыра айқайлап, тракторшыға:

— Тарт! — деп бұйырды.

«К.-700» гүрілдей берді, жер ыңыранғанын қоймады.

Трактор үшінші айналымға көшкенде, сайдың қабақ тұсынан соқалардың жойқын тісінен найзағайша от жарқылдады: Артынша «К-700»-тың моторы сөніп, үні өшіп қалды. Тракторшы жерге секіріп түсіп, моторға үңілді.

Шетте тұрған қамыс қалпақты, шеңбірек қарын:

— Не болды? — деп зәрлене айқай салды.

Тракторшы үндемеді. «К-700»-тың ішек-қарнын түгел тінтіп шықты. Ешқандай ақау таппады.

— Ей, ақымақ, ана соқаны қара, мүмкін тасқа тіреліп қалған шығар, жаңа от жарқылдады ғой, — деді шеңбірек қарын.

Тракторшы жігіт үндеместен барып, соқаның жарқырауық тістеріне үңіліп көріп, еңкейіп, топырақтың астынан жарты құлаштай жілік сүйектің сынығын алып шықты.

Шеңбірек қарын топырақ жұққан сүйекке қолын тигізбей:

— Таста жерге! — деп бұйырды тракторшыға. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Тынышсыз қонақ

Орман күзетшісі Артемнің қисайған жатаған үйіндегі үлкен қоңыр иконаның түбінде екі кісі отыр, біреуі беті егде тартқан адамның бетіндей қатпар-қатпар, шоқша сақалды, әрі аласа, әрі арық. Бұл - Артемнің өзі. Екіншісі - аяғында сазға киетін үлкен етігі мен үстінде қырмызы жаңа көйлегі бар, жол-жөнекей келіп отырған бойшаң, жас аңшы жігіт. Олар үш аяқты кішкене үстел басындағы отырғышқа жайғасқан, үстелде бөтелкенің аузына тығып қойған май шам сықсиып жанып тұр.

Тыста түн қараңғысында алай-дүлей дауыл соқты; әдетте күн күркіреп, найзағай ойнар алдында табиғат осылай буырқанушы еді. Жел ышқына ұлып, иілген ағаштар ауру адамдай ыңыранады. Терезенің бір әйнегі қағазбен жапсырулы екен, үзіліп түскен жапырақтардың сол қағазға тиіп, тырсылдағаны естіліп тұр.

Артем аңшыға, қорыққан кісідей кірпік қақпай қарап, баяу, жіңішке дауыспен ақырын ғана сөйледі:

— Құдайдың пендесі - саған мынаны айтамын, мен қасқырдан да, аюдан да, аңдардың қай-қайсысынан да қорықпаймын, тек адамнан қорқамын. Мылтық пен қаруың болса, аңнан құтыласың, ал бұзық адамнан құтылар амалың жоқ.

— Әрине! Аңды атуға болады, ал қаныпезерді атып көр, өзің пәлеге қаласың, Сібірге айдаласың. .....
Әңгімелер
Толық
0 0