Әңгіме: БАҚ қоғамға бақ әкелсін


28 маусым,яғни бүгінгі мереке жайлы ауыз толтырып айтарлықтай əңгіме, тілектер жазылды. Əлі де жалғасын тауып, толастар емес. Қол тигенге қарай, асығыстық болса да, бір-екі ауыз сөз дат етейін...

Аузын айға білеген əрқайсымыз журналистика, баспасөздің төртінші билік екендігін жерден жеті қоян тапқандай сөз етеміз. Себебі, жүгі ауыр кəсіп иелері үшін бұл - біріншіден, мақтаныш; екіншіден, өзін-өзі жеңіл жұбатудың сиқы(артыңда қаншама сенім, соған сай болмақ мақсат жатыр). Заманына сай уақыты озған сылдыр сөзді емес, уытты сөздің ұтқыры болу бұрнағыдан тəн қабілет те, қасиет те Журналист ауыздан шыққан "Аһ!" дегенді ақиқат санап, жол-жөнекей хабардың шындығына жетпестен жарияланымға арқау етпес. Ұйымдасқан сайын оң-солға қисая, өзгенің өмірін өсекке айналдырып, жердегі "жұлдыздарың" тіршілігін тілге тиек етуді мақсат тұтпас! (ол жағын аталмыш "сары басылымдар"-ақ қатырар).

Бүгінде жоқ жерден сенсация тудырушы қарабайыр əнші-тілшілер, ел өмірін жұтаңдыққа апарушылар саны лек-легімен артқаны талас тудырмайтын ақиқат.Осы жолға еліктеп, табан тоздырып жүгіру нəтиже бермейді❗. Бəлкім, олар да келешекте тағдыр тəлкегімен тілшілік тіршілігіне жолдан қосылса да (барлығы емес), талап арқылы мамандық махаббатының жемісті жеңісін көрер⁉ Іс тетігін қашан да маман шешеді, яғни "қой сойса да, қасапшы сойсынның" ниеті бұл...

Аталған қысқа да толық мəтінге арқау болған, əрлі-əріптестер!

Ұлт сенімін арқалаған, ұлы жүректер! Əр топ (101, 102, 103) - ақпарат майданындағы армия десек, əрқайсымыз сол майданның қаруы - қалам (телевизиядағылар үшін - микрофон), қалқаны - дəптер, жазары мол жауынгеріміз. Санаға сақ болып, халыққа бақ қондырайық. Журналист қорек етер түйе жантақты - сүбелі жаңғаққа, жамылар "қар" көрпені - төр көрпеге, жастанар "мұз" жастықты - құс жастыққа айналдыруларыңызға тілектеспін! Ауызбен орақ орған емес, аузымен құс тістегендердің санатынан табылып, Ахаңдар ашқан "арна" тізгінін қолдан бермейік...

P.S: Біз, журналистер, қоғамға "мысықтың" қай бағытқа бет алғандығын көрсетеміз...ары қарай қоғамның өзі-ақ "мысықпен" айналысып кетеді...(сана сапасы мен ой ұшқырлығына сай)

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мен Қазақстан патриотымын

Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар.
Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар.
Бұлар қазақтың нағыз патриоттары!
Автор.

Қазақ ұлтының - ақ таңы арайлап атып,көгінде қыран құсы самғаған, төрінде көк туы желбіреп, бәйтерегі аспанмен сырласқан ,дүние жүзінде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта тұратын көп ұлтты өз құшағына сыйдыра білген ауызбіршілікті, кең пейілділік пен тұрақтылықты ту еткен ұлтжанды, отансүйгіш ,дархан халық.Қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ұлт болып қалыптасуында ең бірінші патриот ұлдары мен қыздарының орны ерекше аталып өтілуі тиіс. Ол үшін тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жүгіртуді жөн санадым.

Біздің ең алғашқы түркілерден шыққан ел билеушіміз Білге қаған түрік еліне 19 жыл билік құрып, ұлтарақтай жерімізді атқа отырып, қолына қару алып қызғыштай қорғаған. Көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітіп, бейбіт дәурен орнатқан. Түркі халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, інісі -Күлтегінмен бірге халықты татулыққа шақырып, жалаңаш халықты тонды,кедей халықты бай, аз халықты көп қылған патриот көшбасшы.

Бұдан кейінгі жылдарда қазақ хандығы (XV ғ.) 550 жыл ішінде

Қазақтың тұңғыш ханы - Керей ханнан бастап соңғы ханы – Абылай ханның немересі Кене хан, Қасым сұлтанға дейін еліміздің өркендеуіне өмірі мен қызметін арнаған ,ұлт тұтастығын сақтаған , елге аянбай қызмет еткен патриоттар екендігін біреу білсе, біреу білмейтін де шығар.

Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасып,кеңес одағының батыры атағын алып, жеңістің туын желбіретіп ,өз аттарын алтын әріптермен жазды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Дұрыстап оқы


Ит сабалады,

Жаңбыр абалады.

***

Кеме балтырға өрмеледі,

Кене теңізде тербеледі.

***



Жылан көктен құлады,

Қыран інде тұрады.

***

Инемен киім пішіп,

Қайшымен тіктім ішік.

***

Қоян қойды жаралады,

Қасқыр жымды паналады.

***

Кесе, кесе суға түстім,

Көлге барып, айран іштім.



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Текті әулеттің тағдыры

Мақсат Жаппарханұлы айтады:

Ұмытпасам 2008 жылы Семейдегі Шәкерім атындағы университеттегі Шәкерім орталығына біраз тарихи фотосуреттер мен қолжазбалар тапсырдым. Өмірінің соңында анам жазуға отырып, аталарының қолжазбаларын ақтарды. Сексенінші жылдардың ортасында үйге Мұхтар Мағауин, Қайым Мұхамедханов, тағы бір үлкен жазушылар келді. Анам сол кісілерге атамнан қалған қолжазба, фотосуреттерді берді.

Сол жылдарда Шәкерім атаның ақталғаны туралы хабар жетіп, анам марқұм екі күн жылағаны есімде. Жазушылар одағының сол кездегі төрағасы Олжас Сүлейменов анамды шақырып алып: «Қазақстанның қай қаласынан болса да пәтер бергізем, таңдаңыз» дегенде ол кісі Талдықорғанды айтыпты. Олжас аға сол қаладан бір бөлмелі пәтер алып берді. Жалғыз бізге емес, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың отбасына үш – төрт әулетке пәтер бұйырды. Сол үйде анамыз атасы Шәкерім туралы көп жазды...

Сонымен Шәкерім ата мен анам Кәмилә Ғафурқызының (Қапыр) туыстығы қандай еді? Кәмилә – Шәкерімнің екінші әйелі Айғаншадан туған Ғафурдың қызы, Шәкерім атаның туған немересі. Анам Кәмилә атам жайлы былай дейтін: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қаңғыбастың өкініші


Анашым! Мені адамдар үнемі «Қаңғыбас» деп мүсіркейді. Мына бір қараң қалған өкініштерден ғана тұратын өмірім маған ұнамайды. Қызық, ә? Ешкімнен де төмен тұрғым келмейтін еді ғой. Ал мына жүрісім не? Неге тұйыққа тірелдім? Неге тығырықтан шығар өзге жол іздемедім екен?

Апталдай азаматтың бір шиша шөлмектің алдында соншалық төмендегені не деген аянышты еді...Сол бір құрығыр шөлмекті қолыма алған күнімді қарғыс атсын. Иә, расымен ол менің бар қайғымды, бар қиындығымлы ұмыттырды. Таңертең тіптен өз үйіме қалай келгенімді білмейтіндей жағдайға да жеттім. Сіз де, Балым да, бар жанашырым да маған бар ақылдарын үйіп – төкті. Сонда да мені шайтанның суынан өзге ештеңе қызықтыра қоймады. Қаншама жақындарыма айтқан сөздерім есіме түсе қалса, кірерге тесік таппаймын. Ал он жыл отассақ та, бірде – бір рет шәй десіп көрмеген жан жарым Балымға қол көтергенім тіптен иттік қой.
Байғұс анам... Қолынан түк келмейтін, жігерсіз ұлыңды кеше гөр. Мен сізді ең бақытты ана етемін деп жүріп, ең сорлы ана еттім-ау. Сізге көрінуге бетім де жоқ. Есіңізде ме? Сіз кезінде «жас болса да бас болып, әкесінің жоқтығын білдіртпей, мені алақанына салып бағып отыр» деп көрші әйелдерге жер-көкке сыйғызбай мақтаушы едіңіз ғой мені. Соны есіме алсам, өзегім өртенеді. Сіз сеніп едіңіз ғой маған. Ал мен не істедім?

Тентек ініммен бір көрісіп сізді тапсырғым келеді. Менің орныма ең бақытты ана ет, сенің қолыңнан келеді дегім келеді. Бірақ мына түріммен ініме қалай көрінемін. Мені көрсе шошынатын шығар. Айтпақшы, өткен жолы оны базардың маңына көрдім. Баяғы тентекті емес, ересек азаматты көргендей болдым. Есейіп кеткендей ме өзі? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Толғаулар


1. Көктем

Көктем! Айнала жұпар атып, тіршілік атаулы түлеп тұр. Ажарында мың арудың сыны бар, кеудесінде мың ақынның тұнып жатқан жыры бар, көмейінде сұлулықтың үні бар, көкірегінде табиғаттың таусылмайтын жан тебірентер күйі бар. Бұл — біздің көктем.

Бұлақ сылдырап ағады, бұлбұл тамсана, тамылжыта, үзілте ән салады. Ақ балтыр қайыңдар, тәкаппар, бойшаң теректер жапырағын жайып, самал желмен сыбдыр қағады. Далаға шықсаң, гүл исі, нұрын төккен күн иісі. Жер-ана өзінің апай төсіндегі алып анарымен Тіршілік атты перзентін емірене емізіп жатқандай. Бәрі мамырлап, бәрі балбырап, тамылжып тұр.

Көктем көркі осындай. Оны көрікті жырға да, күйге де сыйғыза аларсың ба! Бұл көрік қанша қарасаң да тойғызған ба! Тарих қартайып, замана жаңарған сайын ол тіршілікке деген ынтызарлықты, болашаққа деген үміт отын лаулата береді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Меңіреу мұнар

— Кармен екі күннен әріге бармас.

Мэйсон аузындағы мұзды түкіріп жіберіп, қиналып тұрған хайуанға қынжыла қарады да, иттің, табанын аузына апарып, тырнақ арасындағы түйір-түйір мұзды тісімен қытырлатып тағы уата бастады.

— Адам қызығарлық ат қойған осындай иттердің талайын-ақ көріп жүрмін, соның оңған біреуі болсайшы,— деді ол, аяғын мұздан арылтып болған соң итті итеріп жіберіп.— Бұлар осылай қақтығып жүріп-жүріп, ақыры бір күні өледі. Сен кәдімгі Касьяр, Сиваш немесе Хаски деген иттің қырсыққа киліктіргенін көрдің бе? Көрмеген боларсың! Мынау Шукумді алайықшы, ол...

Арс еткен аш төбеттің ақсиған тістері Мэйсонның алқымына қадала жаздап-ақ қалған еді.

— Әй, мынауыңа жол болсын?

Шыбыртқының сабымен құлақ шекеден періп жібергенде, ит қарға жалп ете түсті; дір-дір қаққан иттің тістерінен сары сілекейі тамшылады.

— Мынау Шукумге қарашы. Шукум әсте сыр беріп көрген емес сабаз. Ол аптаның ақырына дейін осы Карменді жейді, осыған бас тігем.

— Біз,— деді, Мэйлмют Кид отқа жібітіп отырған нанын айналдыра түсіп,— біз барып жеткенше сол Шукуміңді өзіміз қаужап қоярмыз деймін, мен осыған бәстесер едім. Сен бұған не дейсің, Руфь!

Индей әйел кофе тұнсын деп, шәйнекке бір түйір мұз тастады да Мэйлмют Кидтен көзін төңкеріп күйеуіне, онан иттерге қарады, бірақ тіл қатпады. Дау жүрмейтін жерге дәлел айтқысы келмеген тәрізді. Иә, бұларда өзге ылаж қалды ма? Алдарыңда елсіз-жолсыз 200 мильдей алыс сапар, қолдарындағы азығы небәрі алты күнге жетпек, ал ит азығы болса, ада болған.

Екі аңшы мен әйел үшеуі отқа жақындай отырып, тақыл-тұқыл тамақтарын жеуге кірісті. Сәске кезіндегі аз ғана кідіріс еді бұл, иттердің әбзелі ағытылмаған. Жегуімен жатқан иттер тамақтанып отырған кісілерден аш көзін алмай телміре қарайды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу Көне қалалар (3 сынып, II тоқсан )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері.
Сабақ тақырыбы: Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Көне қалалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақ мақсаттары: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақ құрастырады;
сұрақтарға жауап береді; туынды сөздерді табады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Масс медиа ықпалы

БАҚ-тағы бір мақаладан үзінді:

1960 жылдары Микронезия аралдарында өзіне қол жұмсау дегенді ешкім білмейтін. Кейін едәуір түрде көбейе бастап, 1980 жылдары дүние жүзі бойынша алдыңғы орынға шықты. Кішкентай ғана аралдағы жастардан болмашы ғана себептерді желеу етіп өміріне қол салатындар көбейіп кетті. Мұның себебі ақпарат құралдарында жарық көрген бір оқиға болатын. Сима атты 17 жасар жеткіншек әкесімен ұрысып, үйден қуып жіберген әкесіне жауап ретінде асылып өледі. Бұл оқиға ақпарат құралдарының ықпалымен құлақтан құлаққа жетіп, Симаның өлімі тәкаппарлығына нұқсан тигенсымақ жастар арасында өзін көрсетудің ритуалы халіне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі өлеңдер, көше дуалдарында, футболкаларда жазылған жазулар көбейіп жастардың санасында қалыпты құбылыстай орныға бастады... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Өлік


Тамыз айының тынық түні. Жер бетінен баяу ғана көтерілген тұман көз көрер жердегінің бәріне буалдыр пердесін жапқан. Көлкіген тұман ай жарығында, біресе тыныш жатқан шалқар теңіз сияқтанып, біресе зәулім ақ дуал сияқтанып көрінеді. Ауа дымқыл, салқын. Таң әлі алыс. Орман жиегіндегі ауыл арасы жолынан бір қадамдай шетте өлімсіреген от жылтылдайды. Сол жерде, жас емен ағашының түбінде, басынан аяғына дейін жаңа ақ кенеп жабылған өлік жатыр. Төсіне үлкен ағаш икон қойылыпты. Өліктің жанында, жолдың тап жиегіне таяу, шаруалардың мойнына артыла беретін міндеттердің ішіндегі ең бір ауырын атқарып, екі "нәубетші" мұжық отыр. Олардың біреуі - үстіне жыртық шолақ тон, аяғына шабата киген, тебіндеген мұрты бар ұзын бойлы, қою қара қасты жасөспірім жігіт, дымқыл шөптің үстінде екі аяғын көсілтіп салып, уақытты жұмыспен қысқартуға кірісіпті. Мойыны сорая солпиып, мұрыны шуылдап, дардай бір буылтық ағаштан қасық жонып отыр. Екіншісі - бет-аузы мыжырайған, селдіреген мұрты, шошайған теке сақалы бар, арық, бұжыр кішкене ғана мұжық, қолын екі тізесіне қойып, селт етпестен, алдындағы отқа мөлие қарап қалған. Өшуге айналған оттан екеуінің де бетіне қызғылт сәуле түсіп тұр. Төңірек тып-тыныш. Тек пышақ жонған ағаштың сықыры мен су отынның жанып пышылдағаны ғана естіледі.

— Сен, Сема, қалғымасайшы, — дейді жасы.

— Мен... қалғып отырғаным жоқ... — дейді оған теке сақал. :

— Сөйт... Жалғыз қорқамын, тіпті құтым қашады. Тым болмаса әңгіме айтсаңшы, Сема!

— Жоқ... білмеймін... .....
Әңгімелер
Толық
0 0