Сымбат Нұртазақызы – ешқандай артық шығынсыз-ақ балаларға арналған қазақ тіліндегі дамытушы мультфильмдер құрастырған жас маман. Аудармашы, психолог.
Сымбат 2008 жылы парсы тілі бойынша Орта Азиялық олимпиадада І-орын алған. «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік журналының редакция алқасының мүшесі. Сымбат тілінде мүкістігі бар балаларға арналған бірнеше мультфильмдердің авторы. Мәселен, «Дыбыстарды машықтандыру», «Көңілді түстер» деп аталса, «Логоритмика» әдістемелік құралы сондай-ақ «Компьютерлік психодиагностика» атты жасөспірімдер арасындағы психологиялық өзгерістерді анықтауға арналған жобаның авторы. «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) жобасының координаторы.....
Еңбек жолын 18 жасында даяршы болып бастаған Айдос Сайлығараев бүгінде «Браунис Казахстан» ЖШС-ның директоры болып отыр.
Айдос Мирамбекұлы өзін іскер, ұйымдастыру қабілеті жоғары, күрделі мәселелерді заманауи тәсілдермен шеше білетін білікті басшы ретінде көрсетіп келеді. Өзінің алғырлығымен түрлі қиындықтардың шешімін тауып, бизнес саласында жоғары нәтижелерге жетіп, алға өрлеуде. Кәсіпкерлер палатасының түрлі іс-шараларына белсенді түрде қатысып, нормативті-құқықтық актілерді талқылауда өз ұсыныстарын жеткізіп, жаңа ұтымды ойларымен жастарға жол сілтеп жүр. ....
Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша. Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.
Ол – тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді.....
Мен қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен жерлес болғанымды, бөкейлік болғанымды мақтан етемін. Мәншүк (Мәнсия) Жеңсікәліқызы Мәметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Екінші дүниежүзілік соғыста осы жоғарғы атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі. Алғашқы қазақ зиялыларының бірі А.Мәметовтың отбасында тәрбиеленген. Алматы медициналық институтында оқып жүріп, Кеңес армиясы қатарына өз өтініші бойынша алынған. Мәншүктің майданға өз еркімен аттануының бір себебі- халық жауы ретінде әкесін босату еді. Соғысқа өз еркімен келгенін, енді әкесін босатуын талап етіп И.Сталинге үш рет хат жазады. Алайда, Мәншүк бұл уақытта әкесінің атылып кеткендігін білген жоқ еді. 1942 жылы тамыз айында өзінің табандылығының арқасында Алматыда құрылған 100- атқыштар бригадасының құрамында майданға келген Мәншүк әуелі штабтағы хатшылық қызметте жұмыс істейді. Ұрыс алаңына бір-ақ түсем деп ойлаған Мәншүк бұл жұмысқа қанағаттанбай, штаб бастығынан атқыштар бөлімшесіне ауыстыруын өтінеді. Оған рұқсат етілмеген соң 1943 жылы ақпан-шілде айларында табиғатында зерек қыз «максимді» меңгеріп алады. 1943 жылы қазан айында азат етілген ежелгі орыс қаласы Невельді қайтарып алуға тырысқан жау әскері қайта шабуылға шығады. Невель үшін кескілесе жүріп жатқан ұрысқа Мәншүк бригадасы да кіреді. 15 қазан күні олар алдымен Мәскеу-Ленинград темір жолы бойындағы Изочи станциясын басып алады. Алайда екі-үш есе күшті қаруланған жау біраз жауынгерлерді жойып жібереді......
Мен сіздердің өз өмірлеріңізбен ел өмірін толыққанды, сәнді және бояуы қанық ете алатындарыңызға кәміл сенемін. Жаңа ғасырға Қазақстанды сіздер алып барасыздар! Н.Ә.Назарбаев
Мен биылғы жылы он бес жасқа қадам бастым. Бала деуге келмейтін, бойжеткендеуге жетпейтін, жасөспірім кезеңге аяқ бастым. Білгенімнен білмейтінім, көргенімнен көрмегенім көп. Мен үшін жұмбақ, таңсық нәрселер жетерлік. Өзгермелі қоғамда, дамыған заманда болашағымды болжай алмасам да,келешекке үлкен сеніммен, алдағы өмірге деген үкілі үмітім бар.
XXI ғасырда болашаққа қарыштап қадам басқан елімнің жетістіктерін күнделікті баспасөз беттерінен оқып танысамын, теледидардан көріп марқаямын. Асқақтаған Астанам, көкпен таласқан Бәйтерегім, жұрттың көз-қуанышына айналған туған жерімнің табиғаты мен оны мекен еткен ұлыс пен ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрмысын мақтан етемін.Кім келсе де құшағын жая қарсалатын, нанын бөліп жеуге даяр тұратын, қызын аялаған, ұлын ардақ тұтқан, бейбітшілікті ту еткен ерекше елдің перзенті болғаным үшін шаттанамын. Елімнің қай түкпірін сөз етсем де туған жерге деген сезімім сана төріне сан түрлі ой, толқыныс әкеледі......