Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолданыстағы жиіліктер және қосымша жиіліктер бөлудің «технологиялық бейтараптылық» тұжырымдамасы бойынша ұялы байланыс операторларына 4G қызметін көрсету құқығын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі.
Тыныс алу мүшелері организімді оттегімен қамтамасызетуге және одан көмір қышқыл газды шығару қызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16-дан 40-қа дейін өзгеріп отырады, бұл адамның жасына, жынысына, дене құрлысына байланысты. Дене қызуы көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жилігін артырады. Тыныс алу жилігін сырқатқа байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен сырқат білегін алып, тамыр соғуын анықтағандай (санағандай) болады, ал екінші қолын сырқат көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір тереңдікте болуы тиіс. Тыныс алу орталығының функциясы зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чайн –Стокс, Биота және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады. Чайн –Стокс тынысы-дем алу қимылдарының оқтын –оқтындылығымен сипатталады, дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биота тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен сипатталып отырады. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу Тыныс алу органдары ауруларының жалпы сипаттамасы Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ал дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - қорғаныш- физиологиялық икемделу,оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ал тыныс алу жилігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай –ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға болады Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе узақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңлауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады. Сырқат ентігі бастаған кезде мейіркеш ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлауы және оның тыныс алуын жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдануы қажет: оның басын көтеріпнемесе жауырынынабірнеше жастық қойып, әйтпесе арнайы кереуеттің жоғарғы жағын көтеріп тастап қысып тұрған киімдерін ағытып шешуі, терезені немесе әйнекті ашыпкөбірек таза ауа келуінқамтамасыз етіп, сондай –ақ сырқаттқа оттегі жастығын жіберу тиіс. ....
Тәуелсіз елдің осы заманғы үрдістерге сай болуы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өркениетті атанып отырған елдер осы демократияны негізгі бағыт-бағдарын алған. Демек, біз де демократияны басты құндылық ретінде әрі оны реальды өмірде орнықтыруға күш салуымыз – жаңаша дамудың кепілі екеніне сөз жоқ. Осы айтып отырған демократияны ақпарат еркіндігінсіз елестету мүмкін емес. Себебі, қоғам осы ақпаратты меңгермесе, мемлекетіміздің ұстанған бағының негізі болмас еді. Бұл жолда журналистердің және БАҚ-тың көтерер жүгі аз емес. Ол биліктен бастап, қарапайым азаматтардың атқарып жатқан істерін айнадағыдай көрсетіп отарады. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам Линкольн «Идея ағыны, жан-жақты ойластырылған шешім қабылдай білу, сынауға мүмкіндік алу – осының бәріне негізделген саяси демократия көп жағдайда ақпаратқа тәуелді» - деген екен./1/ Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері ақпараттық құралдарымыз да қарқынды дамып келеді. Қоғамда ақпараттық еркіндік, билік пен халық арасындағы дәнекерлік рөлді атқарып келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы айтпаса да белгілі. Ақпараттық технологиялар мен нарық заманында ең жедел ақпараттар беру тәсілдері мен қоғамдық пікірді қалыптастыру күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі. Кешегі Кеңестік кезеңде тек қана бір идеологияға бағынған БАҚ болса, қазіргі кезде түрлі ұстанымдағы БАҚ қоғамымыздың жан-жақты дамуының кепілі болып отыр. Мемлекет пен қоғамның, билік пен халықтың арасын жалғастыруда, жұртшылықты елде, жаһанда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, хабардар етуде баспасөздің рөлінің аса жоғары екендігі ақиқат. Ел тәуелсіздігінің тұғырын нығайтуда да, қоғамда демократиялық, адамгершілік құндылықтарды насихаттауда да журналистердің аянбай еңбек етіп жүргеніне көпшілік куә. Бұқаралық ақпарат құралдарына «төртінші билік» деп қарау бекер болмаса керек. Өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның бейнесін тануға да, оны өзгертуге де болады. Осы жағынан келгенде Қазақстан баспасөзі өзінің кәсіби миссиясын абыроймен атқарып келеді. Оған біздің елде түрлі органдардағы баспасөз қызметі мен оны үйлестіруші орталықтардың жұмысы куә. ....
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экономикалық география Сабақтың тақырыбы: Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.3 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды Сабақтың мақсаты: Шаруашылық салаларының орналастыру факторларын талдайды....