Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін) Сабақ тақырыбы: Діннің қазіргі Қазақстан қоғамындағы рөлі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.1 дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың іс-әрекетін талдау. 9.2.1.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының дінаралық, этносаралық келісім және ішкі тұрақтылықты нығайтудағы ықпалын бағалау. Сабақ мақсаттары: дәстүрлі және деструктивті діни ағымдар мен ұйымдардың әрекетіне баға беру қазіргі мемлекеттік саясаттың дінаралық келісім және ішкі тұрақтылыққа ықпалын анықтап, бағалау .....
Алғашқы қауымдық қоғам – адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды. ....
Осы жылы сәуір айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің плаформасы атты» ХХVI сессиясы өтті. Бес әлеуметтік бастама – Елбасының қолдауымен халыққа жолданған нақты тапсырмалары мен оның орындалу мерзімі бар әлеуметтік бағдарлама. Бағдарлама қазақстандық қоғамның төмен қорғалған бөлігін қодауға бағытталған, сондықтан ол әрбір қазақстандық үшін өте маңызды. Әлеуметтік бастаманы табысты іске асыру үшін біздің азаматтық қоғам мен ұлттардың бірлігі, олардың мемлекет пен оның болашағына сенімі үлкен рөл атқарады.
Осы орайда Қазақстандағы ұлттық бірлік пен азаматтық қоғамды қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының беделінің зор екенін айтуға болады. Қазақстанның ұлттық бірліктің қалыптасуы осы ұлт және ұлттық бірегейлік түсінігіндегі қарама-қайшылықтар арқылы тәжірибеде іске асады. Оның негізі мемлекет құраушы ұлттың этномәдени бірегейлігі мен азаматтық бірегейліктердің өзара араласуы мен үйлесімінде жатыр. Бұл бірегейліктердің өзара үйлесімділігі Қазақстандағы ұлттық құрылыс үрдісінде ымырашылдық тәжірибесі арқылы іске асады. Алайда, ұлттық бірегейліктің этностық және азаматтық парадигмалары арасындағы қарама-қайшылықтар қазақстандық қоғамда ымырашылдықтан гөрі біржақты нақты анықтаманы талап етеді.
Қазақстанда ұлттық саясаттың нақты және келісілген бірыңғай тұжырымдамасының жоқтығы байқалады .....
Демократия – грек тіліндегі “халық билігі” деген ұғымнан шыққын сөз. Осы сөздің төркіні айтып тұрғандай, халық өзін- өзі басқаратын қоғам құру. Яғни, қазіргі қалыптасқан бұл құрылым, халық өзін- өзі басқаратын бір адамды сайлап алып, оған сенім білдіртіп, басқарту. Сондықтан демократиялық елде халыққа қажетті заңдарды шығару сол елдің сенім білдіріп өздері сайлаған депутаттары арқылы келісіліп, жүзеге асады. Сол халық сенім артып сайланған депутаттары арқылы заңдар шығарылып, соған халық бірдей бағынады. Бұл демократиялық қоғамда халықтар өздері сайлаған президентінің, депутаттарының билігін, атқарып жатқан жұмысын бақылай алады. Демократиялық елде теңдік, бостандық, жариялылық басты бағыт болып, заң алдында бәрі бірдей болып, қоғамның құрылымына бағынады. Демократия–осындай ел басқаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен жоғары бағаланатын құрылым. Демократияның негізгі принципі - әділдік. Әділдікті – адамдардың көріп, есту түсінігімен, айналада болып жатқан құбылысты сезінуімен байқайды. Әділдік негізі – теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған жағдайда, қоғамды әділетсіздік жайлайды. Ал, демократияның мақсаты – адамдар арасындағы теңдікті қалыптастыру. Егер адам құқығы сақталмаған жерде немесе сөз жүзінде сақтап, іс жүзінде жүзеге сапаған жағдайда *халық билігі* құқықтық демократия дегеніміз бос сөз болып қалады. Адамның табиғи құқығы сақталмаған жерде демократияның болуы мүмкін емес. Ал адам құқығының өмір сүріп, бұзылмауына елдің Конституциясы мен ел президентінің қызметі кепілдік болуы тиіс. Демократияны іс жүзінде асырудың алғашқы қадамы–демократиялық мәдениетті меңгеру. Бұл бізде қарапайым қазақтың ұлттық мәдениетімен үйлеседі, бір- біріңді тыңдай білу, барлық адамды қызметі мен лауазымына қарамай, теңдей көру, т.с ....
КІРІСПЕ Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді, ал оның адамға қатыс жоқ деген түсінік алып келеді. Адам тағдырына қалай болса солай қарау ауыр зардаптарға соқтырды. Қазіргі кезде мемлекет табиғаты, биосфераны қоғау ісін адамның өмірі мен тіршілік ортасын, қоғамның игілігін қорғау деп қарастырды. Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен жанасуы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға бейімдейді. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды. Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің кең көлемде жүретіні соншалық, мұның өзі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластауына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін-өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты. Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адам құдыреті күшке айналды. Ол тауларды бұзып, өзен арнасын өзгертіп, жаңа көл, теңіз жасап, байтақ шөлдерді жасыл желекті мәдени алқапқа айналдыра алады....
Мәселенің өзектілігі. Қазақстанның әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Еліміздің дамуында тарих ғылымының алдында зор міндеттер тұрғаны жайында Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазғанды: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы — тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұнғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр. Бірақ бұл мүмкіндік қана, ол шыңдықка, тек казақтардың ғана емес, барлық қазақстаңдықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет. Ал осы міндет біздің алдымызға тек қана, бір ғана ұлы мүмкіндік түрінде емес, қатал қажеттілік түрінде де қойылып отыр. Оны шешсек, біз тарихтың өзімізге шақталған мезгіліне сәйкес боламыз, тарихи болымсыздықтың бос қуысында босқа қарманып жүрмейміз» [1]. «Қазақстан Республикасында тарихи сана калыптасуының тұжырымдамасында» отандық тарих ғылымы алдында тарихи білімнің үзіктілігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылған [2]. Осыған орай тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен ерекшеленген қайраткердің, ұлт зиялыларының, ғалымдардың өмір жолын шынайы тұрғыда зерттеуге де мән беруіміз керек. Бұл жөнінде елімізде көрнекті тарихшы-ғалым ретінде танылған академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымында ең зәрулі проблема — оны тарихи қайраткерлермен тұлғалау екенін баса көрсете отырып: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді.....
Біз қаласақ та, қаламасақ та әлемдік жаһандану үрдісін бастан кешудеміз. Жаһандануды алға жылжытатын басты күштердің бірі ақпараттық-байланыстық төңкеріс болып табылады. «Ақпараттық қоғам» идеясы алғаш рет өткен ғасырдағы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Д.Белл мен О.Тоффлердің зерттеулерінде көрініс тапты. Олар адамзат өркениеті аграрлық және индустриялық даму кезеңдерінен кейін жаңа ақпараттық кезеңге қадам басады деп есептеген. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасын зерттеушілер «технологиялық жаңашылдықтар түбегейлі мәдени және әлеуметтік өзгерістер туғызады, әлем мүлдем өзгеше болады» деген дәйек келтіреді. Зерттеушілер атап өткендей, «жаһандық ақпараттық қоғам» термині ең алдымен саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақпарат пен білімнің рөлі үздіксіз артып отыруына байланысты дамитын аса ауқымды біркелкілендірілген ақпарат индустриясы деген ұғымнан тұрады. Бұл құбылыс жаһандық компьютер желілерінің, бірінші кезекте интернеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Осылардың дүниеге келуі және бүкіл әлемде басталып кеткен нарықты ырықтандыру нәтижесінде, коммуникациялық қызмет түрлерінің арзандауы ақпараттық саланың күрт дамуының және оның әлеуметтік рөлі арта түсуінің негізгі екі факторы болып табылады.
Жалпы, жаһанданудың дүниеге келуіне жағдай жасаған себептердің бірі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың күрт өркендеуі мен ғаламшарлық желілер құру болатын. Аса ауқымды желілерді асыра пайдалану жағдайында неғұрлым дамыған елдердің тарапынан дамуы кенжелеп қалған елдерге қатысты мәдени басқыншылықтың жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, қазір электронды желілерде, негізінен, әлемдегі 6 мың тілдің тек 12-сі ғана қолданылады. «Сандық алшақтық» та қазіргі жағдайды шыншылдықпен сипаттап отыр, әлем халқының 80 пайызының телекоммуникацияға қол жеткізуі шектеулі, шамамен 860 миллион адам сауатсыз, 2 миллиард адам электр қуатын пайдалана алмайды. Әлем халқының басым бөлігі әлі де болса аса ауқымды коммуникациялық желілерден қол үзіп қалған. Әлем халқының бай елдерде тұратын бестен бір бөлігі әлемдік табыстың 86 пайызын пайдаланады және интернетті қолданушылардың 93 пайызын құрайды. Екінші жақтан, әлем халқының бестен бірін құрайтын кедейлер әлемдік табыстың 1 пайызын ғана пайдаланады және интернетке қосылғандардың 0,2 пайызын ғана құрайды екен.....
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі. Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды. Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым: 1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы 2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік 3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру. ....
Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Қазазстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белігілі. Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымызда баршылық. Біздің борышымыз Қазазқстанның өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономоикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, өндірістік тиімділік бүгінгі күнннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп одан ары дамытуға өз үлестерімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын. ....