2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайды. Бұл туралы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz.
Алматыда қоғамдық көлікке енгізілген «Оңай» электрондық төлем жүйесі Алматы облысының кей тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Мегаполис маңында тұратын зейнеткерлер мен студенттер жеңілдігі бар «Оңай» картасын ала алмай жүр деп хабарлайды Азаттық.
Дінтану оқыту әдістемесі тұлғаның рухани болмысын жетілдіруге және мәдениетін қалыптастыруға, руханият жетістіктерін жан - жақты түсінуге, діни ілімдерді зерделеп, талдауға үйретумен қатар, жат діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, басқаның мәдениетіне түсіністікпен қарауға, кешірімділік, діни толеранттылық дін аралық келісім ұстанымдарын сыйлауға тәрбиелеуі тиіс.
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл - парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным - сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын......
«Саналы да сапалы,білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің еңі, бақыты сендердің қолдарында деп мен айта аламын.» Н.Ә.Назарбаев Қоғам – үздіксіз дамитын жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Осындай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік – мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Әрбір жаңа кезеңді жоғары технологиялардың дамуынан көреміз. Адамдардың алдында қоғам деген не? Ол қалай пайда болды, ол қалай дамыды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде? ......
Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, құжат алғаш ресми жарияланған уақыттан 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі
Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын тәмамдағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелді.
Тиісті қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды. Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған.....
Жамбылдық күзетші Жасұлан Кенжебай туралы бейнероликтер әлеуметтік желілерде пайда бола салысымен ғаламтор қолданушыларының таңданысын туғызды деп жазады zhambylnews.kz.
2017 жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу туралы заң отандық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар бір-бірінен қалай, қай жерге барып тіркелу керектігін сұрады. Сондай-ақ, астарлы қалжыңға құрылған жазба жариялап, жаңа заңды әзілге айналдырғандар да табылды деп хабарлайды nur.kz.
Алматыда екі бүйрегі істен шығып, бүйрек алмастыру отасын жасатқан 11 жасар Жәнел Жайлауоваға қатысты тың дерек пайда болды деп хабарлайды nur.kz порталы.