Сатиралық ертегі: Қойшы мен Шайтан

Ерте-ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір қойшы байға көп жылдар бойы қой бағып, ешбір ақы ала алмаған соң байдың қорлығынан өлетін болған соң бір күні түнде қойдың ішінде қорып жатып, еліне қашып кетеді. Оны ешкім білмейді. Ертеңіне оны тек жоқтап қояды. Артынан аз уақыт іздейді, бірақ, таба алмайды.
Қойшы сол кеткеннен бір айлық жердегі еліне бет алып, жүріп отырады. Бірнеше күндер жүрген соң бір ауылдың шетіне келіп, түн болған соң шеттегі бір кішкене үйге қонайын деп, кіреді.
Үйге кірсе, үйде қарт пен кемпір тұрады екен дейді. Үйі әрі тар, әрі кішкентай болады.
– Ата, өте алыстан келемін, қонуға бола ма? – деп, қойшы ұлықсат сұрайды. Шал күрсініп:
– Үйіміз тар, өзіміз шақ отырмыз. Бұдан басқа бір кең үйім бар еді, онда кәзір шайтандар бар. Қысы-жазы содан шықпайды, жазда пішенімізді тауып береді, қызметімді бітіреді, ал, қыста қарымды күрейді. Күнде «Қызмет тауып бер», – деп, мазамды алады. Енді басқа бір үйге қонасың ғой, шырағым, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Алса – бермес пен берсе – қоймас

Баяғы өткен заманда Алса–бермес, Берсе–қоймас деген екі қу болыпты. Оның аты айтылу себебі олай деп, бір кісіден алған затын түк бермейді екен, сол үшін оны Алса–бермес қойған. Берсе–қоймас ол біреуге бір зат берсе, алмай қоймайды екен. Сол үшін аты солай болыпты. Екеуінің де дабысы жер жүзіне жайылыпты. Бір күні Бағадат шәрінде Алса–берместі естіп, соған Берсе-қоймас бармақ болып, көз жанарын тартарлық етіп, түрлі алтын сапты кездік соқтырады.
– Барып, үйіне қонғанда, көрсетейін, сұраса, берейін, – деп, соны алып, бірнеше күн жол жүріп, Алса–берместің үйіне іздеп келіп, қонады. Тамақ ішіп-жеп болған соң түрлі кездікті жайып салып, көрсете бастайды. Көріп-көріп, сұрамай қойды. Ертеңіне таң атты. Шай ішіп отырып, әйеліне айтыпты:
– Әй, мен бүгін базарға барып, жөні келсе, бір сиыр сатып әкелейін, – деді.
Сонымен базарға барды, әлгі қонағы да барды. Барып, базардан бір сиырды сатып алатын болды. Сонда он тиыны жетпей қалды. Жан-жағына қараса, түнде үйіне қонған қонағы тұр екен.
– Әй, он тиының бар ма? – деді......
Ертегілер
Толық
0 0