Курстық жұмыс: География | ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ ҚОЙМАЛАРЫ

Кіріспе
Қазақстан көлдерге өте бай. Мұнда Каспий , Арал теңіздері және дүние жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі көлдер бар.Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес.
Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді.
Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады.
Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азайады.Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы аймақтарда көп.Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз.
Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер.Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша.
Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өзіңіздің қойылған мақсатқа жетудің 10 тәсілі туралы айта кетсек

1. Қойылған мақсатты қағазға жазу, қағазға жазылмаған мақсат бір күнде ұмытылып кету ғажап емес.

2. Қойылған мақсатқа қалай жетуге болады сұрақ қойыңыз, қашан жету керек және қайда жасау керектігін қағазға түртіп қойыңыз.

3. Қойылған мақсатқа жетудің мерзімі, яғни қойылған мақсатқа жетудің уақытын жазу, қойылған мақсатқа уақыт қоймау жәй ғана арман болып қалай береді. Бұныда қағазға түртіп қойыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі

Тақырыбтың өзектілігі. Күміс мөңке балығы Garassius auratus Қазақстан су айдындарында таралған балықтар түрінің бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда ең қолайсыз ортаға шыдамды, маниторингтік түр талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде улы заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық ерекшеліктерін және морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Менің «Мөңке балығының морфо - биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың мақсатына сай зерттеу жұмыстарын атқару үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық талдау жүргізу арқылы ерекшеліктерін зерттеу және басқа бағалы кәсіптік балықтарға бәсекелестік маңызына тоқталу, әдебиетке шолу.
Адамзат балықты басқа объектілермен бірге ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше себебі, жер жүзіндегі 43 мыңдай омыртқалылардың 50 % шамасын құрайтын балықтар. Планетамыздың 2/3 бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Қоректік спекторының әртүрлілігінен барлық қоректік тізбектерге әсер етеді. Балықтар судағы және құрлықтағы көптеген жануарлардың қоректік қоры. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасы

Бұл есеп беруде Ақыртөбе жерасты газ сақтау қоймасына қатысты жалпы мәлімет және оның қызметі туралы айтылады.
Казіргі заман талабына сай газбен қамтамасыз ету жүйесі күрделі, әрі қымбат өндірістік кешендерден тұрады: 1) Газ көздерінен (газды,газоконденсатты немесе газоконденсатты-мұнайлы кен орындар); 2) Газды тазартуға, кептіруге, конденсатты өндіру мен газды тасымалдауға арналған дайындау қондырғылары; 3) қабат қысымының энергиясын пайдаланып механикалық жұмыс жасайтын,электр энергиясын өндіретін қондырғылар; 4) конденсат өңдейтін зауыттар; 5) магистралды газ желілері; 6)жерасты газ қоймалары; 7) қалалық газ тарату желілері.
Аталмыш газбен қамтамасыз етуде барлық құрылымдар пайдалану кезінде біртұтас толық жүйені елестетеді. Жүйенің кез-келген элементінің технологиялық режимінің пайдалану кезінде бұзылуы басқа да буындардың зардап шегуіне алып келеді. Әрбір элементтің рационалды жұмыс атқаруы газбен қамтамасыз ету жүйесінің барлық буындарының технико-экономикалық көрсеткіштері жоғары болғанда ғана мүмкін.
Жерасты газ қоймасы көптеген мақсаттарда қолданылады, солардың ең бастыларына тоқталайық:
1. Қысқы уақыттарда жылыту жүктемесіне байланысты мезгілдік газ тұтыну шыңын жабу.Табиғи газды пайдалану жыл мезгілдеріне, апта,тәулік, сағат бойынша әркелкі. Әсіресе мезгілдік газды тұтыну газ пештерінде, үйдегі және аудандық бу қазандарында, ЖЭО, мекемелердің өндірістік қазандарында мейлінше әркелкі.
2. Магистралды желілер мен компрессор станцияларына (КС) күрделі қаржыларды азайту.
3. Газ көздерінің ритімді жұмыс атқаруына және КС жылдық қуат коэффициенті бірге жақын болатын магистралды желілерде жағдай туғызу. Егер жерасты газ сақтау қоймасы болмаса, онда жүйенің қуаттылығы не бары 60-65 % құрайды. Жұмыс істеп тұрған газ желілері үшін соғылатын жерасты газ қоймасының жүктелу коэффициентін арттырып, магистралды газ желілері бойымен тұтынушыға газ айдау көлемін арттыру.
4. Елдің газға тапшы аудандарында мемлекеттік газ қорын жасау.
5. Мұнай газын жаңа мұнай өндіру аудандарында сақтау және көміртекті конденсатты оларды уақытша қолдана алмаған жағдайда сақтау мүмкіндігі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Технология | Қазақтың етті жүнді биязылау жүнді қойларының тұқымішілік Шу сүлесінің қазіргі отарларының зоотехникалық сипаттамасы

Тaқырыптың өзектiлiгi
Қoй шaруaшылығы – мaл шaруaшылығының жетекшi, әрi ерекше сaлaсы бoлып тaбылaды. Елiмiздiң кең aлқaп тaбиғи жaйлымдaрын тек қoй түлiгi тoлығымен тиiмдi пaйдaлaнaды. [4] Жaйылым жерлерiнiң мoл бoлуы – республикaдaғы қoй шaруaшылығын экoнoмикaлық тұрғыдa тиiмдi сaлaғa aйнaлдыру мүмкiндiгiн aрттырaды. Aуылшaруaшылығынa бөлiнген 223 млн. гектaр жердiң 180 млн. гектaры тaу-тaс, құм-құмaйт және шөл-шөлейт aймaқтaрдың үлесiне тиiп, тaбиғи мaл [5]жaйылaтын жaйылымғa aйнaлғaн. Бұғaн қoсa, қoй шaруaшылығынaн хaлықтың мұқтaжынa қaжеттi ет, мaй, сүт өнiмдерi және жүн, терi, елтiрi сияқты құнды шикiзaттaр aлынaды. [7]
Биязы жүндi қoйлaр өте сaпaлы жүн бередi, oл жүн мaтaлaрын жaсaу, кiлем тoқу мен терi-былғaры өнеркәсiбiнде қoлдaнылaды. Қoй өсiру қaзaқ хaлқының aтa кәсiбiнiң бiрi бoлып тaбылaды. Төрт түлiк мaлдың iшiнде жылқы мен қoйғa ерекше мән берген қaзaқ хaлқы қoй жaюдың, oны көбейту мен тұқымын aсылдaндырудың өзiндiк әдiс-тәсiлдерiн қaлыптaстырғaн. [4] Мaл шaруaшылығынa қoлaйлы тaбиғи oртaның мoл бoлуы, сoғaн oрaй қыстaу, көктеу, жaйлaу, күзеумен бaйлaнысты көшпелi өмiр сaлтының oрнығуы қaзaқ хaлқының дәстүрлi қoй шaруaшылығын берiк қaлыптaстырғaндығының aйғaғы. Қaзaқстaндa негiзiнен қылшық жүндi қaзaқы қoй өсiрiлдi. [8] ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Метрология | Қой шаруашылығының өнімдерін стандарттау

Қой шаруашылығының технологиясына өзара байланысты ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралары мен отарды ұдайы өсіп-өндіру жөніндегі практикалық әдістер, қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу кіреді, ол бұл саланың жүргізу жүйесінің ерекшеліктеріне орай жүзеге асырылады.Қой шаруашылығының әртүрлі технологиялық жүйелерін жұмыс істеуіне табиғи- климаттық жағдайлар әсер етуде.Қойларды өсіру техникасы, оларды төлдету, отарларды жасақтау, күйек алу, жас малдарды өсіру және басқалары сала технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.Ірі қара және қой шаруашылығы ортақ мазмұнға ие.
Қойдың дене құрылысының жақсы бейімделгіш қасиеті бар, сондықтан да оларды әртүрлі климаттық жағдайларда өсіреді.Басқа малдарға қарағанда олар өсімдіктердің барлық түрлерін, солардың ішінде арамшөптердің көптеген түрлерін пайдаланады,бұл ауыл шаруашылық дақылдарын егуге немесе малдардың басқа түрлерін жаюға жарамсыз жер учаскелерін пайдалануға мүмкіндік береді.Қой шаруашылығына өнеркәсіптік технологияны(мамандандыру, механикаландыру, өндірісті интенсивтендіру)
енгізгенде қойдың конституциясының мәні оданда әрі арта түседі.Малдардың конституциясының тұқым қуалау әсерімен және сыртқы орта жағдайымен қалыптасатынын естен шығармау қажет.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0