Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Сәулет өнері Тақырыбы: № 54-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша Оқу мақсаты: 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау; 3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату; 3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: -контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады - үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады; - үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады Оқушылардың көбі: -контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын анықтамалық материалдарды пайдалана отырып, мысал келтіре отырып ашады; -сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады; - сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады; Оқушылардың кейбірі: -контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады; -сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады; -бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің мектебім» Сабақ тақырыбы:«Мектеп пәні» тақырыбына қойылым №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарs: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалім көмегімен таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар: таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: өз бетінше таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.....
Танымал продюсер Баян Есентаева сайлауға түсетін үміткерлердің тізімінде әртістердің болатынын естігенде, таңданысын жасырмады. "Нұр Отан" партиясы хатшысының мәлімдемесі продюсерді есеңгіретіп қойды.
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді. Бай іздейді, бірақ таба алмайды.
Қойшы бірнеше күн жүрген соң, бір ауылдың шетіндегі бір кішкене үйге қонайын деп кіреді. Үйде қарт пен кемпір тұрады екен, үйі әрі тар, әрі кішкентай көрінеді.......
Мақсаты: Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы, зерттеу пәні, зерттеу объектілері жайлы ақпар беру. Жоспар 1. Зерттеу пәнін анықтау. 2.Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.
1. Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды: .....
Әләуләй,әләуләй, әләуләй! Ылғи ет жеп жүреді елде болысың-ай. Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім, Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай. Мына қолдың саласынан май тамар, Ішіп болмай қымыз деген жай қалар. Болыс болсам, арманым не, уа, шіркін! Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар? Әләуләй, әләуләй.....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен білім беру жүйесінің реформалау қажет. Қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік білім беру жүйесінің қалыптасуына маңызды рол атқарады. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет. Қазіргі таңда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр. Оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штатт санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер тигізіп отыр. Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда. Көптеген педагогика ғылымдары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек тәжірибелік жағында көптеген кемшіліктері бар екендігін көруге болады. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін педагогикалық қызметті дамыту үшін мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық,мәдени және жаңа технологияларды қалыптастыратын механизімдерді іске асыру қажет Диплом жұмысының мақсаты: осыған орай біз өз дипломдық жұмысымызда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму тенденциясын жан – жақты талдауды, оның тәжірибеде алатын орнын мақсат етіп қойдық. Зерттеу міндеттері: - білім беру жүйесінің жай-күйін аңықтау; - қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметін зерттеу; - мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін арттыру; - білім берудегі ақпараттық технологияларды іске асыру. Диплом жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің динамикасы болып табылады. Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары, білім беру технологиялары, типтік бағдарламалар және оқу жұмыс жоспарлары. Дипломды зерттеудің әдіснамалық негіздері: Білім беру жүйесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері: М.В Лебедева, О.Н.Шилова, Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова, А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер, В.А.Каймин, А.П.Шестаков т.б. Қазақстан Республикасының білім жүйесінің реформалауға үлесін тигізген ғалымдардың еңбектері Қ.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бержанов т.б.....
Арызқойлардың соңғы буыны домалақ арыз жазушылар аузы енді аққа тиіп, қаламдары қатая бастаған тұста «домалақ арыз қаралмасын» - деген пәрмен шығып, қиянға бет алған тұста қылтасынан қиып түскендей еді. Домалақ арызшылардың иіндеріне су кетіп, еңселері езілген тұста маскүнемдер мен алькоголиктерге қарсы күрес өріс алған.
Жұмыс уақытын жұмысқа пайдаланбай, көше кезіп, дүкен аралап кететіндердің «Сыра» бөшкелерінің маңайына гүлге қонған арадай гуілдесіп, дүрілдесіп жатқандарды қатаң тәртіпке шақырған. Мұның пышағы сол тұста май үстінде еді. Талайды тағынан төңкеріп, қара нансыз қалдырған. Бұдан жұрт жазғыш (арызқой) деп сескенетін.
Бармағы балға малынған жемқор басшы, парақорлар қауіптенгені, тіпті қорыққаны жөн - ақ болсын деп ойлайтын. Ондайда бұл жалпы ішіп - жеуде, ұрлық - қарлықта, пара - сара алуға мүмкіндігі жоқ сорлылардың өзінен айбынғанын көргенде, «апам тойға барса, мен де барамынның кері ғой» - деп ойлап миығынан күлетін.
Сөйтіп жүргенде күні кеше келместің кемесіне мініп, ал «қайыр хош» деуге де жарамай, ізім қайым жоқ болған кеңсе үкіметі өзімен қатар қаз тұрып қолға қағаз - қарындаш алдырып, талайды есінен тандырып, талайды күйдіріп жандырған арызқой, пәлеқұмарларды да құрдымға тартып кеткендей еді. .....