Ал, дүние, өтеріңді біліп едім, Білдірмей серілікпен жүріп едім. Бұл күнде арық қойдан бағам кейін, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім. Қарасу есік алды лайланды, Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды. Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп, Дүние өтерінде шыр айналды......
Бабекең қарсақ аулап жүрген екен, Астына буаз бие мінген екен. Жартастың өзенінде келе жатса, Алдында қасқыр ізін көрген екен, Сол кезде қылау жауып ізді басты. Кәрілік кетіп Бабекең болды жас-ты. Бір қурайды пана қып жатыр екен.....