Қазақша реферат: Дәстүрлі күйшілік өнер

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.

Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар.....
Рефераттар
Толық
7 -2

Ғибратты әңгіме: Дирижердің таяқшасы

Ұлт аспаптар оркестрі. Оның құрамында не жоқ! Қобыз, Домбыра, Сыбызғы, Шаңқобыз, Сазсырнай, Жетіген,.. Құдайға шүкір, жетіп жатыр!
Ұжымның аты ұжым. Қайткенде де оны біреу басқаруға тиіс. Кім? Қобыз ба? Әлде Жетіген бе? Ақыл таразысына салып көрсе, бәрі де лайық. Бәрінің де жөні, бәрінің де мүмкіндігі бар. Бірақ жабық жасырын дауысқа жібергенде ешқайсысы оқ бойы озып шығып, барынша көп дауыс ала алмады. «Тұяқты тұяқ жібермейді» дегендей, өзара деңгейлес түседі. Тізеге басып, күш көрсетуге....
Әңгімелер
Толық
2,5 -1,5

Жұмбақтар жауабымен: Музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сырнай, скрипка)

Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.
Домбыра

Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
Домбыра

Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Домбыра
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Қобыз сарыны)

Жатқанда жер құпиясы құлпын ашпай,
Хақ тәңірі пендесімен сыр сырласпай,
Тылсымын көк пен жердің шешу үшін
Дүниеге келді біреуі Ықыластай.
Құдайдың ықыласын кетті аударып,
Аңырап шыққан бір үн көкті жарып,
Азынап жердің......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 4-сабақ Ағам қобыз тартады
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндау.
3. Жай және құрмалас сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады, тақырып бойынша жай сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Сіріңке талынан қылқобыз жасау

Бұл жобада қазақтың көне аспабы қылқобыздың сіріңке талынан қалай жасауға болатындығы зерттеуге арналған.
Қазақ халқының қолөнерін оның ішінде музыка аспаптарының шығу тарихымен қолданылуы қарастырылады.
Түрлі сіріңкеден жасалған бұйымдармен музыкалық аспаптарды зерттей отырып, технологиялық тілде сіріңкеден дыбыс беретін қобыз құрастырылды. Құрастырылған кезде сіріңке талынан басқа қосымша ешкі терісімен жылқының қылы пайдаланылып өз шешімін тапты. Бұл жобада ұстанған негізгі мақсат: Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек. Н. Ә. Назарбаев. Сол себепті Қорқыт атамыздың көне аспабын жаңаша технологиямен өскелең ұрпаққа көрсету болды.
Бақылау кезеңінде мынандай қорытынды жасалды: кез - келген бұйымды көз еліктіретіндей етіп, дайындау үшін сіріңке талын қолдануға болатындығына көз жеткізілді.
Кіріспе
*Зерттелетін зат. Сіріңке талынан қылқобыз жасау.
* Зерттеудің мақсат - міндеті.
Көне аспап түрін жаңаша үлгіде жас ұрпаққа насихаттау. Қобыз аспабының қоңыр дауысын тыңдаушы құлақтарға естірту. Жоғалып бара жатқан қолөнер түрінің жаңғыруына кішкене болсын үлесімізді қосу. Қоңыр дауыс аспабының жасалу жолын ұрпаққа үйрету.
*Зерттеу болжамы.
Егер оқушылар аспаптың тартылу заңдылығына сай зерттеу жасаса, онда жас ұрпақтың қолөнерге деген оты сөнбегендігі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» Нұрсұлтан Әлімқұлов (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау «Мен қалай қобызшы атандым?» Нұрсұлтан Әлімқұлов
Оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдануды біледі
Көптеген оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтап талдау жасайды, нақыл сөздерді қолдануды біледі.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында нақыл сөздерді қолдану себептерін түсіндіре алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, қорытынды жасай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0