Ер сүйікті еліне Ел намысын жықпаған, Қару байлап беліне. Кегін алған дұшпаннан. Хасиетті халыққа Қол басшының есімі Жаудан тайқап ықпаған, Тұтқыйылдан саспаған.....
Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады Б.Момышұлы Биыл қазақтың біртуар батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 106 жыл толып отыр.Баукеңнің ерлік істері, жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгілік сақталады.Жадымызда мықтап жатталған даңқты тұлға есімі тарихта алтын әріппен жазылған.Қызыл империя белсенділерінің қатыгез саясатының нұсқауымен қасапшы машина қаймана қазақтың «сүт бетінен сылып алар қаймағын», яғни, саналы һәм санаулы асылдарын аяусыз қырып-жойғаны белгілі.Бір өкініштісі, бұл келеңсіздік Ұлы Отан соғысы тұсында да жалғасып, ұлы далада өсіп-өнген қайсар ұлдардың есепсіз ерлігін тиісінше бағаламады, тылдағы ерен еңбекті елемеді.Керісінше, аз ұлттарға әрдайым қысым көрсетіп, қиянат жасап, марапат-атақтан, жоғары лауазымнан шеттетіп әлекке түсті. «Қызыл империя күшейіп тұрған шақта Баукеңнің асқан батырлығы да, қайраткерлігі де, жазушы ойшылдығы да дұрыс бағаланған жоқ.45 жыл бойы батыр атағына екі рет ұсынылса да берілмей қойды.Мәскеудегі Жоғары академияда 5 жыл “Жоғары тактикадан» аға оқытушы болып қызмет атқарып, ұстаздықтың ең биік шыңына жетті.13 жыл генералдық қызмет атқарды.Бірақ генерал шені берілген жоқ». (Әскери журналист қолжазбасынан). Сол кезде жоғарғы әскери басшылыққа өзге ұлттың өкілін араластыра бермейтін саясаттың зардабы өлшеусіз болды, оны жария заманда бірақ білдік.Оның үстіне жалғандықты, жағымпаздықты өлердей жек көріп, жақтырмайтын бірбеткей Бауыржан Момышұлының ешкімнен қаймықпас өжет мінезі де шовинистік пиғылдыларды әбден қитықтырып, биліктегілер шешім қабылдар кезде әдейі сыңар езулікпен бұра тартуын тоқтатпады......
Мен Қазақстанды жақсы көремін. Себебі мен осы елде тудым. Қазақ елі басынан талай қиындықты өткерді. Отанымның мақтанышы да өте көп. Оның тарихының түбі тереңде жатыр. Қазақтың батырлары да жетерлік. Ғалым, ғұламасы да жетіп артылады. Қазақстан даму үстінде. Өскелең жас ұрпақ оны көркейтуге атсалысуымыз керек. Қазақстанның әсем жерлері, тау мен тасы өте көп. Зерттелмегені де қаншама. Қазақтың даласы тұнып тұрған байлық. Тек оны ысырап қылмауымыз керек. Қазақтың жүрегінде мәңгілік өшпес от қалдырған жылдар, әрине, соғыс жылдары. Қазақ жерінде небір қантөгіс майдандар болған. Сонау елімізге моңғолдардың шабуыл жасауынан бастап, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін қаншама майдан болды. Сондағы батыр бабаларымыз өсиет етіп қалдырған жері бабадан балаға дейін мирас болып сақталуы тиіс. Оны ары қарай жалғастырып, көркейту - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны әр заманда да сақтап қалуымыз қажет. Тілімізді шұбарлап сөйлеудің тіпті де қажеті жоқ. Біз шет тілде сөйлесек, өзімізден кішілерге қандай үлгі, тәлімтәрбие береміз?! Ұлы Отан соғысы - қазақтардың басынан өткерген ең бір қиын кездердің бірі. Мен әрине ондай қасіретті көрмедім. Бірақ бабаларымның ондай азап шеккені өте аянышты. Сол заманда данышпан елім «Катюшаны»ойлап таппағанда , біз мұндай бейбіт өмір сүрмес едік.......