Реферат: Педагогика | Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі

Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Орталық Азияға ислам дінінің таралуы

Тақырыптың өзектілігі Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.
Қазақстан егемендік жылдар ішінде ұзақ жолдан өтті. Саясаттың жаһандануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және жаһандану процестері жекелеген мемлекеттердің де сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен қызметіне үлкен ықпал етуде. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас

XIX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған экономикалық және әлеуметтік проблемалар (капитализмнің қарқынды дамуының салдарлары) АҚШ-тың сыртқы саясатының және халықаралық мәселелерге қатынасының өзгеруіне әкеліп соқтырды. Ірі кәсіпкерлер шикізаттың жаңа көздері мен өнімді және шикізатты шығарудың жаңа рыноктарын белсенді түрде талап етті. Рыноктарды қайта бөліске түсіру үшін күресті айналып қаша алмады.

Америка континентіндегі гегемонияны алу үшін АҚШ сол кезде өте танылған панамериканизм козғалысын (ол американдық мемлекеттердің қызығушылығының бірлігін уағыздаған) кең көлемде пайдаланды. 1869-1890 жылдары АҚШ алғашқы американаралық конференцияны шақырды. Онда 1910 жылы "Панамерикандық одақ" деген атауға өзгертілген жанында тұрақты коммерциялық бюро құрылған өзара - экономикалық ақпаратты алмасу мақсатында американ мемлекеттерінің Халықаралық Одағы құрылды.

АҚШ дипломатиясының әдеттегі құралы бұрынғы доктриналарды кеңейтіп талқылау болған. Бұл жағадй Олни доктринасымен де болды, оған сылтау болған Венесуэла мен Британдық Гвианасының Ориноко өзенінің сағасы үшін болған шекаралық дау еді. Ол үшін күрестің ушығуына бұл жерде табылған алтын қоры болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Р.Олнидің 1895 жылдың 20 шілдесіндегі сөзінде Америка территориясында еуропалық бақылаудың болуының еш мән-мағынасы жоқ деген. Бұл позицияны анықтау үшін Монро доктринасы сілтеме жасалынды. Нәтижесінде Ұлыбританияға АҚШ-тың талаптарын орындауға тура келді, оның қолдауын иелену үшін Венесуэла мен Британдық Гвианасының арасындағы шекара АҚШ-тың қызығушылықтарын ескеру арқылы жүргізілді, Америка Құрама Штаттары ерекше белсенділікті Қиыр Шығыста да жүргізді. Олар Жапонияның агрессиялық саясатын қолдап, бәсекелестерін әлсіздендіргісі келді. 1876 жылы Кореяда тең емес келісімге қол жеткізген Жапониядан соң Америка Құрама Штаттары 1882 жылы сол аймақта өзінің азаматтары үшін сауда, өнеркәсіп, теңізде жүзу, құқықты жағдайының жағымды жағдай жасауға қол жеткізді.

Америка Құрама Штаттары Қытайға еніп, ондағы еуропалық державалардың ықпаларының өсуіне кедергі жасауға тырысты. 1884 жылы Америка Құрама Штаттары Гавай аралдарында Перл-Харбор әскери теңіз базасын орнатты. Америка Құрама Штаттары кәсіпкерлері Гавай экономикасында басты рөл атқарды, әсіресе қант өндіруде. 1893 жылы Америка Құрама Штаттары елшісі бастаған бір топ плантаторлар Гавайда патша-әйелді тақтан түсіріп, онда қуыршақ үкімет құрды, ол үкімет келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай өткен соң Гавайды АҚШ-тың құрамдас бөлігі деп таныды, бұл аннексия 1898 жылы заңды түрде бекітілді.

Америка Құрама Штаттары Самоа аралдарын да жаулап алмақшы болды, бірақ онда Англия мен Германияның қарсы әрекетіне тап болды. Нәтижесінде 1889 жылы үш державаның кондоминимумы орнатылды, бұл АҚШ-тың Тынық мұхит суларындағы тағы бір базасын ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау
Сабақтың мақсаты: Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | АҚШ пен Жапонияның экономикасы және экономикалық ынтымақтастығы

Қазіргі кезде барлық мемелекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Америка мен Жапония ынтымақтастығы - әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады. Америка мен Жапонияның арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары сан алуан. Шешуші ынтымақтастық бағыттар – экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техникалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Үндістан-Қытай арасындағы қарым-қатынастарын жан-жақты сараптау

Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды.
Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық қатынастары

Кіріспе
Мұрагерлік - өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасап, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде, адамдардың қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін, оны мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Әрине, ол заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы терілер, үйді ұстауға жабдықтар, т.б. адам өміріне қажетті құралдар әкеден балаға, рудан-руға қалып отырған. Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойы дәстүрлермен реттелетін еді. Соған сәйкес, бұл қатынастарды жүзеге асыру қазіргідей мемелекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылатын.
Әдет – ғұрып, дәстүрді орындамаған адамға рудан (тайпадан) шығару қаупі туындады. Ал тайпадан (рудан) шығарылу нәтижесі ашық өлімге әкелетін еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлға және қарым – қатынас

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым – қатынастың дамуын зерттеу, яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінуі, мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау — біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүруі, сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажеттігі, мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайьыны, өзгелермен қарым-қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз екендігі, бала қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алуы, еңбек-пен тұрмыс дағдыларына машықтануы, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгеруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның саяси қарым қатынастары

Зерттеудің өзектілігі. Мәдениет XXI ғасырда стратегиялық маңызды ресурсқа айналып отыр. Алдағы уақытта оның ауқымы мен мазмұны кеңейіп, экономикалық, геосаяси категорияға айналуы да мүмкін. Өйткені қазіргі кезде түркі әлеміндегі елдердің арасында ортақ құндылықтарды жекешелендіру, бөліп алу тенденциясы жүріп жатыр. Сондықтан мәдени саясат дегеніміз мемлекеттің мәдениетке қатысты ұстанып отырған саясатын іс жүзінде жүзеге асыруы болып табылады. Кез келген мемлекеттің мәдениет саласында өзіндік стратегиялық басымдықтары болады. Сол басымдықтар арқылы ұлттық мәдениетін әлемдік қауымдастық аренасына шығаруы – мәдени саясаттың бір саласы. Ал саяси мәдениет деген – саяси жүйенің жүзеге асуы. Бұл екі ұғымның айырмашылықтары да бар. Сонымен қатар екеуі бір-бірімен қабысып, әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады.
АҚШ-тың «америкалық арман» идеологиясы қазіргі уақытта жетер шегіне жетіп, құлдырап бара жатыр. Бірақ 270-280 жыл бойы АҚШ-тың дамуына ықпал ете алды. КСРО-ның локомотиві – «коммунизм» идеясы миллиондаған адамды баурап алды. Тапқа негізделген бұл идеология болмаса, Кеңес Одағы 70 жыл өмір сүрмес еді. Ал Қазақстанға «қазақылық, білімділік, мәдениет» призмасындағы идеология қажет дер едім. Әрбір азамат қазақы дәстүр мен ділді көкірегіне құйып, заманауи үрдіске сай білім-ғылыммен алға ұмтылуы керек. Ал ұлттық құндылықтарды меңгеріп, білімді болған халық мәдениетті тұлға болып қалыптасады.
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары арасындағы саяси қатынастардың мәнін ашу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің бір жыл бұрыңғы халыққа Жолдауында мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының ең маңызды 30 бағытын айқындап берген еді [1]. Осыған сәйкес, қазіргі таңда елдің сыртқы саясатының бағыттарының арасында елбасымыз әлемнің ірі де алпауыт саяси «ойыншыларымен» тиімді ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігін баса айтқан еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Қазақстан халқына арнаған 2007 ж. Жолдауында АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті дамытудың қажеттілігін тағы да қуаттады. Қазақстанды жеделдетіп жаңғырту үшін қажетті қолайлы жағдайларды жасаудың және басым мақсаттарды жүзеге асырудың қазіргі сатысында бізге АҚШ-пен ынтымақтастықтың әлеуетін пайдалану маңызды. АҚШ Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың шешуші маңызын, өңірдің қалыпты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етудегі ұдайы экономикалық өсімін әрі сындарлы сыртқы саясатын атай отырып, Қазақстанның өңірлік рөлін жоғары бағалайды. Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияны ілгерілетудегі Қазақстанның ұмтылысы АҚШ тарапынан өңірлік тұрақтылық пен ынтымақтастықтың айрықша факторы ретінде қарастырылады. Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің үлесіміз - халықаралық лаңкестікпен және діни экстремизммен күрестегі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтудағы, сондай-ақ Ауғанстан мен Иракты қалпына келтірудегі сәтті әрекеттестігіміз болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қарым қатынастар

Қазіргі Қазақстан-Ресей қатынастары Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, ғасырлар бойы адамзат қызметінің барлық салаларында өзара байланысқан қазақ және орыс халықтарының қатынастарынан бастау алады. Екі елде ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.
Екі елдің тығыз байланысының тұтас бір кезеңді қамтыған тарихы, бір мемелекет құрамындағы өзара байланысы жаңа егеменді мемлекеттер-Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең дәрежелі әріптестік пен достық қатынастарының қалыптасуына негіз болды.
Курстық жұмысының дерек көзін Қазақстан және Ресеймен қабылданған мемлекетаралық келісім-шарттар, декларациялар, ақпарттық мәліметтер және басқа да құжаттар құрайды. Осы орайда ерекше атап өтетіні екі жақты қатынастардың негізі ретінде 1992 жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісімі, 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім мен Бағдарлама, 1999-2007 жылдарға арналған шекаралық аумақтардағы ынтымақтастық туралы Келісімі.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті салалары мен бағыттарына талдау жасауда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының мәліметтері, екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру жөніндегі ақпарттары үлес қосты. Сонымен қатар, екі жақты қатынастардың қазіргі сипаты мен келшегі екі ел басшыларының түрлі жылдардағы Жолдауларында аталып өткен.
Негізгі әдебиеттер қатарында Қазақстан-Ресей экономикалық байланыстары «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1995 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-1999 жылдар», «Қазақстан-Ресей қатынастары. 2000-2004 жылдар» материалдар мен құжаттар жинақтарында қарастырылады. Еңбектің құндылығы белгіленген уақыт аралығында екі жақты деңгейде қабылданған құжаттар мәтіні, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет және саясат қайраткерлерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы туралы мақалалары жарияланған.
Тәуелсіз дамудың алғашқы жылдарынан Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясаты алдындағы басымдылықтар, ондағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен Ресей бағыты қарастырылған Қ.Тоқаевтың «Ресей мен Қазақстан» атты монографиялық еңбектері мен әр жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министрлігі бастамасымен жарық көрген мақалалар жинағын ерекше атап өткен жөн.
Тақырыпты зерттеу барысында негізге алынған әдебиет көзінің бірі Т.Мансұровтың «Өзгерістер кезеңіндегі Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 жылдар» атты еңбегі. Жұмыста Қазақстан-Ресей қатынастары құжаттық-құқықтық негізде кезеңдестіріліп, әрбір кезеңге талдау жасалады. Екі жақты байланытың өзекті саласы ретінде Қазақстан-Ресей экономикалық ынтымақтастығы жеке қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0