Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп
өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың
өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....