Курстық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас психологиясы

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан, жалпы психологиялық теория үшін оның мәні ерекше, қарым -қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қарым-қатынас ұғымының мәнін ашып көрсету. Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын талдау болып табылады. Қарым-қатынас — адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Курстық жұмыстың міндеті: психология ғылымындағы қарым-қатынас проблемасының зерттелуі, зерттеу түрлерін анықтау. Адам аралық қарым-қатынас түрлерін талдап көрсету.
Зерттеудің теориялық мәні: соңғы жылдары ғылымда "қатынас" ұғымымен қатар "коммуникация" деген ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас — адамдар арасында ақпарат алмасу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0