Реферат: Тарих | Кенесары Қасымұлының қозғалысы

Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. Жалпы далалықтардың денсаулықтарын, олардың өнегелі өмірін оқушыларға таныстырып, ұлттық сананың қалыптасуына негіз қалау.....
Рефераттар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Жау, дұшпан, қас

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Мұзға сүйенбе, жауға сыйынба.

Ағайын ала болғанда,
Ауыздағы ас кетер.
Аңдыған дұшпан көбейіп,
Жау қолында бас кетер.

Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл келеді.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл келеді.

Ағайын
бар болсаң, көре алмайды,
жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
жақсы болсаң, күндейді,
жаман болсаң, жүндейді.
Мақал-мәтелдер
Толық
1 0

Реферат: Тауардың қасиеттері

Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.
Қазақстанда «тауар» ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ «мүлік» «жақсылық» мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері «тауар» ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәңге ие.
Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге, шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): 2 топ элементтерінің физикалық қасиеттері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-топ элементтері
Сабақтың тақырыбы: 2 топ элементтерінің физикалық қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.10 екінші топтағы элементтердің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Топтағы элементтердің қасиеттеріндегі өзгеру заңдылықтарын түсіндіру;
2 топтағы зерттелмеген металдардың қасиеттерін болжау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Радикалдық сополимерлену Алфрей-Прайстың «Q – e» сызбанұсқасы

Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерлердің бірге полимерленуін айтады. Ол тәжірибе жүзінде өте көп қолданылады. Сополимерлену нәтижесінде әр түрлі қасиеттері бар полимерлер алуға болады. Мысал ретінде бутадиен мен стиролды соплимерлеу реакциясын келтірейік:
nCH2=СН-CH=CH2+mCH2=CH=>[-CH2-CH=CH-CH2-]n-[-CH2-CH-]m

C6H5 C6H5

Реакция нәтижесінде бутадиен-стирол каучугі алынады.
Радикалдық сополимерлену үшін жоғарыда қаралған барлық заңдылықтар тән. Бірақ бірнеше мономерлердің қатысуы реакция сатыларын қиындатады. Екі мономердің сополимерленуін қарайық. өсетін радикалдардың активтігі тек соңғы буынның табиғатымен анықталады деп ұйғарып, сополимерлену құрамының теңдеуін шығару үшін төрт қарапайым өсу реакцияларын ескереміз:

Өсу реакциялары Өсу реакцияларының
жылдамдықтары
М1●+М1=>М1● V=k11[М1●][ М1]
М1●+М2=>М2● V=k12[М1●][ М2]
М2●+ М2=>М1● V=k21[М2●][ М1]
М2●+М2=>М2● V=k22[М2●][ М2]

мұнда Мi- і-типті мономер, Мі●-Мі буынымен аяқталатын макрорадикал, kji-Мі мономерінің Мj● радикалына қосылу реакциясының жылдамдық константасы.
Сополимерленген кезде мономерлердің реакцияға түсу жылдамдықтары мына теңдеулерімен сипатталады:
[М1●][ М1]+ k21[М2●][ М1] (1)

[М2●][ М2]+ k12[М1●][ М2] (2)
Екі теңдеуді бір-біріне бөлсе осы реакция жылдамдықтарының қатынасы шығады:

(3)
Сополимерлену кезінде жүйеде квазистанциор күй туады, яғни әр түрлі активті орталықтардың концентрациясын тұрақтайды. Квазистанциор күйдің шарты:
k12[М1●][ М2] = k21[М2●][ М1] (4)
осыдан
[М1●]= [ М2●] (5)
[М1●] мәнін (3) теңдеуіне қойып және де оның алымы мен бөлімін k12 k21 көбейтіп, кейбір жеңілдіктер жасағанда ол мынадай түрге келеді:

(6)
мұндағы r1=k11/k12 , r2=k22/k21 , r1, r2 , шамалары мономерлердің салыстырмалы активтігі не сополимерлену константалары деп аталады.
Олар радикалға «өз» және «бөтен» мономерлердің қосылу реакция жылдамдықтарының қатынасын көрсетеді. r1 және r2 мәндері реакйияға түсетін мономерлердің табиғатына байланысты. (6) теңдеуі сополимерлер құрамның дифференциалдық теңдеу деп аталады. Бұл теңдеу r1 және r2 константаларын анықтау үшін мономерлердің сополимерге түрлену дәрежесі 5-7% аспайтын, полимерленудің бастапқы сатысында қолданылады. Мұндай жағдайда [M1]/[M2] қатынасы тұрақты, ал сол мезгілдегі лездік қатынас:

болса сополимер құрамының теңдеуі мына түрге ауысады.
(7)
мұндағы [m1] және [m2] мономерлер буындарының макромолекуладағы концентрациясы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық бөлшектер
Сабақ тақырыбы: Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): алгебралық бөлшектерді танып білу;
алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;
алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану: ac/bc=a/b,b≠0,c≠0 ;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді: Алгебралық бөлшектердің ММЖ ұғымы және оны табу
Кейбір оқушылар үйренеді: Жоғары денгейлі тапсырмаларды шеше алады тапсырмаларды орындайды және талдайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• параллеограммның анықтамасын білетін болады;
• практикалық жұмыстардың нәтижелерін салыстырып, талдай отырып параллеограммның қасиеттерін қорытып шығарады;
• параллеограммның қасиеттерін дәлелдейді;
• параллеограммның қасиеттерін қолдана отырып есептер шығарады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Сырттан)

Сұлтан деген баланың
Болды мойнақ күшігі,
Мойынында қарғысы,
Тап-тұйнақтай үйшігі.
Күндіз кіріп үйшікке
Ұйықтайды, дем алады;
Түні бойы көз ілмей,
Есік алдың бағады. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себеп-салдарын анықтап, тарихи маңызына баға береді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0