Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Аққасқа

(Аударма. А.П. Чеховтан)

Аш қасқыр аңға бару үшін орнынан тұрды. Үш бөлтірігі бірдей үйме-жүйме болып, бірін-бірі жылытқан күйі қатты ұйықтап жатыр. Аш қасқыр оларды бір-бір жалап алып, жүріп кетті.

Көктемгі март айы, алайда түнде, декабрьдегідей, ағаштар шытынып тұратын еді де, тілінді болар-болмас шығарсаң-ақ, қатты шымшып әкететін-ді. Қасқырдың денсаулығы нашар, әрі өзі сужүрек. Болар-болмас дыбыстан селк ете түсетін, үнемі біреу-міреу келіп, бөлтіріктерімді жәбірлемесе игі еді деп ойлайтын. Адамдар мен жылқылардың іздерінің иісінен, ағаштың түбірлерінен, үйілген отындардың, малдың қиы түсіп қарауытқан жолдан қатты қорқатын. Ағаштардың сыртында қаракөлеңкелерде адамдар тұрған сықылданатын, орманның бір шетінде иттер үріп жатқан тәрізденетін.

Қасқыр қартайыңқырап келген-ді, сондықтан сезімі нашар тартқан еді. Жас кезінде алданып, жолдан адасу деген өмірі болмайтын ғой, міне, казіргі кезде ара-тұра жолдан адасып та кетіп отырады, түлкінің ізін иттің ізі деуі де болып қояды. Денсаулығының нашарлығынан ол бұрынғыдай бұзаулар мен ірі қойларды аңдуды қойған, үйірлі жылқыны көрсе, анадай алыс жерден орағытып өтетін, содан тек өлексені ғана азық қылатын. Жас етті де сирек жейтін, жас етті тек көктемде үстінен түсіп қалып, қоянның жас көжектерін ұстап алғанда ғана, болмаса, қозылары тұрған мұжық қорасына ұрланып түскенде ғана жейтін. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Азот молекуласы құрылысының ерекшелігі және қасиеттері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтері және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Азот молекуласы құрылысының ерекшелігі және қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.36 азот молекуласындағы байланыстың түзілу механизмін түсіну және соған сәйкес молекуланың төмен белсенділігін түсіндіре білу;
Сабақ мақсаттары: -азотқа периодтық кестедегі орны бойынша сипаттама беру;
-азот молекуласының құрылысын сипаттау;
- байланыстың күшті болуы белсенділіктің төмендеуіне әкелетінін түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Қасқырдың қамқорлығы

Ерте заманда, шағын шаруалы бір адам өмір сүріпті. Оның үш баласы, әйелі болыпты. Балаларының есімі бір-біріне ұқсас болыпты. Ең үлкен баласының есімі Қапты, ортаншы баласының есімі Бапты, кіші баласының есімі Сақты екен. Сонан Қапты, Бапты, Сақты үшеуі күн сайын бау ағашын күзетіп жүріпті. Күн сайын баудан алма жоғала беріпті.
Сонан бір күні алма ағашын күзетуге Қапты, Бапты, Сақты үшеуі де келсе, бір құс алманы шоқып жеп отыр екен. Үшеуі шап беріп, құсты ұстап алады. Құс зорға талпынып, бір қанатын қалдырып, ұшып кетеді. Сонан үшеуі келіп, әкесіне көрген уақиғаларын баян етеді. Алманы ұрлап жеп жүрген мына құс екен деп, құстың жалғыз қанатын әкесіне әкеп береді. Қанат жай қанат емес, алтын қанат болып шығады. Сонан әкесі отырып мынаны айтады......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Созылмалы аурумен ауыратын науқастар мектебін ұйымдастыру

Емдеу жұмыстары барысында дәрігер мен науқастың өзара қарым-қатынасының моральды этикалық мәселелері маңызды. Науқас болып жатқан оқиғаларды, яғни ауруына байланысты қоғамдағы орны мен туысқандарының арасындағы жағдайы өзгереді. Денесінің қызметінің өзгеруіне байланысты, науқастың сыртқы ортадан қажетті талап – тілектері өзгереді. Науқастың ішкі ағзасы ғана өзгермей, оның психологиясына да әсер етеді.

Ауру енді басталғанда, науқастың психикасы оған үйреншікті өмірі, жұмысы, ұйқысының бұзылуына байланысты бірден өзгереді.

Созылмалы ауруларда психологиялық өзгеруі невротикалық симптомдармен көрсетіледі. Кейбір жағдайлар (гипертониялық ауру, атеросклероз, қант диабеті) психоорганикалық бұзылуларға әкеліп соқтырады. Бұл кезде науқастарда шаршау, ызалану, ренжігіштік, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі байқалады. Созылмалы аурудың ұзақтығы, айлап, жылдап стационарда жатудың қажеттілігі тұлғаның патологиялық дамуы ретіндегіөзгерістерге ұшыратып, бұл адамда бұрын болмаған мінез – құлық пайда болады. Осы науқастардың мінезінің өзгеруі емдеу шараларын қиындатып, мүгедектікке соқтыруы, емдеу мекемелерінде ұрыс – керіс тудыруы, айналадағы адамдардың теріс көзқарасын қалыптастыруы мүмкін.
Бұл науқастардың ұйқысы үстіртін болады – олар тез оянады, әр түрлі шуды, сөйлесуді, жарықты жақтыртпайды. Науқастарда қорқыныш пайда болып, жиі – жиі жарықты өшірмеуін немесе қасында отыра тұруын өтінеді.
Қазіргі таңда қоғамда көптеген созылмалы аурулары бар сәбилер дүниеге келуде. Олар бұл өмірдің ашып келген соң қоршаған орта жақпай, яғни денсаулықтарына зиян келтіруіне байланысты көптеген жағдайлардан шектелулеріне тура келеді. Мүгедек балалар денсаулықтарына байланысты үйлерінде оқуы керек. Қазіргі таңда мемлекет мүмкіндіктері шектеулі балаларға жағдай жасауда. Көптеген ақаулықтары бар және мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуындағы ауытқулардың түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына жағдай жасай отырып, оларды жалпы оқу үрдісіне кірістіреді.
Олар дың кеселі болғанмен қоғамнан шектелулеріне болмайды. Мысалы кішкентай балалар басқа балалармен ойнағысы келеді, бірақ денсаулығы көтермеуіне байланысты балалық кезеңнен шектеледі. Жүрегі ауыратын науқастар шумды көтермейді. Сол себепті олар көпшілік жерде жүрмейді. Мысалы мүгедек балалар жағдайын қарастырсақ: медициналық-ұйымдық деңгейде – аурулардың кеш анықталуы, аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті мән берілмеуі, тегін медициналық көмекке қол жеткізудің, медициналық қызметтер сапасының төмендеуі, бірыңғай оңалту жүйесінде мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестірудің болмауы ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қасты ретке келтірудің құпиясы

Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.

Сонымен, іске кірісейік:

✅ 1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.(1-суреттегідей)

✅ 2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.(2-суреттегідей)......
Кеңестер
Толық
0 0

Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы

✅ Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.

✅ Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­де қайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­ пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бейнелеу өнері | Ә.Қастеев шығармаларының негізінде оқушыларға эстетикалық және патриоттық тәрбие беру

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» педагогикалық негізге алдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің қылмыстық құқықтық сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әлемнің ең дамыған құқықтық мемлекеттеріндегідей Қазақстан Республикасында да адам құқықтары мен бостандықтарына мемлекет мүдделері алдында басымдық берілген. Қазақстанның мұндай демократиялық бағытты таңдауы қоғамдағы құндылықтарды бағалауға әкеліп отыр. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қазіргі кездегі Қазақстан қоғамының ең басты құндылығы, қазынасы, байлығы.
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан жіне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 103-бабымен көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру адам өлтіруден кейінгі ең кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі. Кейде тіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан жәбірленуші өлімі келеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірідің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 1-бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 103-бабының 2-бөлігі), ерекше сараланған құрамы (ҚР ҚК 103-бабының 3-бөлігі), берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тінін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән:Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін талдайды.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Ұқсас ұрандар)

Жауынгерлік өтті он жыл.
Өшкен жоқ әлі жау үні,
Мүмкін тағы
Жақында,
Жорықты күндер керуені
Шаңдатар
Қырды, жондарды —
Жауынгерлік
Жолдарды.
Дайындалып
Жаулар тұр,
Қырғын соғыс......
Өлеңдер
Толық
0 0