Сценарий: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы көрініс

Көңіл толқыны күйі ойнап тұрады.
Сахнада балалар көңілді жүріп жүреді.

Жамбыл: Достар, достар! Газет!!! Жаңалықтар!!! Қазақ КСР ның ККП-ның бас хатшысы Қонаевті алып орнына Колбинді қоймақшы!!
Диана: Колбин!!! Қайдағы Колбин? Кім ол өзі!
Айдана: Кім ол өзі? Қайдан келді!
Бексұлтан: ол дұрыс емес! Қазақ елін....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр


— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?

Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:

— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.

— Қай әңгімеңізді айтасыз?

— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.

— Дұрыс, соны айтыңыз.

— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.

Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.

Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.

Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.

Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.

— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!

«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.

Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.

Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Асқабақ шырынының пайдалы қасиеттері

Асқабақтың денсаулыққа пайдалы қасиеттері барлығына жақсы белгілі. Көкөністер мен жемістердің шырынының пайдасы дәлелденген, асқабақ шырыны дәрілік препаратқа теңестіріледі. Оның құрамында көп мөлшерде бето-каротин, ол біздің ағзамызда ретинолға айналады (А дәрумені), сондай-ақ В, Е, К және С (аскорбин қышқылы) бар. Асқабақ шырынының минералды құрамы өте алуан түрлі; калий, мырыш, темір, кальций, магний. Асқабақ шырынында тағы майлар, белоктар және минералды тұздар бар.
Асқабақ шырынындағы ағзаға үлкен пайдасын тигізетін пектин болып табылады. Ол зат алмасуды реттеп, асқазан-ішек жұмыстарын қалыпқа келтіреді. Қандағы холестеринді төмендетіп, перифериялық қан айналымын жақсартады. Пектин біздің ағзамызда жиналып қалған токсин, пестициндерден құтылуға көмектеседі. Сондай-ақ, ол бауыр тазалауда жақсы құрал болып табылады.
Жүрек-қан тамырлары ауруларында асқабақ шырынының ерекше құнды, пайдалы қасиеттері бар. Бұл сусынмен атеросклероздың алдын алуға болады. Сондай-ақ магний миокард, бұлшық ет талшықтарын нығайтып, қан құрамын жақсартады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері

Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны.
Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеті:
Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
• Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Банан қабығының тоғыз қасиеті

✅ 1. Күмісті тазалайды
Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз. Одан кейін күмісті банан қабығының қалдықтарынан тазартып, жылтырату үшін жұмсақ матамен жақсылап сүртеміз.

✅ 2. Аяқ киімге арналған жақпа май
Банан қабығының құрамындағы майлар мен балауыз оны аяқ киімді тазалап, жылтырату үшін қолдануға мүмкіндік береді. Аяқ киімді қабықтың ішкі жағымен сүртіп, үстінен құрғақ матамен сүртесіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бейнелеу өнері | Әбілхан Қастеев шығармашылығын зерттеу

Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Республикамыз- дың тәуелсіздік алуы қоғамдық өмірден өзгерістерге жол ашты. Соның ең бастысы – исі қазқтың үлкені мен кішісінің өз халқының, қазақ ұлтының түпкі тегін білуге, тарихын, ұлттық мәдениетінің болмысына жете үңілуге мүмкіншілік алғаны. Көп жағдайда біздің халқымыз да басқа халықтармен тағдырлас болғанымен өз ғұмырында өзіндік жол бар, басқаларға ұқсамайтын ерекшелігі бар ел бола тұра оны тәпіштеп айтуға, оған жете үңіліп, қызықтауға, дәріптеуге жасқанбайтын сәттен аулақ бет бұрдық. Сөз жоқ, бұл жағдай біздің советтік ел атанған кешегімізден керексізі қайсы, одан нені өзімізге алып, нені алып тастау керек? Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып, жаңғырту керек дегенге зер салып, ойлану мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғдан оқу - ағарту ісінің барысында нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып отыр. Сондықтан біз бұрын елемей, көзі жауып келе жатқан ата – баба дәстүрін қайтадан жаңғыртуымыз керек, бұл біздің ел болып тұруымыздағы ең бір сенімді тірек. Ол үшін біз оқушыларды осы қажеттілікке үйретуымыз керек, осы айтылғандар жетегінде мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбы етіп «Әбілхан Қастеевтің шығармасының оқушыларға беретін тәрбиелік ролін» педагогикалық негізге алдым.
Қазіргі ғаламдану үрдісінің рухани өмірімізге алып отырған орны жеке адам мен қоғам арасында жаңа қатынастар қалыптастыруда, мұның өзі мәдени ортада жаңа құндылықтарға жаңаша көз қарас тудырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйек)

Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда туған) — эстрада әншісі, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2009). Құрмет орденінің иегері (2017). Арғын тайпасының Бәсентиін руынан шыққан.

Мәдина Бақытжанқызы 1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.
1992 жылы он үш жасар қыз "әнші балапан" байқауына қатысады. Алғашқы әрі ірі байқауы ол телевизиялық жарыс "Музыкальный вояж" байқауы. Көптеген байқауларда гран-приді иеленіп, жүлдегер атанады.1999 жылы Мәдина, "Жас Қанат" байқауында ән шырқайды Сол сәтте жас әншінің ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева өз қамқорлығына алады, ақ жол, сәт сапар тілейді. Артынша Роза мен Мәдинаның дуэт болып шырқаған "Мақсат-бақыт бастауы" атты әндері жарық көрді.
1999 жылы Мәдина, "Азия Дауысы" байқауында өзінің бағын сынайды. Сол жылы Мәдина, облыста "жыл адамы" деп танылады. Одан кейін Президент оркестрінде, "Гүлдер" ансамбілінде ән шырқайды. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері - Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары

Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухтың жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері еліміз бейбітшілікте өмір сүруде. Осы күнге жету үшін қаншама тер төгілді десеңші!
Қайран, ата-бабаларымыз-ай, олардың көрген қасіреттері жер мен көктің арасындағы қара түтіндей лас, әрі қасіретке толы өмір еді. Бірақ, өмірге деген құлшыныс, ертеңге деген жарқын болашақ олардың үмітін тұтатқан көрінеді. Міне, еліміз тәуелсіз. Күлімдеген күн, көгілдір аспан да таза. Бүгінгі күні еліміздің бетке ұстар рәміздері де бар. Рәміздеріміздің шығу себебі тәуелсіздіктің қасиетті нышаны болып табылады. Тәуелсіздіктің - туы, егеменнің - елтаңбасы, әлем деңгейіндегі – гимніміз шырқалып тұр.......
Шығармалар
Толық
0 0