Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қарындастарға)

Қарындасым, салмақтым
Қорғасын құйған асықтай.
Был-сылқ етіп басқаны
Молдалар жазған машықтай.
«Шүкір» деп шапшаң айтпайсың,
«Үш-ш-ш» дейсің асықпай.
Жуырда жауап бермейсің,
Жігерді жүн ғып жасытпай.
Берсең жауап.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Сен алтыға толған ұл)

Шарықтай бер болашаққа, қанат қақ та, самға бір,
Алаңсызсың бала шақта, әр күн құяр жанға нұр.
Ата-әженің, әкесінің, анасының шаттығы,
Сенің бүгін туған күнің - сен алтыға толған ұл.

Бірде қиқар, бірде ойынпаз, ал таңғалтар бір ісі,
Әр ісіңнің үлкендерді қуантады дұрысы.
Сенің бүгін туған күнің.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 2 сабақ Қарындасым билейді (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 2 сабақ Қарындасым билейді
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру 2-тапсырма
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру 4-тапрсырма
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
1. Сұрау есімдіктерімен сұрақтар құрастыру.
2. Сурет бойынша мәтін құру, оны мазмұндау.
3. Құрмалас сөйлемдер құру.
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.
Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірлерін айтады, үлгі бойынша құрмалас сөйлемдер құрайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Жандарбек Жұман (Қарындасым)

Өзгеше боп аттып тұр ақ таң бүгін,
Сиқыры мол сезімнен сақтанды кім?
Біртүрлі күй сыйлады мына маған,
Қолыңа сақинаны таққан күнің.
Қинап жатыр жанымды,қарындасым,
Ұзатылып бара...
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қарындас)

Көп күн болды сен кеткелі,
Қайдасың сол қарындас?
Мендей ешкім іздеп сені,
Мендей және сағынбас!
Онда майдан ішінде мен —
Қатулана жүгірдім:
Қанды найза үшіменен,
Жау түйреді... жығылдым.
Бұрқыраған отпен бірге
Кетті достар, жаттым мен,
Сар жапанда, жалғыз түнде .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кәрімді қарындасының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жағалай біткен бидайық,
Ел қонады шеп жайып.
Ағекемдей сабазға
Не деп бір айтсам лайық.
Жылаудан пайда бар ма екен?
........................................
Жылаудан пайда бар болса,
Ағакем еді ақ маңдай,
Ерге күміс шапқандай.
Ел ісіне келгенде,
Ойланбай ақыл тапқандай.
Төрелермен төрлескен,
Жақсылармен сөйлескен.
Жер алысын түнде алған,
Дұшпаннан кегін күнде алған.
Білінбей жүріп алғаны-ай,
Опасы жоқ сұм жалған.
Ағекем еді арысым,
Азуы кере қарысым.
Ағайынға сөз келсе,
Жібермеуші еді намысын.
Былғары тоқым, жез пыстан,
Құлады бізден арыстан.
Арыстан емей немене?
Ақылға еді-ау данышпан.....
Өлеңдер
Толық
0 0