Шығарма: Отан – қазағымның қара шаңырағы

Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды.
Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан
табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие
болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене
араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды
бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған
шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп,
еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі –
Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қарасаз құшағындағы күндер

Тәуелсіз қазақ елінің жері кең екені бәрімізге мәлім. Осындай байтақ жердің әр мекенінің топырағы киелі. Солардың бірі қазақ халқы үшін қасиетті болып саналатын Қарасаз ауылы. Қасиетті Қарасаз аталу себебі бұл жерде ақиық ақын, қазақ әдебиетінің өр тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамған жер.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Қыран қарақшы

Ертеде бір хан болыпты, оның жалғыз баласы бар еді. Ол баласының туғанда мандайына басқан қанатты қара бедеу түйесі болыпты. Ханның баласы ылғи тазысын ертіп, құсын қолына қондырып алып, жанына 40-50 адам нөкер ертіп, аңға шығып жүретін еді. Аңға шыққандағы кәсібі жолдастарын бір жерге үйіп қойып, құсын ұшырып жібереді де соңынан бедеуменен бірге ұшатын.

Күндерде бір күні күндегі аңға шығатын бетімен аңға шығып келе жатып, ханның баласы құсын ұшырады да соңынан бірге ұшып жөнелді. Құсы аспанға шырқап шығып келеді. Аспанның алты қабат үстіне шығып, құсы бір ақ күмбез үйдің төбесіне барып қонды. Жігіт те бедеуін белдігіне байлай салып......
Ертегілер
Толық
0 0

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кешегі Қаражан мен Байғұлағым)

Кешегі Қаражан мен Байғұлағым,
Жобалай, Әділ, Мыңғат, Байұзағым!
Бірадар Рақымберді Ұсабай мен,
Тоғалақ, Тәкей менен болды Ысқағым.
Сәкен, Көжек, Молдабай, Әкежандар –
Қамшы, құрық, жанторсық, саптыаяғым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дені саудың – жаны сау Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу (3-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8
Сабақ тақырыбы:Дені саудың – жаны сау Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О 3 Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды.
Т 5 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен сөз мағынасын оқи отырып түсінеді. Тыңдаған мәтінді түсінеді, қимыл арқылы білдіреді.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды. Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Кейбір оқушылар:
Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды, өз ойын еркін жеткізе алады. Тыңдаған мәтінді еркін түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары

І. Кіріспе.
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар.
Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихында маңызды орын алады.
Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.
Осы кездегі өрені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың талдау өкілдері қатысты. Орта ғасырда азамат білімінің молайып, ақыл парасатының жетіліуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі-Қазақстан топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды.
Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орынын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден – ақ аңғарған сияқты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының қарасөздері (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының қарасөздері
Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Алтынайұлы Қарасай

Алтынайұлы Қарасай (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшысы, есiмi Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнектi тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегiнде Қарасаз деген жерде дүниеге келiп, Арқа жерiнде Көкшетау үшiн болған қанды шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы айыртау сiлемiнiң Құлшынбай деп аталатын төбесiнен бұйырған. Қасына өзiнiң қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс-шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батырға және олармен бiрге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбездi кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегi ұлы жүз Шапырашты. Шежiре дерегi бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желдi, Қалды есiмдi үш ұл туады. Малдыдан Екей, Емiл есiмдi екi ұл туған. Емiлден Жайық пен Есқожа туған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есiмдi үш ұл туған. Алтынайдың үшiншi әйелiнен
.....
Рефераттар
Толық
0 0