2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» -деп атап көрсетті.
1992 жылы 4-ші маусымда тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл жылдар ішінде біздің көк байрағымыз Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің алдында дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер туларының арасында желбіреп тұрды. Атлантта өткен олимпиадалық ойындарда жеңіске жеткен қазақстандық спортшылар құрметіне шырқалған әнұран есімізде. Ұлттық валютамыз-теңгенің банкнотында тұңғыш елтаңбамыз көрініс тапты. Тұңғыш қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта болған мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихының бір беттері.
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты – Асан, ортаншысының аты – Үсен, ал ең кенже баласының аты – Хасан екен.
Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақкөңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен, Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», – дейді.......
1. программасын іске қосамыз; 2. Бағандардың енін кішірейтеміз: 2.1. Бүкіл Лист1 парағын ерекшелейміз. Ол үшін А бағананың сол жағындағы (сурет 1) сұр тіктөртбұрышта тышқанды шертеміз. Сонда бүкіл Лист1 парағы ерекше Сурет 1 2.2. Ұяшықтардың енін 2-ге тең етіп аламыз. Ол үшін кез-келген баған атында тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Ашылған контестік мәзірден «Ширина столбца» қатарын таңдаймыз (сурет 2). Сонда ашылған сұхбат терезенің «Ширина столбца» өрісіне 2 мәнін береміз де ОК батырмасын шертеміз (су Сурет 2 Сурет 2 Сурет 3
3. Сөзжұмбаққа сөздер енгізу: 3.1. Тігінен кілттік сөз жазамыз; 3.2. Кілттк сөздің әрбір әрпіне мағыналас көлденең сөздер жазамыз; 3.3. Көлденең сөздерді нөмірлейміз (сурет 4); 3.4. Құрылған сөзжұмбақ аймағын ерекшелейміз. Ерекшелеу үшін Ctrl пернесін пайдаланамыз (сурет5) ....
Лимонды ас үйде ғана қолданбаймыз, ол иммунитетті нығайтып, эпидермис қабатындағы қажетсіз заттардан арылуға көмектеседі. Мұнымен қатар, беттегі майда тамырларды жасырып, майлылығын төмендетеді. Саңылаулардың орнын да тарылтады. Лимонның осындай пайдалы қасиеттерін ескеріп, одан жасалған маска ұсынамыз.
Маска әзірлеу үшін бал мен лимон қажет.
✅ 1. Лимонды біраз уақытқа тоңазытқышқа салып қоямыз. Артынша ортасынан тіліп, бетіне бал жағамыз.......
✅Баланың жөтеліне бұл рецепт жақсы көмектеседі. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін-ақ балаңыздың жөтелінің басылғанын байқайсыз. Ол үшіш жарты литр сүтті пісіріп алған соң, бір ас қасық қарағай бүршіктерін ( сосновый почки) қосып аздап араластырасыз. Бір сағаттан соң іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Қажетінше емді жалғастыра беруге болады.
✅ 1 ірі бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стақан қант қосып , 5 минут қайнатып аламыз. Жылы болған джемге 2 ас қасық бал қосып араластырамыз. Əр сағат сайын балаға 1 шəй қасықтан беріп тұрсаңыз, 1 -2 ішінде баланың жөтелі кетеді.
✅ Сəбіз шырыны мен балдың пайдасы зор. Ол үшін бірнеше сəбізді шырын сыққыштан өткізіп қалауығызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Шырынның жаңа дайындалғанының пайдасы көбірек болады.......
Кіріспе Қазіргі заманда болып жатқан экономикалық, саяси, ақпараттық, мәдени және діни кеңістіктің жаһандануы әлемдік үрдістердің маңызды факторы болып табылады. Бұл құбылыс жағымды аспектілермен қатар белгілі бір негативті жағдайларға да әкеледі. Адамзат өткен ғасырдағы қырғи- қабақ соғыс кезеңінің қорқыныштарын басынан кешіріп, енді тыныштық заманға қол созып отырғанда, тағы да жаңа бүкіләлемдік мәселемен тікетіресті. Енді қазіргі әлемнің алдындағы өзекті мәселелер халықаралық экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни-саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі-түрлі пішіндер болып табылады. Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты.....
Пән: География Бөлім: Елтану және саяси география негіздері Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары Оқу мақсаттары: 9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады. Сабақтың мақсаты: Ұйымдарды деңгейі мен мақсаты бойынша топтастыра отырып ҚР үшін маңыздылығын түсіндіреді....