Реферат: Тарих | Қара қытайлар мемлекеті

Қара қытайлар мемлекеті
1. Қара қытайлар мемлекеті.
2. Найман мен Керейттер ұлысы.
Монғол тілді кидан тайпалары б.з. IV ғасырында Қытай-дың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандық тар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға карай жылжиды. Алай-да, осыған қарамастан - Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Қара шелек

Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді.

— Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, деп Бірмағамбет, Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан.

Бірмағамбет мұны айтқанда, Айшаны салақ деп, дүниесін бүлдіріп ұстайды деп айтқан емес. Айшаның сөзін аяқсыз қалдырмағандығын сездіргелі айтқан. Әйтпесе, Айшаның жинақтығы, күтімділігі, бірін мыңға балап ұстайтындығы бүкіл ауылға мәлім. Салақ қатындар Айшаны жаратпағанда, Айшаға мін таққысы келгенде:

— Көріне бірге алып кетсе, көрерміз: әйтпесе кімнен қалмаған дүние, — деп бұрқылдасады.

Сол қара шелек бүгін майып болыпты! Қожағұлдың қара тоқалы біреуден нәрсе сұрамай, алған нәрсесін бүлдіріп бермей жүре ме, бүгін келіп қара шелекті сұрай қойды. Айша — шелек сұраушыны жайшылықта маңына жүргізбейтін:

— Менен кедей емессіңдер ғой, керек болса, сатып алыңдар, —дейтін.

Бүгін сонысын айта алмай қалды. Айта алмай қалған себебі болды: бүгін айға толды Бірмағамбет жоқ! «Аудан жұмсапты, науқанға өкіл қылыпты, 5-ауылдың байларын Бірмағамбет протоколдап ауданға айдап жіберіпті...» деген сияқты хабар еміс-еміс естіледі. Науқаны несі? Байларда не жұмысы бар? Айлап қаңғырғандай, ай толғанша үй бетін бір көрмегендей не болды? Бұл не деген сұмдық? Қатын-баласынан безген адам бола ма екен деп бірер күннен бері Айша үздіксіз ойлаумен жүр. Күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырды қақпалап суатқа апарып суғарса да есі-дерті Бірмағамбет болады да жүреді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бөлек Қараұлы

Бөлек Қараұлы (1700, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы — 1785, сонда) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан. Сатай батырдың немересі. Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Журналистика | Бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекет

Журналистің, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтық жуапкершілігі, әсіресе, мемлекеттік пен домократияның қалыптасу кезеңінде ерекше жоғары. Мөралдық – адамгершілік тұрғыдан біздің жетістігіміз төлемдік қаблеті өсті, мұнің өзі БАҚ тың қомамдық саладағы өзіндік ролінің әсері.
Бүнінде біз барлық салалардағы реформаларымыздың елуеулі нәтижелер бреді. Ал біздің азаматтарымыз олардың өң жемісін сезініп отырғаны туралы айтатын болсақ, бұл бұқаралық ақпарат құралдарынына да қатысты. Бұл, әсілі қазақстандықтар күн сайын және сағат сайын көріп отырған реформалардың бірден – бір субъектісі. БАҚ – мен байлынысты мына бір мәселелерді де есте ұстаған дұрыс. Қайсы бір мемлекеттік органдардың немесе ченеуліктердің БАҚ тың толық мемлекеттік билік бақылауына алғысы келтініде, ал БАҚ тың трапынан, әрине, керісінше, бұл тәуелсіздікке аңсайтындары да бар. Шындығына келсек біздің пікірімізше, бүгінгі күндік қоғамдық ахуалға, үрдіске сай келмейтін мақсаттар. Қазірде еліміз журналистер қауыымдастығының «журналистың касыптык етникасы кодексы» әзірлеу үстінде екендігі көпке мәлім. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан халықаралық құқық субъектісі (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991-1996жылдар)
Сабақ тақырыбы: Қазақстан халықаралық құқық субъектісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақстан Республикасы халықаралық аренада танылуына баға беру;
Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланысын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орнын біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісінің елеулі ерекшеліктерінің бірі қоғам өмірінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қарқынының өсуі болып отыр. Ғаламдық экономика мен саясаттың дамуында бүгінде көбінесе материалдық өндіріс емес, жаңа ақпараттық дәуірдің басталуы шешуші рөл атқарады. Компьютерлер мен бағдарламалық жабдықтау, коммуникация құралдары, ұялы байланыс, ғаламдық компьютерлік жүйе -Интернет және т.б. қолданумен байланысты жаңа технологияларды жаппай енгізу ХХғ. 80-90-шы жылдары басталды. Дәл осы уақытта әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, жаңа саяси әлемдік тәртіптің негізі қаланады және жаһанданудың жаңа кезеңі басталады .
Адамзат қоғамының өркендеуі үшін материалдық, энергетикалық, ақпараттық ресурстар мен құралдар қажет. Қазіргі кезең – ақпараттық ағынның бұрын соңды болмаған күшеюімен сипатталатын уақыт. Бұл экономикаға да, әлеуметтік салаға да қатысты. Соңғы онжылдықта көпшілік тіпті «индустриалды қоғамнан» «ақпараттық қоғамға» өту туралы айта бастады. Өндірістің әдістері, адамдардың көзқарасы, мемлекетаралық қатынастар ауысып жатыр. «Ақпарат», «ақпараттандыру», «ақпараттық технология», «ақпараттық төңкеріс» секілді ұғымдар жиі қолданылуда. Ақпараттық төңкерістің қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға ықпалы жөніндегі мәселе теориялық та, практикалық тұрғыдан да маңызды бола түсті. Кеңінен қолданыла бастаған ақпараттық технологиялар миллиондаған адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Олар әлемдегі даму деңгейі әр түрлі елдердің ішкі саясатына ғана емес, осы елдердің өзара қарым-қатынасына, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қозғалыстар мен қаржылық топтардың, қылмыскерлік ұйымдар мен жекелеген адамдардың әлемдік жүйедегі рөліне де елеулі өзгерістер алып келуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Алланың сынағы.....

Аязды күн......
Жүректерді жылатқан биязы күн.
Қайғылы күн.......
Бес бүлдіршін өліп кеткен қараңғы түн.
Ақшаның жетегіне ерген ата анасы,
Қайғыдан қан жұтқан түн.
Бәрі кетті...
Өлеңдер
Толық
0 0

Ұйқы қалпына қарап жұбыңызбен сәйкестікті анықтаңыз

✅ Адамның ішкі психологиясын оның түрлі іс-әрекетіне қарап анықтауға болатыны белгілі. Тіпті, қимылсыз, ұйықтап жатқандағы қалпы арқылы да көп нәрсе айтуға болады екен. Ал бүгінгі тест жұбайыңызбен ұйқыға батқанда, қалай жайғасасыз, соған қарай араларыңыздағы қарым-қатынас жайлы анықтама береді.

✅ Төменгі берілген суреттерге қарап, өзіңізге сай келетін нұсқаны таңдаңыз да, нәтижесіне назар аударыңыз.

✅ 1. Қарым-қатынасыңыз тұрақты. Алайда, оған қол жеткізу сіздер үшін оңайға соқпаған. Бастан өткізген сәтсіз өмірлік тәжірибелеріңізге қарап, бақыттың барына сенімдеріңіз жоғалған кезде, бір-бірлеріңізді тапқан болуларыңыз мүмкін. Бақыт пен шынайы махаббатқа қол жеткізгендеріңізге қарамастан, оны жоғалтып алу үрейімен өмір сүресіздер. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Нәсіреддин Сералиев | Қарақыз

1

Шынарды біздің ауылдың үлкен-кішісі түгелдей Қарақыз дейтін. Тек мен ғана Қарақыз демей, «апа», не Шынар деп атын атайтынмын.

Көрші едік. Менен он жастай үлкен еді. Мені ол туған бауырындай көретін. Мен де оған үйір едім. Шешем «ізіне ерген не інісі, не сіңлісі жоқ, сосын сені қара тұтады ғой, қайтсын» деп отыратын. Әкесі соғыста хабарсыз кеткен, бір үйде шешесі екеуі ғана. Соғыс кезінде мектепті тастап, майдандағы ер-азаматтар орнын басып, колхоз жұмысына араласып кеткен. Оқи алмай қалғанына өкініп, «жетіншіден әрі оқи алмадым ауылдан ұзап... ой, жағдай киын болды ғой, елдің қарны тойғаны осы ғана» деп, менің кітаптарымды бірге оқысып, «жақсы оқы, жақсы оқысаң адам боласың» деп ақылын да айтып қоятын. Дастан, қисса дегендерге құмар-ақ. Ауылдағы Ахмет деген жыраудан жазып алған бес-алты дәптердей қиссаларым бар. Көбіне маған соны оқытып, «даусың әдемі, нашына келтіріп оқисың» деп мақтап, ұзақ тыңдайды.

Шынар бүйрек бет, бітік көздеу қарақыз еді. Осы түсінің қаралығына қарап жұрт қарақыз атап кеткен-ау деймін. Он үштердегі кезім, көп нәрсені біле бермейім. Жиырма төрттегі Шынарды ауылдың әйел-еркегі. «Отырып қалды. Көк етікті табылмайды, көн етіктіге бармайды. Енді сүйтіп жүріп «кәріқыз» атанады» деп өсектейтін. Шынарды аяйтын менің шешем ғана. «Қайтсін енді, құрбыларының көбі соғыстан оралмай қалды. Шал-шауқанға қалай барсын. Майданнан бірен-сараң аман келген жігіт кімге жетсін» деп аяйды.

Мен де аяймын. Шынарды «кәрі қыз» деп мазақтағандармен төбелесуге бармын. Бірде әлде кім оның есігіне:.....
Әңгімелер
Толық
0 0