Есте сақтаңыз: Фатиха, Бақара, Ықылас, Нәс, Фалақ, Әли Имран, Кәһф және Мүлк сүрелері

«Фатиха» сүресі:
«Сенен бұрын ешбір Пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар "Фатиха" сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим)
"Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа» (Бәйһақи).

«Бақара» сүресі:

«Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді». (Ахмад, Муслим).
Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят». ......
Кеңестер
Толық
1 0

Бір-бірінің көйлегін алмастырып киетін жұлдыздар кімдер?

Бүгінде ел алдында жүрген қыз-келіншектер әр көйлегінің, тіпті әр сәнді бұйымының ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын, ерекше болғанын қалайды. Дегенмен, кей жағдайда олардың бірдей көйлек киіп қалатын кездері де болады. Мәселен, отандық дизайнерден эксклюзивті көйлекке тапсырыс берген Аиша дәл сондай көйлекті Гүлнұр Оразымбетованың үстінен көріп, таң-тамаша болған еді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Бауыржан Қарағызұлы (Әлди)

Мына Түн талыққан Үміттің дауысы секілді,
Кеңістік еркесі Ол – торсық бет кекілді.
Ол бізді бір жаққа шақырған сыңайлы,
Естісем дауысын еске алып Құдайды,
Жүрегім жылқыдай жылайды!

Мына Түн – о, мүмкін бағыты жоғалған Жолдарым.
(Жолдарда жанымды.....
Өлеңдер
Толық
0 0