Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады. Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы». Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын! Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана, Келтірген дүниеге нелер......
Тәрбие сағат тақырыбы: Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы Тема воспитательный часа: Семья – основа нравственности
Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру; 2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. 3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету.
Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмірге де қадам жасап көргіміз де келмейді. Тек армандауды ұнатамыз, ал арманға қарай ұмтылу ойда жоқ. Оның себептерін білесің бе? Осы күнге дейін біз үлкендерден тек «ақылды бол, елдің алдында ұятқа қалдырма, өз бетіңмен кетпе» деген сияқты сөздерді ғана естіп келдік. Енді мен саған ешкім айтпаған құпияны айтқым келеді. Армандарға бару жолындағы ең алғашқы қадамға ең бірінші кедергі келтірер нәрсе – ол “ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?” деген пікір. «Жұрт не дейді» деп ойлаудың басты себебі – өзің жұртты жамандағыш....
Ашық сабақ тақырыбы: Қариясы бар үйдің,қазынасы бар. Ашық сабақ мақсаты: Үлкенді құрметтеп,сыйлауға.Ата дәстүрімізді сақтауға.Өз аталарының ісін үлкенге өнеге,кішіге үлгі ете білуге тәрбиелеу. Ашық сабақ түрі: Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Түрікпенәлиевпен кездесу. Ашық сабақ әдісі: Сұрақ жауап,пікірлесу,шығармашылық тапсырмалар. Ашық сабақ барысы: Ашық сабақтың уәждемелік кезеңі: а) “Мен атамның жалғасымын” тақырыбында оқушылардың ойларын тыңдау. ә) Аталар сөзі,ақылдың көзі: Аталы сөздер айту.