Қиял-ғажайып ертегі: Майлықарашаның ертегісі

Ертеде бір бай бар екен. Ол байдың үш баласы бар екен. Үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ екен. Ең кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп жолға шықты. Майлықараша айтты: «Ай, ағалар, мен бірге барамын». Ағалары айтты: «Жарайды, жүрсең жүр»,—деді. Үшеуі ата-шешесіменен амандасып кетті. Келе жатып бір үлкен тасқа келді. Сол тастың түбінде қонды. Үшеуі жатты. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым ортадарыңа жатқыз,—деді,—Мен қорқамын»,—деді. Екі ағасы жатқызады. Майлықараша үш күн, үш түн ұйықтайды екен. Екі ағасы қастық қылып бір үйдей тасқа байлап кетті. Ұйқысы қанды. Майлықараша оянды. Білді, екі ағасының қастық қылып байлап кеткенін. Біліп, тасты көтеріп, екі ағасына алып келді. Екі ағасы айтты: «Мұны не қыласың?»—деді. Майлықараша айтты: «Шешемнің ұршығының басы жоқ еді, соған бас қыламын»,—деді. Екі ағасы шешіп тастады. Тағы да келе-келе жатып бір терек түбіне келді. Үшеуі сол жерге қонды. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым, қорқамын,—деді,—Ортадарыңа жатқыз»,—деді. Екі ағасы жатқызды. Тағы да ол терекке байлап кетті. Үш күннен соң ұйқысы қанып оянды.....
Ертегілер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Таңқы мұрын қара қыз)

Таңқы мұрын - қара қыз!
Кердең - кердең басасың,
Кес-кестейсің көшені,
Қандай қырдан асасың?!
Таңқы мұрын қара қыз!
Сөз сөйледің тақылдап,
Таң-тамаша қаламыз,
Тілдесейік жақындап,
Таңқы мұрын қара қыз!
Қалғаның не жаратпай!
Түнді аударып қайтып ең,
Қайда жорттың таң атпай!
Танкы мұрын қара қыз!
Бұйралапсың шашыңды,
Сүрмелепсің қасыңды,
«Аяқ» десем, «бас» дейсің,
«Таяқ» десем, «тас» дейсің........
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қарахан мемлекеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттері
Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 3-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінің ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерден ерекшелігін талдайды, ислам дінінің қоғамға әсерін зерттейді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Қара теңізде)

Қайсар теңіз, неге көбік атасың,
Бұрқылдайсың ойран болып ақырып?
Ақ төсіңде мен келемін әндетіп,
Сен тулайсың дауыл, боран шақырып!
Жүзген кеме, менің салған әндерім:
Сенің сәнің, болашағың емес пе,
Дүлей, тағы да уіліңмен айқасып
Жеңгем сені тартыстар мен егесте!
Енді неге
Толқындармен атқылап
Лақтырасың көлдеріңді, құздарды,
Мен тынымсыз көнемін де, жырлаймын,
Сенің жүзің неге сонша ызғарлы.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Мысырды «Қара жер» деп атаған? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Мысырды «Қара жер» деп атаған? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
Сабақ мақсаты: Түрлі дереккөздермен жұмыс жасай отырып, Ніл өзенінің ролі мен әсерін игеру арқылы ежелгі мысырлықтардың материалдық және рухани мәдениетінің 2-3 ерекшелігін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Координатта қарапайым тапсырмаларды шешу (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координатта қарапайым тапсырмаларды шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Координатта қарапайым тапсырмаларды шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін жазады;
• берілген теңдеуі бойынша шеңберді салады, сондай-ақ оны салу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолдана алады;
• екі нүкте арқылы өтетін түзудің жалпы теңдеуін жаза біледі;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сабақ тақырыбы Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда қара және түсті металдарды және олардың құймаларын алу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.3.8 өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу
10.2.3.9 Тұрмыста, техникада және ғылымда қолданылатын маңызды құймалардың құрамын атау: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминий;
Сабақ мақсаттары: - өнеркәсіпте негізгі алу әдістерін біледі;
- негізгі құймалардың құрамын және қолдануын анықтайды;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Днепрге қарады)

Ұрыстан кейін бір солдат
Днепрге қарады.
Сүйгісі келді құшақтап
Өзі отырған жағаны.
Бұрқанды асау Днепр,
Толқынды беті шымырлап,
Секілді терең бейне өмір
Солдатқа бір сөз сыбырлап..,
Үзіліп солдат үн қатты
Сөзімнің тоқсан тілімен.
Минуттер өтті тым тәтті
Бара - бар ғашық сырымен...
Құшағын жаза, емірене,
Тақады суға маңдайын......
Өлеңдер
Толық
0 0

Тәрбие сағат: Абай - дана, Абай - дара қазақта!

Абай - дана, Абай - дара қазақта!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0