XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ ішіндегі күрес тартыстардың басында болған қайраткерлер халқын орыс езгісінен азат етуді көздеді. Олар елін отарлаудан құтқарып, ашық түрде күреске бастады. «Олардың алға қойған мақсаттарының бірі – жер мәселесі еді. Бұл қазақ қоғамында отарлық кезеңнен бері шиеленісіп келе жатқан өзекті мәселе. Жер мәселесін шешуде қазақ интеллигенттері Ресей Мемлекеттік Думасын, патша үкіметінің әкімшілік органдарын пайдалануға тырысты» [1,4]. Қазақ тіршілігінің негізі болған жер мәселесі ертеден ақ өзекті болған. Өздерінің отарлау саясатының басты нысаны ретінде қазақтың ұлан байтақ жеріне иелік етуді көздеген патша үкіметіне қарсылық жасап, жер жерде өрістеген қарсылық көтерілістердің басы қасында болған қазақ зиялылары бұл мәселені жоғары органдар деңгейіне көтереді. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхан «Государственная Думада», «Төртінші Дума һәм қазақ» мақалаларында осы мәселені түбегейлі көтеріп, жер бөлуде қалыптасқан көзқарас пікірлердегі қайшы тұстарды саралайды. Қазақ жұртына тиімсіз болып тұрған мәселелерді ашып, көрер көзге әділетсіз шешімдерге наразылық айтады. Алдымен жергілікті жұртты орналастырып алып, содан кейін переселендерге кірісу керектігін, қазаққа мал жайылымы үшін қалдырылған жерді енді жаңа заң бойынша орысқа ұзақ жылға жалға берілмектігін айтып, өз жеріне өзі жат болған қазақ тірлігіне ара түседі [2,300 301]. Ұлт қайраткері Әлиханның халқының тағдырына түбегейлі кірісуі сан тарапты қызметінен көрінді. Ол қазақ халқының саяси әлеуметтік жағдайын ғылыми тұрғыда зерттеп, пайымдау үстінде, экспедиция құрамында қазақ жерінің біраз өлкелерін аралап, зерттеу жүргізеді. Мұның ар жағында қазақтың шежіре тарихына терең бойлап, ондағы әрбір рудың, жүздердің орналасу жүйесін анықтайды. Ә.Бөкейхан осындай белгілі бір мақсатты нысан еткен жұмыстарды тындырған соң, елге келіп қоныстанып жатқан переселендердің жай күйін зерделеп, олардың шаруашылық жағдайларының тиімді, тиімсіз жақтарына экономикалық тұрғыда сараптау жасайды. Яғни Әлихан қазақтың тарихындағы мәнді тұстарды әбден саралап, өз дәлел, тұжырымдарын ғылыми айғақтармен бекіте алған. Қазақтың жер мәселесіне байланысты белсенді қызмет еткен тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Өзінің саналы ғұмырын халқының жоғын түгендеуге арнаған Мұстафа Петербор университетінің студенті болып жүргенде ақ, жерлестерінің арыз шағымдарына араласып, мұқтаж істеріне қол ұшын беріп отырған. Халқының ұлттық мүддесін жоғары қойған М.Шоқай елінің бостандыққа жетуін аңсады. Баспасөз өркендеп, сөз пәрмені күшейген кезде, басылым беттерінде қоғамдық саяси өмірде жасалған, жасалып жатқан өзгерістер мен іс әрекеттерге жан жақты пайымдаулар жасалып, көзқарастар қалыптаса бастады. ....
Кіріспе. Таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысқа кірісер алдында,менің алдыма қойған мақсатым, осы Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Қаратау қорығын барша Қазақстандықдарға таныстыру, онда сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды зерттеу және экологиялық жағдайлары мен қорғау шараларын ұйымдастыру. Менің ойымша, бұл міндеттердің талдауы мен білімі осы саладағы меннің болашақ жұмысыма көмек болады деген үміттемін. Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы қажалатын жеріміз қандай кең болса, Аллаға шүкір, соның асты да, үсті де табиғат байлықтарына өте бай. Біздің Қартау өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған. Ол өзінің байлығы мен сұлулығы арқылы жұртты әр уақытта қызықтырады, тамсандырады. Ал енді Қаратау қорығын – баршамыздың ортақ борышымыз. Республика деңгейінде Қазақстанның экономикалық жағдайын дамыту барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі. Жақын арада қабылданған Қазақстан Республиқасы Президентінің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңыңда күзету және қорғау туралы 29-бапта былай делінген:....
Жүргізуші ақпараттың көп бөлігін көзбен көру арқылы алады. Шамамен (85%-90%-ы) деп есептеуге болады. Күндіз жүргізушіге еркін жүруге ақпарат мол болса түнде қараңғылыққа байланысты жүргізушілерге жол жүруне қиындық туындайды. Түнде жүргізушінің қабылдау қызметі нашарлап, сонымен бірге оның қимылдау қызметі де нашарлап ашушаң болып келеді. Сондықтан түнгі уақытта жолда жүру қарқындылығын 5-10 төмендесе де, автомобиль апаттары күрт өсіп кетеді. Ресей мамандарының пікірі бойынша түнде жүрру 2 есе қауіпті. Ал ағылшын мамандарының мағлұматы бойынша 2/3-і жолдағы қайғлы апаттар болып есептеледі. Кешкі уақытта апат саны 3% өссе, түнде 30%-ке жетеді, бұл жүргізушінің жұмыс қабілетінің 56% дейін қалыпты жағдайынан түсуіне байланысты. Францияда да апаттардың көп бөлігі түнде болып, жол апаттарынан қайтыс болған адамдардың саны 57%-ті құрап отыр. Осыларға қарағанда түнде көлік жүргізу өте қиын әрі жауапкершілігі күшті жұмыс ьолоып саналады. 2. Негізгі апат тудырушы себептері 1. Жүргізушінің көру қабілеттілігінің төмендеуінің бірнеше факторлары бар. Олар: - географиялық орналасуы. - айдың жарқырауы. - бұлттың тығыздығы. - өңірдің өзгешеліктері. - жыл мезгілі. - метрологиялық жағдайлар. ....
Кіріспе. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» констетуциялық заң жарияланады. Мемлекетіміздің алдында халықаралық құқықтың жас субьектісі ретінде басқа мемлекеттермен әріптестік қарым – қатынас, байланыс орнатуға кең көлемді мүмкіндіктер ашылды. өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, осы күнге дейін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты – халықаралық құқықтың субьектісі болып табылатын әлемнің кез келген мемлекетімен әріптестікғ пен әділеттілік ұстанымдарына негізделген өзара тиімді қатынас орнату болып отыр. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев көп мақсатты ынтымақтастықтың мәнін «...Мұндай ынтымақтастықты дамыта отырып, біз жасанды түрде басқа дүниеден оқшауланбаймыз және ешқандай идеологиялық , конфессионалдық блоктарға кірмейміз, керісінше, Қазақстанның Шығыс пен Батысты жалғастырушы континенталды көпір ретіндегі ерекше рөлін пайдалануға ұмтыламыз», деп атап көрсетті. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ – ның бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар - әлемдегі қауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау... Бұлар ХХІ ең басты проблемалары ретінде айрықша аталып өтті.....
Кіріспе Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп, түсіну оны жан - жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады. Мақсатым жұмыс жоспарымды жетілдіріп, ғылыми – зерттеу болып табылады. Бұл тарау ХЭҚ-дың дәстүрлі және ең дамыған түрі – сыртқы саудаға арналған. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда. Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет. Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатының құралдары (инструменттері) – кедендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілермен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іс-әрекетінің бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. (Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды).....
Батыржан Смақов – Қазақ ұлттық өнер университетінің дирижері,Қазақстандағы жалғыз контртенор опера әншісі.
1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, жастайынан музыкамен айналыса бастаған. Халықаралық байқаулардың, оның ішінде "Гран-При Санкт Петербурга” және Турин қаласында өткен “Concorso della Musica Sacra” байқауларының лауреаты. Оның кәсіби мансап жолы 2010 жылдан, Батыржан алдымен Грузияға, кейін Италияға оқуға кеткеннен басталған.
2011-2017 жылдар аралығында Озимо қаласының Халықаралық опералық ән айту академиясында, одан кейін Пезаро қаласындағы Джоакино Россини консерваториясында хор дирижері сыныбы бойынша оқыған, Италия магистратурасын қызыл дипломмен бітірген. 2016 жылы Сирия балаларына көмек ретіндегі қайырымдылық концерттері сериясынан соң «ЮНЕСКО Бейбітшілік әртісі» атағын алған. Оқу бітірген соң елге салтанатпен оралып, Астана Операсы театрында 2 рет “Возвращение Орфея” жеке концертін берген.....
Никита Амоскин – акробат, халықаралық класстағы спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, спорттық акробатикадан әлемчемпионы.
Ол 1999 жылы Қарағанды облысында туған. Қазір Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Никита бала кезінен спорттық акробатикамен айналысып, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы турнирлерінде жүлделі орындар алды. Ол спорттық акробатикадан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері. Никитаның 60-тан аса марапаты бар.
2015 жылы серіктесі Анастасиямен бірге Азия чемпионатында жеке есепте 1 орын алды. 2016 жылы Қытайда әлем Чемпионатында қола жүлдегері атанды, ал Польшада әлем кубогында алтын жүлдеге ие болды.
2016 жылы Никита еңбегіне лайық халықаралық класстағы спорт шебері атағын алды. Алайда жас спортшының басты жетістігі 2018 жылдың сәуірінде Бельгияның Антверпен қаласында жастар арасында аралас жұптар категориясындағы спорттық акробатикадан өткен Әлем Чемпионатының алтыны болып табылады. Өз қаласы мен елінің мақтанышы болып жүрген ол әрі қарай да халықаралық спорт әлемінде Қазақстан Республикасының мерейін үстем еткісі келеді. ....
Кіріспе Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз-құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолдану ерекше формасы. Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс қүштерінің дамуы мен ішікі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, таурлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендкген салалардың өнімін сатуда туындайтын қйындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда –саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұңай,машина жасау, ауыл щаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынасарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарын-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде.....