Сабақ жоспары (ұмж): Қарапайым механизмдер, «механиканың алтын ережесі», күш моменті (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті
Сабақ тақырыбы: Қарапайым механизмдер, «механиканың алтын ережесі», күш моменті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.4.1 қарапайым механизмдердің қолданылуына баға беріп, «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау;
7.2.4.2 күш моменті түсінігін түсіндіру және күнделікті өмірден мысалдар келтіру;
Сабақ мақсаттары: 7-сынып оқушыларының барлығы дерлік жай механизмдер және оның түрлері, «механиканың алтын ережесі» тақырыбын түсінеді, оларға мысалдар келтіріп, тұжырымдама жасай алады.
Оқушылардың басым бөлігі жай механизмдердің жұмыс істеу принципін сипаттайды, олардағы күштен ұтыс алуға болатынын түсіндіреді
Оқушылардың кейбірі моменттер ережесін қолданып сапалық есептер шығара алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | География оқулықтары және олардың атқаратын қызметі

География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады.
География оқулығының мазмұны, оның әдістемелік құрал-жабдықтары – география сабағын өткізудің арнаулы әдістерін белгілейді: 1-сызбанұсқада оқулықтың әр түрлі құрам бөліктерімен жұмыс істеу көрсетілген: тақырыптық-тақырыппен, сұрақтар және тапсырмалармен, география терминдерімен және ұғымдар туралы сөздіктермен: текстен тыс – профилімен, статистикалық материалдар (кестелер, диаграмма, графиктер) , карталармен, фотосуреттер және суреттермен (сурет түрінде)
Оқулықпен жұмыс істеу әдісінің көп бөлігі 5-6 сынптардың курсына кіреді, мұнда оқушылар осы әдістермен танысады, олардың өздігінен жұмыс істеуі жоғары 7-9 сыныптарда басталады.
Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дені саудың – жаны сау Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу (1-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы:Дені саудың – жаны сау Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен мәселені түсініп, қарапайым сөйлейді.
Оқушылардың көпшілігі:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Кейбір оқушылар:
Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетіп, дилогке еркін қатысады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: География | Қаратау қорығында экотуризмді дамыту

Туризм саласы дүниежүзінің жалпы ұлттық өнімінің 10/1 бөлігін құрайтынына байланысты туризмді дамыту, оның ішінде қала және табиғаттан тыс жерлерде жүрген адамдарда табиғатқа деген сағыныш кернеп, рухани және ішкі жандүниесіне қажеттілік тууына байланысты экологиялық туризмді дамыту қазіргі таңның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Адамдардың табиғаттан нәр алуы, оны өз ортасына насихаттауы, табиғатты қорғауға ынталандырылуы, сонымен қатар басекеге қабілетті туристік сала құру арқылы халықтар арасындағы жұмыссыздықты жою тұрақты табыс көзіне айналдыру.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туристік ұйымының деректері бойынша халықаралық инвестицияның 11% астамы әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сегменттері болып табылады. Халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8%, қызмет көрсету секторы экспортының 7% құрайды. Туристтерден түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3 орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтардың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс-жүзінде жеткендіктен туризмнің өсуі туристтер баратын жаңа аумақтар есебінен дамитын болады. Осыған байланысты Қазақстанның әлемдік турстік рынокта өзінің лайықты орнын табуға мүмкіндігі бар. Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды. Мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына сондай-ақ мемлекеттің туризмді дамыту сайясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. Қазіргі туризм-бұл әлемдік экономикада құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар шамамен 9 т. тас көмір немесе 15 т. мұнай немесе 2 т. жоғарғы сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша 100 мың турист қалада орташа есеппен 2 сағат болған кезінде 350000 доллор немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллор жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту ұзақ мерзімді экономикалық болашақ. Туризм жалпы алғанда мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже береді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қаражаттарының есебінің аудиті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетгі. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, Үлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың қассасында сақталуға. тйісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәсшгелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шрттарын анықгауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілгең түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазьш алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі.
Қазіргі таңда еліміздің оқ󬬬-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған ,өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.Тәрбиенің негізгі міндеті-қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгешілік стимулдарына айналдыру.
Қазіргі таңда әсіресе , көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген:«Адамгершілік-адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүние танымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қ. Қараманұлы батыс әдебиетінің аудармашысы

КІРІСПЕ
Қазақ аудармасының тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. «Жеті жұрттың тілін біл» деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін ежелден сезген. Әсіресе, 19-шы ғасыр мен 20-сыншы ғасырда аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға енген жоқ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы процесстің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қай халықты алып қарасақ та, өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өрендеткен, өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің ғылым білімін үйренуге ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың айрықша қызмет атқарғандығы мәлім. Аударма – «халықтар достығының дәнекері» деп аялауда көп мән бар. Егер біз дүниежүзі халықтарының бәріне ортақ неше алуан мәдени, әдеби, тарихи мұраларды тізіп, санап, оқып шыға алатын хәлде болсақ, ол тек аударманың арқасы. Аударма қай заман, қай кезең болмасын қоғам өмірінің ілгері жылжи дамуына қалтқысыз қызмет етіп етіп келеді. Қазіргі кезеңде аударманың көбейгені соншалық, тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап шығудың өзі оңайға түспейді.
Аударма – көне де, жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға созылған аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарам-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың , тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері.
Көркем аударма – сөз, әдебиет, публицистика салаларының ажырамас бір бөлігі. Аударма адамдардың көне замандардан жеткен тілі өзге адамдар қауымын түсінудің құралы. Олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы болған. Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды,жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналық қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.
Аударма шығармасына аудармашы талантын, жандүниесін, шығармашылық құштарлық пен қызығушылығын арнағанда ғана, ол бар табиғатымен, тұтастылығымен, құрылымдық элементтерімен тегіс танылады. Автордың ой-сезімін, дүниетанымын, стильдік дербестігін, көркемдік әлемін терең түсіну, айқын сезіну – аударма сәттілігінің негізі. В. Ганиев пайымдауынша, «Аудармашылық өнердің өзегі – шығармашылық қайта түрлендіру. Бұл маңызды мәселені зерртеу, оның әртүрлі қырын аңғару – бұл дегеніміз аударманың құрылымдық өзгешелігінен шығып, оның терең негізін түсіну». Кезінде П. Антокольский қайта түрлендіру өзгешелігін аударма өнерінің феномені деп атапты. Бұл – өз туындысына автор қандай шебер болса, аударма шығармаларына да сондай талантты болу міндеттілігі. А. С. Пушкин, Абай – осындай дара тұлғалар. Аудармашының сөздік қорының байлығы, тіл шеберлігі, әсіресе синонимдер мен тұрақты сөз тіркестерін мол білу – аударма сапалылығының негізі. Екі тілдің сөздік қорын, әдеби тілін молынан игеру – көркем аударманың жоғары құндылығының кепілі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Халықаралық валюта қатнастары

Кіріспе
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын, валюта қатнастарынның жолға қойылған жүйесінсіз, оның нақтылы әлем денгейінде біліп, қаржыландыруға болмайды. Өзіне тән үлгісінде валюта қатнастарыелдін ішінде қолданылатын ақша айналысының заңдарын жүзеге асырады және дамытады. Бұл қатнастардың эвалюциясы өндіргіш күштердің дамуына, халықарылық енбек бөлінісінің терендеуіне, капиталистік шаруашлықтын құрылымдық өзгерісіне байланысты.
Валюта қатнастары – бұл дүниежүзілік қатнастардың қолданылуына байланыстыжәне елдер арасындағы шаруашлық байланыстарының алуан түрлеріне(сыртқы сауда, сыртқы капиталшығару, пайданы инвестициялау, ғылыми техникалық айырбас, туризм және т.б.) қызмет көрсететін экономикалық қатнастар.
Қазіргі заманда валюта қатнастарының әлуметтік-экономикалық функциясы сол, дүниежүзілік және бүкілдүнежүзілік шаруашылық шеңберінде капиталдың ұдайы өндірісі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету. Валюта жүйелері ұлттық және дүниедүзілік болып екіге бөлінеді. Ұттық валюта жүйесі – елдің ұлттық зандары бойынша айқындалатын валюта қатнастарын ұйымдастыру үлгісі болып табылады. Дүниежүзілік валюта жүйесі – бұл дүниежүзілік шаруышылықтын дамуына байланысты және мемлекет келісімдерімен заң жүзінде баянды етілетін халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру үлгісі болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0