Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер? (5 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тәрбиенің қайнар бұлағы»
Сабақтың тақырыбы: Атымтай Жомарт қандай кейіпкер?
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы.
Сабақтың мақсаты:
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Қыр басына шыққан түлек

Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді
Мектептің мақтанышы – Түлектерін.

(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінен)

Мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің 20 жылдық кездесулерін ұйымдастырмақ мақсатпен алдын ала өзара дастарқан басында ойластықтары өтіп жатыр еді. Бұлар – 1963 жылы дүниеге келген, мектепті 1980 жылы бітіріп кеткен 31-түлектері. Дастарқан басында жиналып отырған ендігі есейіп кеткен кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөйледі.

– Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл уақыт болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырған жайымыз бар. Осыған бір өлең арналса, – деді Рүстембек Құлжанов.

Рүстембек Құлжановтың сыныптастары, шынында да, 20 жылдық кездесудің бастамышысы болып отырғаны рас еді. Содан кейін-ақ 20 жылдық кездесу өткізу үрдіске айналып жүре берді. Рас, мұндай 20 жылдық кездесу өткізу кеңес заманында дәл сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары арасында ұйымдастырылғандығы, оның ауылдық мәдениет Үйінде өткендігі де белгілі. Бірақ нақ осындай кездесулер өткізу тәуелсіздіктен кейін ғана барып үрдіске айналып жүре бергендігі рас.

.....
Әңгімелер
Толық
1 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Қанатты достарың Жүсіпбек Аймауытов Қараторғай (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Қанатты достарың. Жүсіпбек Аймауытов. Қараторғай
Оқу мақсаты: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:. мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, мәтін бөліктеріне тақырып қояды;
Көптеген оқушылар: мәтіннен нақты ақпаратты табады және сызба түрінде көрсетеді,
Кейбір оқушылар: әңгімелеу барысында иллюстрациялар/суреттер қолданады, жоспар құрады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: 7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салауатты өмір салты үшін қандай шарттарды орындау қажет? (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты үшін қандай шарттарды орындау қажет?
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) Ж3. Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу
Сабақтың мақсаты: Ж3.Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай? (Дүниежүзі тарихы, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Еуропаның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Сабақтың тақырыбы: «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай?
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.3. жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңыздылығын бағалау;
9.1.2.2. әлемнің жетекші және дамушы елдерінің өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;
9.1.1.2. әлемнің жетекші елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін талдау.
Сабақтың мақсаттары: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ФРГ әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ер қанаты - ат

Біз қазақ халқы мал баққан елміз. Біздің ұлтымыз мал десе ішкен асын жерге қоятын ұлт. Жылқы жануары - төрт түліктің біреуі. Қазақтың жігіттері де, қыздары да ат құлағында ойнайды. Көкпар, қыз қуу ойындары бұрыннан келе жатқан қазақ халқының ұлттық ойындары. Ат......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Қара Ертістің аруы

Жатып едім қара Ертістің бойында
ештеңе жоқ мынау менің ойымда,
жағалаумен жүгіріп өтті бір ару
суды шашып мына менің бойыма.

Ұшып тұрып денем тағы селк етті
қандай жан деп бойларыма...
Өлеңдер
Толық
0 0

Нан қандағы қант деңгейін төмендетеді

Бүтін дәнді және бидай наны денсаулық үшін аса маңызды. Ол диабеттің өршу қаупінің алдын алады.

Шығыс Финляндия Университеті мамандары зерттеу жүргізіп, жасұныққа бай бүтін дәнді нанды жиі тұтыну қандағы қант деңгейін төмендетуге және екінші дәрежелі диабеттің өршу қаупінің алдын алатынын дәлелдеген.

Қара және бидай наны да инсулинге төтеп беру реакциясын жақсартады, ал ақ нанның қанты жоғары адамдарға да, дені сау адамдарға да аса пайдасы жоқ екені дәлелденген. ......
Кеңестер
Толық
0 0