Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шегіп, билікке үндеу айтқан оқушы қыздың көршілері олардың үйін су баспағанын мәлімдеп отыр. Аты-жөнін атағысы келмеген әйел Интернетте видеосы таралып, көпті елжіреткен қыз бен оның шешесін басқа біреудің су алған үйінің фонында видео түсіріп, қолданып кетті дегенді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал қызға осы видео Қазнетте таралғаннан кейін бизнесмендердің үш бөлмелі пәтер сыйлағаны белгілі.
Күн шыжып, жалпақ егін кетті пісіп, Ораққа жан жабырлап жатыр түсіп, Қым-қиғаш қыруар жұрт орып жатыр, Жел шықса, күн бұлттанса зәресі ұшып. Шоқпардай cap тары тұр басын иіп, Көрінбес ат құлағы.....
Жоғарғы әр түрлі шежіре кітаптардың сөзінен біздің қазақ Нұх пайғамбардың Яфас деген баласының нәсілінен, қытайша Тукю - біздің тілде түрік аталған халықтан екені анық болды. Түрік деген «дулыға» деген сөз екен. Онан соң бір кезде ғун, яки хун деп аталыпты. Оны Нәжиб Ғасымбек Орхон өзеніне қойылған аттан қойылды дейді. Онан кейін әр түрлі атпен бөлектеніп кетсе де, біз ұйғыр атынан шыққан елміз. Бұл ұйғыр деген «бірігіп қосылған» деген мағынада деп шежіре жазушының бәрі айтқан....