Шығарма: Жеңістің құны төгілген жас қан

Халқымыз қашанда асыға күтіп, қуанып қарсы алатын Жеңіс күні де таяп қалды. Алайда , ұлы жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ . Біреудің жан-жары, біреудің әкесі, біреудің нағашысы, біреудің жиені кескілескен шайқаста мерт болды. Қай отбасын болмасын ауыр қайғыға душар етті. Осыншама адалдықты ары мен жанына серік еткен абзал азаматтарымыздың ерлік даңқы ұрпақтан - ұрпаққа жаңғырып жете бермек. Біз осы күндерден қанша алыстаған сайын олардың тау тұлғалары біздің санамызда биіктей береді, биіктей береді. Кіндік кесіп, кір-қоңын жуған жерін тек қана адалдықпен сүйген аталарымыздың жүрегі:
« Бола ма соғыс ? – Біздікі жеңіс!
Бірақ та соғыс болмасын деңіз!
Жеңістің құны – кесілген білек,
Жеңістің құны – тесілген жүрек,
Жеңістің құны төгілген жас қан…
... Бола ма соғыс ? – Біздікі жеңіс! ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Машина саласы | Түсірмелі-көтермелі арқан техникасы

Қазіргі уақытта ұңғымалардың пайдаланылуы олардың iшiнде үлкен әр түрлі жұмыс санының периодты түрде орындалып, түсірілген жабдықтармен жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар, ұңғыма-қойнауқат параметрлерінің өлшемдеріне қатысты, көтергiштiң элементтерiнiң ауысымымен, ұңғыманың жер асты жөндеуi, қабаттың клапан-айырғышын құрастыру немесе бұзуымен бұрындары орындалған немесе СКҚ түсiрiлетiн және көтерiлетiн бағаналары көмегiн қолданған, немесе СКҚ бағаналарының қажеттi көтерулерiн жасады. Мұндай әдiстер ұзаққа созылады, сыйымды, олардың орындалуы бұрқақты ұңғыма кезінде немесе ұңғыма тұншықтыруынан кейiн, немесе қысым кезінде.
Бұл жұмыстарды соңғы жылдары СКҚ көтермей-ақ бірте-бірте арқан, кабел және сым арқылы орындай бастады, олар ұңғымаға саға жабдығы арқылы өтетін арнайы құрылғылармен жабдықталған, әсер етуші, ұңғыма ішіндегі жабық оларға басқаруға мүмкіндік береді және ұңғымадағы құрылғыларды көтеріп тусіруге, көптеген жұмыстарды ұңғыма ішінде атқаруға, оны тазалау, жуу, химиялық өңдеуі, құбырды көтермей-ақ және СКҚ бағаналарының көмегінсіз жүзеге асады.
Мұндай жұмыстардың орындалуы үшiн арқан арқылы, кабел немесе сым көмегiмен жиі арқан жұмысы деп аталатын ұңғы iшiндегi жұмыстарының көлемі үздiксiз өсiп келе жатқан тiптi үлкен орындалатын арқан жабдықтың дербес тобы негiзiнде соңғы кезде құрылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әбілқайыр мен Моғолстан мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан.
Сабақтың тақырыбы: Әбілқайыр мен Моғолстан мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
- XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
- Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау
Сабақтың мақсаты: Оқушылар XІІІ-XҮ ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің саяси үдерістерін түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары Шоқан Ыбырай Абай

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Қанның кетуін саусақтармен тоқтату

106. Қанның кетуін тез жарақаттан жоғары тұрған сүйекке (денеге жақын) қан ағып тұрған тамырды саусақтармен басу арқылы тоқтатуға болады. Қан ағып жатқан тамырды саусақтармен жеткілікті түрде қаттырақ басады.

107. Жарақаттардан қанның кетуін:

беттің төменгі жағындағы – жақтық артерияны жақтың төменгі шетіне қарай басу арқылы;

шеке мен маңдайдағы – шеке артериясын құлақтың алдына қарай басу арқылы;

бас пен мойындағы – ұйқы күре тамырын мойын омыртқасына қарай басу арқылы;

қолтық асты шұңқыры мен иықтағы (иық тамырына жақын) – бұғана астындағы артерияны бұғана астындағы ойға қарай басу арқылы;

білектегі – білек артериясын сырт жағынан білектің ортасына қарай басу арқылы;

қолдың буыны мен саусақтарындағы – екі артерияны (кәрі және шынтақ) үшінші төменгі қолдың буынын білекке қарай басу арқылы; .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Қанықпаған көмірсутектердің тотығуы. Химмиялық қасиеттері

Кіріспе
Этилендік көмірсутектер гомологтар қатарының алғашқы төрт мүшелері газдар. Бестен он жетіге дейін көміртек атомдары бар олефиндер-сұйықтықтар. Одан әрі қарай қатты заттар келеді. Көміртек атомдары нормальді тізбекті олефиндер өздерінің тармақталған тізбекті изомерлерінен гөрі жоғарырақ температурада қайнайды. Қос байланыстың молекуласы ортасына жылжуы қайнау температурасын жоғарылатады. Цис-изомерлер әдетте транс-изомерлерден гөрі жоғарырақ температурада қайнайды. Қос байланыстың молекуланың ортасында жылжуы балқу температурасын жоғарылатады. Транс-изомерлер цис-изомерлерден гөрі жоғарырақ температурада балқиды.
Олефиндердің тығыздықтары бірден кем, бірақ сәйкес парафиндердікінен артық. Гомологтық қатарда тығыздықтары артады.
Олефиндердің суда ерігіштігі типті аз, бірақ парафиндерге қарағанда көп.Олефиндер кейбір ауыр металдардың тұздарының ерітінділерінде комплекстік қосылыстар түзе отырып жақсы еритіндігін ескерте кету керек (мысалы, жартылай хлорлы мыс ерітінділерінде ).
Олефиндер үшін инфра қызыл сәулелерді6-6,5 және 10-12 µ (1670-1560 және 100-830 см-1) облыстарында іріктеп сіңіруі тән, сондықан инфрақызыл спекрлер олефиндердің құрылысын таңдауда зор табыспен пайдаланып отыр.
Дивинил қалыпты жағдайда- газ. Изопрен және юасқа жай диендік көмірсутектер- сұйықтар. Көмірсутектерінің гомологтық қатарларына тән жалпы заңдылықтар, бұл қатар үшін де күшін сақтайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0