Ертеде Күнше дейтін бір жесір әйел болыпты. Ол күндердің бір күні өзінің құрым лашығынан жалғыз баласын ұрлатып алып, зар илепті. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын көрген ел-жұрты қатты налыпты. «Бейшараға қалай жәрдемдесеміз?» – деп өзара кеңеседі. Арада төрт жыл өтеді. Қанша іздегенмен бала табылмады. «Толыбай деген сыншы бар, соған барып арыз айт», – деп, ауыл адамдары Күншеге ақыл айтты.......
Талай қиындықты бастан кешіп,ел тағдыры қыл үстінде тұрғанда жанын аямай жауға қарсы тұрған,бейбіт күндері туған жердің көркейіп,қанат жаюына өз үлесін қосқан,бүгінгі таңда майдангерлер атанып отырған қазалылық азаматтарымыз аз емес.Оның көбі о дүниелік болып осы қызықты да жарқын күндерді көре алмай кетті.Қалғаны саусақтың санына да жетпейді.
Солардың ішінде XXғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі саналатын Ұлы Отан соғысына қатысып,ер етігімен су кешіп,жеңісті сыйлаған жандардың бірі-менің атам,Ұлы Отан соғысының ардагері Əбдірей Əбішұлы болатын.
Менің атам 1941 жылы 21 жасында майданға аттанған.102атқыштар дивизиясы қатарында шайқасқан.Шайқас кезінде аяғынан жараланған.Сонымен қатар аяғы үсікке де шалдыққан."Ер шекіспей бекіспейді" демекші,менің атам жазылып шығысымен майданға қайта аттанады.Ал 1945жылы 2мамырда жеңіс туын тігіп,еліне,халқына мəңгілік қуаныш сыйлағандардың қатарында болды.
Ауыз толтырып айтар ерлігі бар,мен үшін үлгі тұтарлық алып тұлға саналатын,осы ашық аспан астында өмір сүруіміз үшін үлесін қосқан атамның ерлігі ескерусіз қалмасын деп осы бір үзік сырымды қағазға түсіруді жөн көрдім.
Менің атам Əбдірей Əбішұлы-мен үшін үлгі тұтарлық тұлға.Атам үлгі боларлық істерімен маған ғана ата емес,Қазалының əрбір жаны ескеріп,есімін жүрегінде сақтап,жасаған ерлік істерін мақтанышпен айта алатындай болса деймін.Атамның есіміне өз туған жеріндегі көше атауы берілсе деп ойлаймын.
Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен. ♻♻ Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.......
Орындалуы оңай және өте тиімді ем-шара, бар болғаны 5-10 минут уақыт бөлгеніңіз ғана қажет!
1. Бұл массаж қуатты арттырып, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді 2. Жұмсақ терілер мен жасаушалардың ауыруын азайтып, жарақаттары болса тез қалпына келуге себеп. Ісіктер болса қайтады. 3. Қан айналымы мен ағзамыздағы зат алмасу барысын жақсартады. 4. Жүрек қантамырларының жұмысын реттеп оны ауырудан сақтайды. 5. Алақанда және буындарында көптеген рефлекторлық нүктелер бар болғандықтан массаждың әсері мен пайдасы жас мөлшеріне қарамастан жоғары дәрежеде.......
152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.
153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Атқан кезде ал қызыл ғаламат таң Сақта мені өсектен, Балағаттан! Татулықтың бәрі де түсінуден, Тыныштықтың бәрі де қанағаттан. Мен кепілмін бұл сөзді қостарыңа, Жақсылығын тұздық қып тостарыңа. Бірде қылтың етсе де, .....
Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен, ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар. Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар аудару қажет сияқты. “Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” /28/. М. Горький ....
Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі Биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығы, тарих өз дегенін алуда. Сол жеңіске жарты ғасырдан астам уақыт өтіп ел жаңарып өзгерістер болып жатыр. Алайда бұл жеңістің құндылығы қанша уақыт өтсе де өзінің мәнін жояр емес, тарихта мәңгі қалады. Қазақстан тарихында қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қатысқаны ерлігі Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымыздың аты төл тарихымыздан орын алды. Алайда Қазақстандық азаматтардың әсіресе Европаны азат етуге қатысқан немесе қарсыласу қозғалысына қатысқаны жайлы мәліметтер тарихымызға толық енбеді деп есептесек жаңылмаймыз. Өйткені Қазақстандықтардың шетелдіктерде жүріп қарсыласу қозғалысына қатысқандығы жөніндегі мәліметтер 50-ші жылдардың соңғы ширегінде ғана баспаға шыға бастады. .....