Қазақша ашық сабақ: Математика, Бастауыш | Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер (2 сынып)
Тақырыбы: Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты:
1. Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын таба алуға дағдыландыру.
2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;
3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , қамқорлыққа тәрбиелеу;
Ашық сабақтар