Абай – дана, Абай – дара қазақта

Абай – дана, Абай – дара қазақта. (авторлық бағдарлама )

Мақсаты:
• Халқымыздың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту.
• Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
• Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
• Ұлылардың сөздерінен ғибрат алып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

Өлең: Абайкөк (бірінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын,
Сыр болмайды, жақсыда айтылмайтын.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.

Бәрі бірдей сыртынан алтынмын дер,
Отсыз, ойсыз жел сөзбен сарқылмайтын.

Абайкөк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әгегөй (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аттың бәрі тумайды-ей бурылдай боп,
Тату өсер бар ма екен құрбыдай боп, әгегөй-ау.
Мен қалқаны сағынып жүргенімде,
Даусы қайдан шығады бұлбұлдай боп, әгегөй-ау.

Су ағады сайменен,
Шам жанады майменен-ай.
Екі жақсы қосылса,
Таң атады жайменен-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Өлім шыққан жерге көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қайғының бір қиялы түсті ойға,
Жайылды шымырлатып өне бойға.
Адамзаттың басына іс түспесе,
Адамға сөз келе ме бекер жайға.
Ажал тура келіпті қоймауына,
Қара жер алып кірді қойнауына.
Ата-баба асылдың бәрін жалмап,
Қара жер қанша алса да тоймауында.
Адам ата, Хауа ана—түп анамыз.
Жалғанды бүйтіп жүріп жұбатамыз.
Содан бізге қалыпты мирас болып,
Өлгенге көңіл айтып жұбатамыз.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғарышты игерудегі Қазақстанның үлесі (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әлемтану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Ғарышты игерудегі Қазақстанның үлесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру;
4.3.4.1 шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері туралы біледі;
- елімізде орналасқан ғарыш айлағы туралы әңгімелейді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тәрбие сағат: Абай - дана, Абай - дара қазақта!

Абай - дана, Абай - дара қазақта!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 3-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар Қазақстанда өндірілетін негізгі тағам өнімдерімен танысады;
Олардың қайдан келетінін анықтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Алай көк (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жақсы сөздің басында болмасын дақ, Алай көк,
Бір жаманға басыңды алма шатып, Алай көк.
Бір жаманға басыңды алсаң шатып, Алай көк,
Өле-өлгенше кетпейді-ау жаман атақ, Алай көк.

Ай-ай сәулем, жан-ай деп,
Бір сүйгенім сіз-ай деп.
Болса болар, болмаса қояр,
Көріп алдық сізді-ай деп......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сыршы молда (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым жұма күнi,
Жазып тамам әйладым күн мен түнi.
Мұсаның заманында бiр падиша
Болыпты, әлеуметтер, тыңла мұны.
Өзi патша уа және қазынасы көп,
Бұл дүния мақсұтына көңiлi тоқ.
Сексенге келген бар-дүр оның жасы,
Арманы бiр-ақ оның — перзентi жоқ.
Падиша перзент үшiн жедi уайым,
Әзелде жазбаған-дүр бiр Құдайым.
«Бiр Алла маған перзент берер ме?» — деп,
Падиша үмiт етер жыл-жыл сайын.
Сексенге келдi патша, әлi үмiтте,
Құдайым рахман ерүр һәр үмiтке.
Мұсаның бiр күн патша жолын тосты,
«Бiр дауа бола ма, — деп, — iшкi дертке».
Айтады: — Раббым менi патша қылды,
Һәм өзi жарылқағай бiздей құлды.
Құданың дәргаһына жеткiз, тақсыр,....
Өлеңдер
Толық
0 0