Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім, Тентек ел талқысына тастап кеттім. Болсам да шұбар жылан іштен шыққан, Қарғамас деген сенім сақтап кеттім. Қарғама, жалғызыңды-ай!
Отан! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем. Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Мұқағали Мақатаев Отан... Неткен киелі де құдіретті сөз! Бұл сөздің астары аса терең. Себебі, Отан – бар ұлттың басына бұйырмаған бақыт. Жер бетінде Отансыз ғұмыр кешіп жүрген сан ұлттар бар. Кез келген халықтың елдігінің, егемендігінің, тәуелсіз ұлт екендігінің айғағы – өз Отанының болуы. Біздің Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – асқар шыңдары алыстан көз тартатын, өсімдіктері емдік қасиетімен ерекшеленетін, өзен – көлдері мөлдір, қойнауы қазынаға, табиғаты тамашаға толы құтты мекен. Ол – менің, Қазақстанды мекен ететін әрбір жанның сүйікті Отаны! Отанымыздың әрбір тауы мен тасы үшін, өзені мен көлі үшін ата – бабаларымыз ұзақ жылдар бойы сыртқы жаулармен айқасып, бірі жанын, бірі жастығын құрбан етіп, біздерге бүгінгі байтақ даланы аманаттап кетті. Біздің бүгінгі ең үлкен байлығымыз – Тәуелсіздік! Ең құнды қазынамыз – ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан дархан Даламыз! Аталған байлығымыз бен қазынамыз, яғни Тәуелсіздік пен Жер – біздің мемлекетіміздің негізгі тірегі. 1991 жылдың 16 желтоқсаны... Бұл кез келген ел азаматы үшін айтулы күн. Көптен күткен Тәуелсіздікке ие болған күн. Егер қазақ тәу етер жалғыз кие болса, ол Тәуелсіздік дер едім. Міне, еліміз сол тәуелсіздікке қол жеткізгелі жиырма бес жыл уақыт өтті. Бүгінде Қазақстан айқын мақсат – мүддесі бар, болашаққа үлкен жоспарлар артқан дербес те дамушы мемлекетке айналды. Ширек ғасыр аралығында Қазақстан көптеген мемлекеттермен достық қарым – қатынас орнатып, ішкі – сыртқы байланыстары нығайып, өзгелермен иық тірестіре алатын, әлемдік аренадан орын алған өзіндік үні бар ел болды. .....
Қара бір таудың жылғасы, Халқына бағлан құлжасы. Сүйіндіктің ағасы, Алтыннан салған сырғасы. Алаштан дұшпан сөз келсе, Алдында жүрер жорғасы. Қара бір таудың өлкесі, Аты Алтайдың серкесі. Жарлыға жалған болмаған, Хан, қараның еркесі. Базардан келген бөз еді, Жақсыдан қалған көз еді. Еділдің қызыл желіндей, Саулап тұрған сөз еді. Айдыны таудай зор еді, Дәулеті көлден мол еді. ....
Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.
Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын......
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстар және құймалар өндірісі Сабақ тақырыбы: Қазақстанның силикат өнеркәсібі 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.11 шыны, цемент өндіру үдерісі және олардың қолданылуын сипаттау; Сабақтың мақсаты: Шыны, цемент өндіру әдістерін, және олардың қолдану аясымен танысып зерттеу......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Қазақ-жоңғар шайқастары 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.1 – Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Шайқастар барысындағы хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру.