Өлең: Әупілдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше.
Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе,
Барар ем қалқа жанға әлденеше!

Жел соқты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген қасірет зарын......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ой көк (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.

Ой, көк, апырым-ай,
Жастық дәурен өте ме-ай?!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ескіден сөзді бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Төредей болған қарағым-ай!
Аузымнан қайтып тастайын.
Ертістің сойы салқын-ды.
Жан еді қалқам тартымды.
Жыламай қайтып тұрайын,
Жоғалттым жерге алтынды.
Биссимилла сөздің басы екен,
Пайғамбар құдай досы екен.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алқоңыр (Қазақ ауыз әдебиеті)

Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.

Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей, бозбала,
Сал осылай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әмірдің әні (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ауылдан шығушы едім ертеңменен,
Жүйіткиді теңізшілер желкенменен.
Кетпейді тұрсам – ойдан, жатсам – түстен,
Жастағы өткізген күн еркемменен.

Су ағар ескі арықтан ылайланып,
Оңаша сырласайық былай барып.
Болғанда сіз – қызыл гүл, мен – көбелек
Маңында ұшып жүрген шыр айналып......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қамажай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Есмағамбетті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?!
Жыламай нағып шыдайын,
Кешегі өткен асылға?!
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым,
Адастырып жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Ұядан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ-қызымен қазақ

Қазақ қызы -
Қазақтың мақтанышы
Ерлігіне ескерткіш қойылмаған
К.Ахметова

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының болашағы мен тәлім-тәрбиесіне ерекше мән бергені әлімсақтан аян. Сөз жақсысын келістірген хакім Абай:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,-деп өлеңіне өрнек еткен қазақ қызы - иба мен инабатты, сұлу сымбатты бір бойына жинаған көркем жаратылыс. Қайран, қазақтың қыздары –ай... Осылай деуімнің себебі жоқ емес. Нәубетті тарих көшінің сахнасында қыз мұңлықтың тағдыры талай таразыға түсті. Қазақ әйелі, қазақ қызы биязы мінезі, ашық көңілі, жоғары парасат-пайымымен халқымыздың даналығын танытқан ұлт айнасы десек асыра айтпағанымыз. Теңіздей терең түсінігі, ділмәр шешендігі, төл дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтаған беріктігімен Құнанбай, Абайдай алыптарды тәрбиелеген Зере, елім деп еміренген батыр Бауыржанды үш жасынан бауырына салған Қызтумас, Шоқандай шоқжұлдызды өсиет әңгіме, ойлы ертегілерімен білімге, адамгершілікке баулып, жетілдірген Айғаным,аналық мейірімі, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаздығымен ұрпағының ұранына айналған Домалақ анадай ел аналары бұл сөзіме дәлел.
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Атлах шайқасы «халықтар шайқасы» болды ма? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Атлах шайқасы «халықтар шайқасы» болды ма?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау
көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
Сабақ мақсаттары: Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пәні: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. І ж. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Неліктен Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмады? 1-сабақ
Оқу мақсаты: Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
• Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін біледі, картадан көрсетеді
Оқушылардың басым бөлігі:
• Саяси жағдайды, өзгерісті талдайды
Кейбір оқушылар:
• Шыңғыс хан әскері Отырарды 6 ай бойы ала алмағандығын дәйектермен дәлелдеу.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0